Кәсіби (профессионалдық) сөздер

Бұлар жергілікті жерде әр алуан кәсіптің, өндірістің туып дамуымен қалыптасады, соларға байланысты заттардың, өндіріс, еңбек құралдарының, еңбек өнімінің, процесінің атауларын білдіреді. Мұндай сөздер белгілі кәсіппен шұғылданған адамдардың арасында қолданылады да, көбінесе солардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, Арал,

Каспий балықшылары тіліндегі шола ( балықтың азаюы ), ұйық(балықтың бір жерге шоғырлануы ), әттік ( қармақтың тілі ),бал беркі

( қалтқы ) т. б. Сөздерді балықпен кәсіп етпейтін басқа жердің адамдары білмейді де түсінбейді. Диқаншылыққа байланысты көптеген сөздерді жұрттың бәрі білгенмен, егін – жай кәсібі жақсы дамыған оңтүстік аудандардағы бәдірен ( қияр ), әбінауат ( үлкен сары қауын ), оман арық

( үлкен арық ), қитақ ( атыздың іші ), жадау ( үлкен арық ) т.б. сөздерді әркім біле бермейді. Әрине, белгілі кәсіп, шаруашылықпен байланысты сөздердің бәрін де халыққа түсініксіз деп қарамау керек. Олардың ішінде ежелден жалпы халықтық болып, тіпті негізгі сөздік қорға еніп кеткендері де аз емес. Мысалы, шортан, қармақ, алабұға, жайын сөздері ешкімге де жат емес. Ал кәсіби сөздер жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі кәсіппен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын, соларға түсінікті сөздер мен сөз тіркестері. Қазақ тілінде кәсіби сөздердің түрі мол. Оларды кәсіптік, өндірістік сипатына, қолдану жайына қарай екі үлкен салака бөлуге болады.

Олардың бір саласы әр түрлі шағын кәсіпке, ұсақ мамандыққа (балташылық, өрімшілік, зергерлік, тоқымашылық т.б.) байланысты. Мұндай сөздер жергілікті халық тілінде қай жерде болсын кездеседі. Мәселен, Маңғыстауда зергерлікке, ою-өрнек түріне байланысты қас (зергерлік бұйымдарға салынатын жарқырауық тас), сабақ (бауы қысқа сырға), сірке (затты мәнерлеу үшін салынатын түртпе бедер), нәл (етік, кебіс сірісіне, былғары белбеуге, қамшының алақанына түсті металдан салынатын әшекей), бауырдақ (былғары бұйымға салынатын әшекей) т.б. сөздер бар. Түрікмен қазақтарында кілем тоқуға байланысты ашық (кілем жиегіндегі мәндер), арқа (кілемнің тақыр жағы), палас (түксіз кілем), топырақ (түкті кілемнің шетіндегі жалпақтығы 4-5 елідей тақыр жері), басылық (кілем тоқып жатқанда екі жағына салынатын жіп, тоқылып біткен соң алынатын тасталады) т.б. сөздер кездеседі. Бірақ бұл саладағы сөздер әлі түгел жиналып, зерттеу обьектісі болған жоқ.

Кәсіптік сөздердің екінші бір саласы – ірі кәсіпшілік, өндірістік сипаттағы сөздер. Олардың неғұрлым айқын сараланып, молырақ кездесетін түрлері егіншілік, диқаншылық (астық, баубақша, күріш,мақта, темекі т.б.), балық кәсібі, тау-кен өндірісі, мал және аңшылық шаруашылықтарына байланысты. Мысалы, балықшылардың тілінде қиратпа (жайын аулауда пайдаланатын шанышқы) , қортпа (белуга, қызыл балықтың бір түрі), шоқыр (севрюға), нарел (ұзын сырық ағаш), аламан ау (майшабақ аулайтын ау), басқал (қайыққа мінетін орын), без еге (үлкен балықтың жұлыны), торман (ұсақ сазан), қаза басу (бұрын ау құру мағынасында айтылған), көңгей (жіңішке кендір жіп), инелек (ағаштан жасалған ау жамайтын құрал), бөген (қайықтың ішіндегі керме ағашы), шіпшік (аудың арқанын жерге бекітетін қазық), шашал (мұз үстінде балық аулайтын құрал) т.б. сөздер бар.

Диалектологиялық материалдарға қарағанда , жергілікті говорларда жалпы халықтық архаизмдер мен тарихи сөздердің , тіпті неологизмдердің жергілікті диалектілік түрлері бар екені байқалады. Бұлар белгілі мөлшерде көркем әдебиеттен де орын алыды.

Әлеуметтік тұрмыспен байланысты диалектілік ерекшеліктер жергілікті диалектизмдермен бір емес. Олардың негізгі айырмашылықтары “Жергілікті диалектілер мен ұлттық тіл” деген тақырыпта айтылған болатын. Оған қоса тек мынаны ескеру керек. Әлеуметтік диалектілердің қалыптасу, пайда болу жағдайы, себептері жергілікті диалектілерден басқаша. Қай тілде болсын, жергілікті диалектілердің негізі көне замандарда салынып, қалыптасуы феодалдық заманмен ұштасып жатыр. Мұнда ең басты себеп халықтың жергілікті аудандарының экономикалық бытыраңқылығымен байланысты.

Әлеуметтік диалектілердің анықтамасы, түрлері жайында әр түрлі пікір бар. Әлеуметтік диалектілерге белгілі мамандықтағы жұмысшылардың ( тоқымашы, етікші, балташы, қалаушы т.б.), ой еңбегі адамдарының ( дәрігер, агроном, математик, филолог ) арнаулы сөздерін және буржуазия мен дворяндық аристократияның “таптық” диалектілерін ( жаргондарын ) жатқызады. Л. А. Булаховский әлеуметтік диалектілер деп “таптық” диалектілерді, жаргондар мен салондық тілдерді ғана есептейді.

Біз әлеуметтік диалектінің түрлері ретінде қазақ тіліндегі жергілікті кәсіби сөздер мен кейбір жаргондық сипати бар сөздерге ғана тоқтаймыз.

әлеуметтік диалектінің түрлері ретінде қазақ тіліндегі жергілікті кәсіби сөздер мен кейбір жаргондық сипати бар сөздерге ғана тоқтаймыз.

диалектологиялық материалдарға қарағанда , жергілікті говорларда жалпы халықтық архаизмдер мен тарихи сөздердің , тіпті неологизмдердің жергілікті диалектілік түрлері бар екені байқалады. Бұлар белгілі мөлшерде көркем әдебиеттен де орын алыды. Ондай сөздерді талдап, оқушыға мағынасын түсіндіруге оқытушының бірден-бір көмекшісі диалектологиялық сөздіктер болмақ. Диалектологиялық материалдарға қарағанда , жергілікті говорларда жалпы халықтық архаизмдер мен тарихи сөздердің , тіпті неологизмдердің жергілікті диалектілік түрлері бар екені байқалады. Бұлар белгілі мөлшерде көркем әдебиеттен де орын алыды. Ондай сөздерді талдап, оқушыға мағынасын түсіндіруге оқытушының бірден-бір көмекшісі диалектологиялық сөздіктер болмақ.