Джордж Ноэль Гордон Байрон өмірі, шығармашылығы. (1788-1824)

Батыс Еуропа романтизмінің ең бейнелі тұлғасы ағылшын ақыны Джордж Ноэль Гордон Байрон өзі өмір сүрген ғасырына шығармашылығымен ғана емес, өз өмірімен де айрықша белгілі болды.

Байрон Грек артиллериясы мен флотын, әскери отрядын күшейту мақсатында өзінің қаражатын да аямады, өзі де тікелей күреске қатысты. Осы тақырыпкд жазған шығармаларының бірі – “Құрметті легион жұлдызы” деген өлеңі.

Байрон үшін әдебиет, поэзия оның өміріндегі екінші, үшінші дәрежедегі қосалқы дүние, ал ол үшін ең бастысы -қоғамдық – саяси күрес болды.

Өз әулетінде Байрон алтыншы атадан тарады, Дкон Байронның әкесі капитан, азғындықка беріліп кеткен, ысырапшыл адам екен, Байрон одан үш жасында айрылды. Шешесі Катерина Гордон – шотландиялық текті дворяндардан шыкқан. Байрон 1788 жылы 22-қаңтарда белгілі ағылшын дворяндар отбасында өмірге келді. Лондонда туған, балатық шағы Шотландиядағы Абердин қаласында өтті. Аристокаттар тұқымы алты жасар Байрон 1794 жылы алдындағы Байронның Корсикада өлуімен байланысты Лорд лауазымының мирасқоры болды. Кішкентай, Байрон он жасында Парламент мүшесі болды.

Байронның шығармашылық кезендері:

1805-1812 ж. -бірінші кезеңі. Алғашқы, тырнақ алды өлеңдерін 1802 ж. бүркеншік атпен жариялаған. “Өткінші нобайлар”, “Әр түрлі оқиғалар өлендері” Стихотворения на разные случай”, 1807), “Бос уақытта” “Часы досуга”,1807), “Еркін болғым келеді” “Хочу я быть ребенком вольным”). Бұл ақынның қалыптасу кезеңі.

Оралса екен жас күнім алыс қалған

Кезсем, шіркін, тау ішін таныс маған,

Тербетілсем теңіздің толқынында

Болмай қойса орманым табыспаған.

І.Мәмбетов

Асыл достар жүр ғой менен,

Жанымда жоқ қымбаттым деген

Жабығады жүрегім жалғыздықта,

Үміт қашан өшеді бұл кеудеден!

Кім досым болса – алыста,

Жоқ мұнда сүйсем кімдерді.

Жүрекпен жалғыз алысып,

Өткіздім небір күндерді,