Жергілікті диалектілер мен ұлттық тіл

Диалектік ерекшеліктер түрлі тілдерде бірінде аз, бірінде көп мөлшерде сақталған. Қазіргі диалектілер алғашқы қауымдық құрылыс кезінде тайпаның сөйлеу тілі болған. Демек, диалект дегеніміз жалпы халықтық тілдің бір тарауы, одан тыс құбылыс емес.

Жергілікті диалектілердің қалыптасуы, дамуы белгілі тарихи жағдайларға, қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуына байланысты. Кейбір тарихи жағдайлар, қоғамдық-экономикалық формациялар жергілікті диалектілердің дамуына, тілдегі диалектілік ерекшеліктердің молаюына қолайлы болады. Кей тарихи жағдайлар, керісінше, диалектілердің дамуына бөгет жасады, олардың бірте-бірте жойылуына әкеп соқты. Диалектілердің дамуына неғұрлым қолайлы жағдай феодализм дәуірінде туады, себебі натуралды шаруашылықтың басым болуы, ел ішінде тығыз экономикалық байланыстың болмауы халықты саяси, экономикалық жағынан тұйықталған жеке аудандарында жергілікті диалектілер қалыптаса бастайды. Феодалдық дәуірдегі бөлінушілік неғұрлым күшті болса, соғұрлым диалектілердің дамуына қолайлы жағдай туады. Тілдегі жалпы халықтық емес жеке элементтер феодализм дәуірінде бұрынғысынан да молая түседі. Сол себепті де феодализм дәуірінде тіл де жергілікті диалектілер өте көп болады.

Жергілікті диалектілердің жойылуына өте-мөте қолайлы жағдай социализм дәуірінде туып отыр. Әдеби тілдің әсері бұл кезде мейлінше күшейді. Халық ағарту ісінің, мәдениетінің алға басуы, баспасөздің, радионың кең тарауы

т. б жергілікті диалектілерге әдеби тілдің әсерін арттыратын факторлар болып табылады.

Халық я ұлт тілдерінде кездесетін ерекшеліктер еш уақытта бірыңғай сипатта болған емес. Олар пайда болуы жағынан да, жалпы халықтық

әдеби тілге қатысы жағынан да, халық тілінде қолданылуы жағынан да әр түрлі болып келеді. Бұлар тіл білімінде жергілікті және әлеуметтік диалектілер немесе говорлар болып екіге бөлініп жүр. Жергілікті диалектілер дегеніміз – белгілі бір жердің, аймақтық халқына қызмет ететін, дыбыстық, грамматикалық және лексикалық жағынан өзіне тән ерекшелігі бар жалпы халықтық тілдің бөлігі, тармағы. Ал әлеуметтік диалект деп белгілі бір қоғамдық топтағы адамдардың я арнаулы кәсіппен шұғылданушылардың тіліндегі ерекшеліктерді айтамыз. Бұлардың қай- қайсысы болсын халықтық тілдің тармақтары болып табылады. Дегенмен, тілдік ерекшеліктерінің қалыптасуы, тіл тарихында алатын орны, ұлттық әдеби тілге қатысы тұрғысынан алғанда, олардың біраз айырмашылықтары бар.

Диалектологияның бұл екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты. Тілдегі жергілікті ерекшеліктерді алдымен әбден анықтап, танып, түсініп алмайынша, көлемін белгілемінше , тарихи диалектологияны жасау мүмкін емес. Совет тіл білімінде жергілікті тіл ерекшеліктерін жинауға , зерттеп білуге зор мән беріледі. Соның нәтижесінде қазіргі кезде біздің еліміздегі тілдердің қай-қайсысында да сипаттама диалектологияның негізі салынды. Ал тарихи диалектологияның жайы басқаша.

Біріншіден, белгілі бір тілдегі диалектілер мен говорлар сол тілге тән жалпы белгілерді сақтай отырып, бір-бірінен фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық жағынан түрліше ерекшеліктерге ие болады. Ал әлеуметтік диалектілер, негізінен алғанда, әдеби тілдегі немесе жергілікті халық тіліндегі жалпыға бірдей дыбыстық, грамматикалық құрылысты және сөздік құрамды пайдаланады. Олардың ерекшелігі тек арнаулы сөздер мен терминдерді, ерекше фразеологиялық тіркестерді және кейбір синтаксистік тәсілдерді жиі қолдануынан көрінеді.

Екіншіден, жергілікті диалектілер мен говорлардың территориясын, таралған көлемі мен шегін белгілеуге әбден болады. Ал әлеуметтік диалектілердің қамтитын ондай нақты тұрақты территориясы жоқ. Себебі бір жердің өзінде әр түрлі кәсіп адамдары, әлеуметтік топтар болады.

Үшіншіден, тіл тарихын жасауда жергілікті диалектілер мен говорлардың алатын орны зор. Шын мәнінде, жергілікті диалектілер мен говорларды зерттемейінше, халықтық, ұлттық тілдер мен әдеби тілдің қалыптасу тарихын толық білу мүмкін емес. Ұлттық тіл де, кейде әдеби тіл де жергілікті диалектінің, говорлардың негізінде дамиды. Мысалы, орыстың ұлттық әдеби тілі Москва говорының, ағылшынның ұлттық әдеби тілі Лондон диалектісінің, Италияның ұлттық әдеби тілі Тоскан говорларының, түріктің ұлттық әдеби тілі Стамбул мен Анкара говорларының негізінде жасалғаны белгілі.

Диалектілік ерекшеліктердің бәрі бірдей бір дәрежеде қолданылмайды. Біреулері жиі қолданылса, енді біреулері өте сирек қолданылады. Бірқатар ерекшеліктерді тұрғын халық жаппай қолданса, енді бірқатары көп тара- май, тек қарт, егдеадамдардың тілінде ескінің сарқыншағы ретінде ғана сақталып қалған. Мұндай құбылыстар жастардың тілінде кездеспеуі мүмкін. Қазақ тілінде жалпы халықтық сипат алмаған, әдеби тіл нормасынан аулақ жатқан немесе белгілі бір аймақ көлемінде ғана қолданылып, әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмай жүрген жергілікті ерекшеліктер кездеседі. Оларды лексикалық, фонетикалық және грамматикалық ерекшеліктер деп., үлкен үш топқа бөліп қарауға болады. Осы үш топтың сандық арақатынасы тұрғысынан алып қарағанда, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерден гөрі лексикалық ерекшеліктердің әлдеқайда басым екені байқалады.