Парсы әдебиетінің көрнекті өкілі Әбілқасым Лахути

Лекцияның мәтіні:

Әбілқасым /Ғасем/ Лахути /1887-1957/- Иран әдебиетінің XX ғасырының басындағы ірі ақыны. Ол Ираңдағы кедей Керманшахтың кебіс тігушінің отбасында дүниеге келген. Балалық шағынан бастап жоқшылықты, зорлық-зомбылық, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп есейген ол қарапайым халық тұрмысын реалиетікпен жырлай білетін жыршыға айналды. Ол 1905-1911 жылдардағы Ирандағы революциялық қозғалыстарға қатысты. Ол 1922 жылға дейін туған елі Иранда тұрды. Лахути шығармашылығы — ежелгі парсы поэзиясының шығармашылығындағы жырларды тақырыптық жағынан бірнеше топтарға бөлеміз. Олардың ең бастысы -туған елі, Иранның қайғы-қасірет шеккен тағдыры туралы толғаныстар. Мысады, «Қирады ғой жұрты — Иран» /1909/, «Қалталының шаңырағы» /1909/, «Керемет қой адам бұл» /1910/, «Шығыс» /1914/, «Отанға қайтып оралу» /1914/, «Біреу Рим, Эллада құдайларын» /1916/, «Иран халқына» /1950/, «Иранның әнші қызына»/1950/т.б.

Туған елі, тағдырлас Шығас халықтарының жат жұрттықтарға тәуеллді болған мүшкіл халіне күйінген ақын жырлары перзенттік махаббаттан ең кіршіксіз тазалық, мөлдірлік қалпымен жыр болып төгілді. «Қирады ғой жұртым — Иран» атты жырын парсы поэзиясындағы газел жанрының ежелгі пішінінде жазады да, сол газел-жырдың мазмұнында Туған халқының мұңлы-шерлі тағдырын лирикалык сезім тереңдіктерімен жырлайды:

Қирады ғой жұртым — Иран,

бақшадайын жайнап қашан тұрады?

Мұсылман ба, кәпір ме әлде,

халқының бұл қайғысына кінәлі?

— Білмеймін.

Бәрі-дағы өз Отанын

сүйем деуді қайталайды әрқалай,

Сүйем ме, жоқ сүю жайлы

ғаламға тек жар салу ма бұл әлі?

-Білмеймін

Отанымды кім құтқармақ?

Ақсүйектер жиыны ма қалаулы?

Әлде жауды аяу білмес,

тіліп түсер қанжарым ба қайраулы?

— Білмеймін.

Ә.Лахути жырларының алтын арқауы — адам. Адамның еңбек ету арқылы жер-жаһанды жайнатқаны, талай-талай ғажайыптарды жасағаны, ақын тілімен өрнектеледі. «Керемет қой адам бұл» жырында ақын туған ел тақырыбындағы ойларының гуманизмдік биіктігін онан сайын айқындайды.

Ә.Лахути шығармашылығындағы басым жырланған тақырыптардың бірі — махаббат мәселесі. Әлемдік әдебиеттің арқауы болып келген махаббат тақырыбы Ә.Лахути жырларында Шығыс поэзиясының дәстүрлі нақыштарымен түрлене көз тартады. Мысалы, «Шырағдан мен көбелек» /1914/, «Пәренжімен көздің нұрын» / 1917/, «Иран қызына» /1918/, «Жан жүректі» /1918/, «Сүйгеніне берік сенген» /1918/, «Тордан қарап тұрған бұлбұл» /1919/, «Жайдарылау қарасаңшы» 1919/, «Таң қаламын» /1920/, «Сүйіктімді ертерек» /1921/, «жарқ етіп бір қарағаның» /1921/ деген жырлардағы лирикалық кейіпкер — Ақынның ғашықтық, ынтызарлық сезімдері шынайы, нәзік көңіл-күй үрісіде шарқ ұрады. Ақынның ғашықтық-сүйіспеншілік сезімдеріне арқау болғандар — иран, түрік, араб қыздары. Бұлар — ақын жырларының мазмұнында сыртқы кескін-келбеттерімен де, ішкі жан-дүниелік мінез-құлық қалыптарымен де бейнеленеді. Шығыс сұлулары — әлем әдебиетіндегі сұлулық тақырыбындағы дара тұрған кейіпкерлер. Ә.Лахути жырларындағы Шығыс қыздары — еркек жынысының мәңгілік ардақталатын асылдары. Мысалы, «Иран қызына» жырындағы аруды ақын «Иранның алтын айы», «Жақұты Шығыстың», «Сымдай түзу сымбатың», «Хош иісті қолаң шашың», «Оқтай өткір отжанарың және т.б. дәстүрлі баламалы бейнелеу сөздермен мадақтай отырып Шығыс аруының халық болашағына тірек боларлық азаматты парасат биіктігіңді уағыздайды:

Ұл мен қызың алсын сенен ұлағатты тәрбие,

Лайық Ана болу үшін өзің де бол Арға ие!

Ұл мен қызың ұлы еңбектің сырына әбден қанықсың,

Ел алдында еңбек ету — парызы ғой, соны ұқсын!

Біле-білсін — тоңмойындық —. жанын қолдау екенің,

Біле-білсін — адал еңбек — арын қолдау екенін.

Біреулерге үстемдік қып, біреуге көз алартып,

Еңбек етпей нан жегенше, өлгенінің өзі артық!

Сүйсін балаң бостандықты, ғылым, шындықты, еңбекті,

Елге деген жан алауы жарқыратсын жер-көкті!

Сонда ғана ұлы анасың, қонды дей бер қолға құт,

Айың туып, әкелгенің Отаныңа мол бақыт!

Ә.Лахути поэзиясыңда көңіл-күй лирикасы да бар. Бұндай өлеңдерінде ақынның заман, тұрмыс, адамдармен қарым-қатынас мәселелерінің ортасында жүріп, алуан сырлы көңіл-күй әуендерінің теңсізінде жүзетіндігі байқалады. Мысалы, «тағдыр маған қаталдығын» /1921/, «Құдіретті екі қол бар біздерде» /1921/деген өлеңдерінде өмірді сүйген өршіл гуманизм рухындағы күрескер жігерлі ақын көңіліңнің табиғатына қанығамыз. Мысалы, «Тағдыр маған қаталдығын» деген жырындағы философиялық мағынада алынған бейнелі сөздердің астарында тағдырдың асу-белестерінде өмірді сүйген ер бейнесін еңкейтпей өтерлік Ақын қайсарлығына сенеміз.

Дауыл — менің желпеуішім, соққан кезде аңызақ,

Түні бойы жүріп келем… әлі алдымда жол ұзақ.

Түні бойы жүріп келем, бағдар табам жасыннан,

Ал, қоп-қою қараңғылық шөлді қымтап жасырған…

Отаршылық езгінің қараңғылығы тұмшалған елінің жағдайы түндей болса, сол елінің бақытты күндерге жетуге ербір елдің абыз ақындары аңсап өткен емес пе? Халқы үшін Жерұйық — болашақ іздеген ақындар дәстүрімен сол жолда Ә.Лахути да қиындықтан тайсалмаған. Сондықтан да ол «Құдіретті екі қол бар біздерде» деген өлеңінде адамдардың бақытты болашағы үшін күресте жүрген сапарында өзінің Азаматтық тұлғасын айқындай жырлайды:

Суық қанжар тірелсе де алқымға,

Бола алмаспыз салқын жүрек — сыз кеуде!

Көмек күту жараспайды мәрт ұлға,

Құдіретті екі қол бар біздерде!

Әбілқасым Лахутидың шығармашылық өмірбаянындағы 1922-1956 жылдарындағы кезең Тәжікстанда өтті. Кеңестер Одағындағы саяси-әлеуметтік оқиғалардың, коммунистік идеологияның қалың ортасында жүріп Ә.Лахути халықтық мазмұндағы шығармашылығы тоқтаткан жоқ. Халықтар достығы, жер бетіндегі баянды бейбітшілік, адам еңбегінің ұлылығы және т.б. тақырыптар ауқымында лирикалық өлеңдер, эпикалық дастаңдар да жазды.

Әбілқасым Лахути шығармашылғы — иран-тәжік әдебиеттерінде ортақ тұлға ретінде қарастырылатын мұра. Қазақ поэзиясындағы ауызша дәстүрлі ақындардың алыбы ұлы Жамбыл да Шығыс әдебиетіндегі осы тұлға туралы арнау жыр шығарған еді. Ә.Лахути ұлы Жамбылға үкімет наградасы берілген кезде «Жамбылға» деген құттықтау жырын жазғанда туысқан иран-тәжік халықтары перзентінің жүрек-лебізіне ұлы Жамбыл қуана, тебірене жыр арнайды:

Сорғалат, көтер даусың, әидет әсем,

Ұрпағы Фердаусидің ақын Ғасем.

шындардың астын қуған бұлақтай боп,

Сылдырлар бізбен бірге миллион шешен…

Газелі парсы елінің, қазақ жыры,

Қосылып толтырады бірін-бірі.

Мадақтап ел ағасын, жұрт данасынш.

Шырқаған азат елдің шығады үні.

Ә. Лахути — Иран және тәжік халықтары әдебиеттерінде ортақ тұлға. Әрине, ақынның 1922-1956 жылдар арасындағы шығармашылығы да тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері тұрғысынан талдауға тиісті.