«Түрік революциялық поэзиның негізін салушы»

Назым Хикмет-түрік әдебиетінің көрнекті тұлғасы, түрік революциялық поэзиясының негізін қалаушы. 1918 жылы КССРО-ға келеді, Бакуде болды. Мәскеудегі Шығыс халықтарының коммунистік университетінде оқиды.

1938 жылы соғыс қызметкерлерін көтеріліске шақырғандығы үшін әскери-соғыс трибуналы Назым Хикметті 15 жыл, одан кейін тағы да 13 жыл түрмеге отыруға үкім етеді. Бірақ Ғ.Мүсірепов айтқандай: «Бірақ халыққа арналған өмір-жыры өшкен жоқ, өрши берді, еңбек жұртының жүрегіне, ойына тарады, студенттердің қойнына, солдаттардың қонышына түсті. Хикметтің тиым салынған шығармалары офицерлердің чемодандарынан да табылды».

36 жастағы ақын Бурса қаласындағы түрмеге түскеннен кейін тағы да 27 жылдық түрме жазасы қосылады. Сонымен отыз алтыдағы Хикмет ақын табандатқан елу бес жыл түрмеде отырып, тоқсан бір жасында түрмеден құтылмақ еді.

Назым Хикмет 1950 жылы шілде айында түрмеден босатылады.

Назым Хикметке Бейбітшілікті жақтаушылардың дүниежүзілік екінші конгресінде агрессияға қарсы жазылған әдеби-шығармашылық еңбектері үшін Халықаралық Бейбітшілік сыйлығы берілді. Ол дүниежүзілік бейбітшілік қорғау Кеңесінің бюро /1950/ және Президиум мүшесі /1950/.

Жаңару, өркендеу жолындағы тәуелсіз мемлекет Туркияның ұлттық әдебиетінің дамуында, әрине, Назым Хикмет шығармашылығы-өзіндік өрнекті мұра. Олай дейтін себебіміз, оның шығармашылық өмірбаянын күресшіл, революцияшыл мазмұнға құрылады. Көркем шығармашылық әлемдегі көркемдік. Әдістер, романтизм мен релазим әдістерін егіз қолдана жазған, халқын сүйген талай-талай ақындар шығармашылығынан біз осыны танимыз. Үндістанның ұлы ақыны Рабиндранат Тагордың, 1922 жылға дейін Иранда өмір сүрген иран-тәжік әдебиеттерінің ақыны Әбілқасым Лахутидың, қазақ ақындары С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтың, Қ.Аманжоловтың және қазіргі әңгіме арқауындағы ақын Назым Хикмет шығармашылығынан біз осындай ерекшеліктерді танимыз.