Испан әдебиет

Испания мәдениеті үшін мың алты жүз бесінші жылдың орны бөлек. Саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да бұл жаңа жылдың бұрынғы өткен жылдардан бәлендей айырмашылығы жоқ еді және испан халқын жарылқап тастайтындай жақсылық әкеле қояр сыңайы да байқалмаған. Рас, V Карл құрған, жаңа ғасырда немересі III Филипптің қол астына өткен Испан империясы әлемдік держава деген атағын сол бұрынғысынша сақтап тұрған. Европадағы, Америка мен Азиядағы, сондай-ақ Африкадағы онсыз да мен байтақ иеліктерінен айырылып қалмауды, мүмкін болғанынша одан әрі кеңейте түсуді көздеген Испания теңізде де, құрлықта да бірде жеңіп, бірде жеңіліп дегендей дамылсыз соғыс жүргізіп жатқан.

Алайда 1605 жылғы қаңтар айының бас кезінде орын алған, былай қарағанда болмашы да қарапайым бір оқиғаны маңыздылығы жағынан; үлгі аталған жайлардың бірде-бірімен салыстыруға болмайтын. Қаңтардың сол бір күні Мадридтегі кітап дүкендеріне әдеби дабырасынан гөрі Алжирде тұтқында болып, азап шегуімен даңқы көбірек шыққан, жасы егде тартып қалған, оның үстіне өзі мүгедек бір жазушының романы сатуға түскенді. Жазушының есімі — Мигель де Сервантес Саведра, шығармасының аты -«Айлакер идальго Ламанчалык Дон Кихот» болатын. В.Г. Белинскийдің бейнелілігімен айтқанда, «адамзат өнеріндегі жаңа дәуір» де, міне, дәл осы кітаптан басталған еді. Кітаптың жарық көргеніне төрт ғасыр толды. Сервантес катысқан жене куә болған сол заманның қанды шайқастары баяғыда ұмытылды, корольдер, қолбасшылар мен саясаткерлер келмеске кетті, бірақ қаламгердің аталмыш шығармасы оқырманды әділдік пен адалдыққа тәрбиелеп, толыққанды тіршілігін әлі жалғастырып келеді.

Император болудан үміткер кезбе рыцарь Дон Кихот пен онын бір аралдың бастығы болуды аңсайтың аңғал атқосшысы Санчо Пансаның бастан кешкен шытырман оқиғаларын суреттейтін Сервантестің бұл туындысы адамзат баласымен мәңгі біріге жасай беретін шығарма екенін әлем зиялылары бір – ауыздан мойындап отыр. Соның алдында бірер жыл бұрын ғана Норвегиядағы Нобель институтының ұйымдастыруымен 54 елдегі 100 айтулы қаламгерден құралған (ішінде Нобель сыйлығының бірнеше лауреаты бар) қазылар алқасы «Дон Кихот» романын әлем әдебиетінің ең үздік туындысы деп таныған болатын. Одан кейінгі орынды Марсель Прустың «Жоғалған уақытты іздеу әурешілігі» романы алды. Бұл екеуінен кейінгі орындар Гомердің, Толстойдың, Достоевскийдің, Кафканың, Фолкнердің, т.б шығармаларына тиді.

Сервантес өмір сүрген заман аласапыран оқиғалар заманы болды. Ұлы суреткер алпыс сегіз жыл ғұмыр кешті. Ол V Карл патшалығының соңғы жылдарын көрді, II Филипп пен оның баласы III Филипптің патшалық құрған алғашқы он сегіз жылдағы оқиғалардың куәгері болды және өзі де біраз жайды бастан кешті. Өз тарихындағы бұл кезеңде Испания әлемдік үстемдіктен бірте-бірте қол үзе бастаған. Әлемнің бестен бір бөлігін құрайтын жері, алпыс миллиондай халқы бар империяны әкесінен мұраға алған III Филипп оны өлі де өз ықтиярынша билеп-төстеп отырған. Бірақ осынау орасан үлкен монархияның іргесі шым-шымдап сегіліп, қатты бір дауылдан калмайтындай халде тұрған. Көлемі одан әлдеқайда шағын мемлекеттер, Англия, Франция, Голландия, — Испанияның шабуылдарына тойтарыс беріп қана қоймай, өздері де оған қарсы соғыс ашып жатқан. Екінші жағынан, XVI ғасыр — ұзақ уақыттар бойы «реконкистамен» (туған жерін басқыншы маврлардан тазартумен) айналысқан халықтың қолы босауымен ерекшеленетін. Соның нәтижесінде елдің арқасы кеңіп, аз уақытқа болса да қағанағы қарқ, сағанағы сарқ күй кешкен.

Испан әдебиеті “Дон Кихот”.

Сервантес “Дон Кихот” романының бірінші томын 1605 жылы ал екінші томын 1615 жылы жазып шықты. Ол Дон Кихотында есуастың бетке ұстап өмір шындығымен санаса алмайтын адамның, суреттелген бейнесін шебер көрсетеді. Қайғылы бейненің серісі ең жақсы ниетпен рухтанған адам. Ол жәбір, жапа шекккендерді қорғағысы келеді. Дүние жүзіндегі зорлық-зомбылықты, есушілікті жойғысы келеді. Бүкіл дүние жүзіне әділдікпен бостандық орнауын арманетеді.

Дон Кихот осы ұлы идеяны жүзеге асыру жолында асқан жан қиялдық қаһармандық ерлік көрсетеді. Ұлы ісі үшін өзін құрбан етуге әзір екендігін жағына оны еріксіз құрметтейді. Романда Дон Кихотпен біз былай танысамыз: “Ломанча аймағының кішкене бір жұпыны деревнясының Дон Кихот дейтін идальго тұрды. Басқа дворяндар сықылды, о да өзінің ата тегінің ақсүйек екендігіне масаттанып, ерте заманғы бір қалқанымен ата мұрасы болып келген найзасын ардақтап, көзінің қарашығындай сақтайтын. Оның қорасында бір арық мәстегі мен аңға қосатын тазысы болатын. Бар табысының төрттен үші, сиыр етімен шөп шалаңнан істелген, күндегі ішетін быламығымен винегретіне кететін, жұма күндері ол аузына қызыл алмай, суға пісірген бұршаққа қанағат етіп отыратын, бірақ оның есесіне, жексенбі сайын кептердің қуырған етін жеп жеңіл басатын. Дон Кехана мейрам күндерінде үстіне жұқа маңытыдан тігілген бешпет, бархыт шалбар аяғына сақтан башмақкиюші еді, ал жай күндері қарадүрсін шұғыдан тігілген киім киіп жүретін. Оның үйінде жасы қырықтан асқан экономика (үйдегі ас суды жамғараты әйел), 18-19-дағы жиен қарындасы және қаусаған кәрі шал қызметкері болатын. Ал Идальгоның өзі елуге жақындап қалған қураған қу сүйектерімен тырысқан терісі басқа дымы жоқ, ап-арық болғанымен ол өте берік адам еді.

Дон Кихана өзінің бос уақытын- ал оның бүкіл тәулік бойына қолы бос болатын серілер туралы ескі романдарға үңіліп оқумен өткізетін. Бұл іске ол аса құмартып, шын ықыласымен берілді, осыған бола аң аулауды да, шаруашылығын да қойды. Бұл іске өте құмартып кеткендіктен ол, тіпті, осы серілер туралы кітаптанрды сатып алу үшін өзінің егістік жерін едәуір бөлігін ойланбастан сатып та жіберді.”

Романдағы ғашықтық жөніндегі лепірме хаттар, бірін-бірі жекпе-жекке шақыру өте ұнаушы еді және жиі кездесе беретін кейбір қисынсыз жерлеріне түсіне алмайтын. Мысалы “Бельянис деген атақты сері басқаларды жарақаттап өзі де бірнеше рет жарақаттаныпты” деген сөзге нану оған қиынырақ болды, ол серіні емдеген дәрігерлер қанша білгір болғанымен, оның беті мен денесінде жарақаттардың орны қалуы тиіс сықылды болып көрінді. Ал романда Бельянис майданға тыртығы жоқ болып шығады.

Бірақ романдардағы ерлердің істеріне әуестенуіне Дон Кехана үшін мұның бір де бірі бөгет болған жоқ. Ол кітап оқудың қызығына түсіп, күні-түні демей оқитын болды. Ол жұмысының бәрін қойып, ұйқысынан айрылды, тамақ ішуді де ұмытып кете беретін. Оның басы серілер туралы кітаптардан оқыған cорақы тарихтарға тың толы еді.Сондықтан ол қанды соғыстарда,серілердің жекпе-жек ғашықтық кездесулерді қыз алып қашуды түгіл өңінде де айтып сандырақтайтын болды.Ол, Сид Рун Диас ер жүрек сері болыпты дегенге қосылатын,бірақ екі үлкен дәудібір сермегенде қақ бөліп шарып түскен жалынды қылыш серікіне қайдан жетсін деуші еді. Ал солай деп тұрса да,жауырыны жерге тимеген Ролланды Ронсеваль қуысында жеңіп шыққан Бернардо де Карпионы ода жоғарырақ бағалайтын. Ақырында, байғұс адамға есалаң болып кетті. Нақ осы кезде ешбіресуастың қиялына кіріп шықпаған бір ғажап ой сап ете қалды. Өзін жихангер серілердің қатарына қосылуға міндеттімін деген пікірге келді. Дон Кехана ,өз басының даңқы үшін,туған өлінің қамы үшін жауыздарды жазалауды әділеттікті қайтадан қалпына келтіруді қасиетті борышым деп білді.Осы ойын жедел орындауға асықты. Үйдің шатырында тот басып жатқан ата –бабаларының қалған сауыт саймандарын тазартты, осылардың бәрін жиып-теріп келгенде, дулығанық төбесінде шошарынан басқа ешнәрсесі қалмағанын көріп қатты ренжіді. Бұл істі жөндеу үшін оның бар өнерін салуына тура келді. Ақырындадулыға тәрізді бір нәрсені істеп шығарды. Содан кейін ол мұның ұрыста қаншалықты төзімді боларын байқағысы келіп кетті. Қанжарын суырып алып дулығаны екі рет тартып-тартып жіберді. Бір ұрғанда ақ дулыға быт-шыт болды. Ол қатты ренжіді. Дегенмен, ол бұл істі қайтадан қолына алды, бірақ енді мықты болсын деп қатырма қағаздың астына қаңылтыр салды. Енді оны сымнан өткізуге қажет деп таппады.

Қорадағы атын басынан аяғына дейін қарап өтті. Оның бұл аты ауруға шалдыққан бір кәрі мәстек еді. Бірақ солай бола тұрса да, менің бұл атыма ұлы Александрдың Буцефалы да, Сидтің Бальегі де тар келе алмайды деді. Ол өзінің кәрі мәстегіне енді есім іздеп қатты қиналды. Ақырында ол Рошнат деген есімге тоқтады. Бұл есім оған әсерлі болып көрінді.

Ол енді өзіне де лайықты есім қоймақшы болды.Мұны ойлап бір жетідей жүрді. Ақырында ол өзінің Дон Кеханд деген елеусіз есімін Дон Кихот деген есіммен өзгерте салды және Ламаншарық Дон Кихот деп атанбақ болды.

Сонымен, қару-жарақ тарқатуы дулыға жөнделді, мәстегіне жаңа ат қойылды, өзі де есімін өзгертті, енді оған ғашық жар іздеп табу ісі ғана қалды, Дон Кихот өзіне былай деді: “Егер мен тағдыр жазып бір алыппен кездесе қалсам (ау жихангер серілерге бұл жиі кездесе беретін нәрсе), оны айқасқан бойда алып ұрып, еріксіз кешірім сұрата қалса, онда мен серілік заңдары бойынша оны өзімнің бикешіме жіберуім керек. Ол сері менің тал шыбықтай бұралған сүйкімді әміршіме кіріп барып, тізе бүгіп отыра кетеді де, басын иіп былай дейді: “Мен Малиндрани аралының патшасы Каракуляндро дейтін алыппын. Мені жекпе-жек ұрыста айбынды сері, Ла-маншалық Дон Кихот жеңіп шықты. Ол маған сіздің ұлы мәртебеңіздің алдына барып бас июге бұйрды, міне, сондықтан алдыңызға келіп тұрмын, енді сіздің ұлы мәртебеңіз маған не істесе де ерікті… ”

“Оһо!-деп дауыстап жіберді Идальго,-мен өзіме қалайда болса ғашық жар тауып алуым керек: серінің ерлігіне тек сүйген жары ғана лайықты баға береді. Бірақ оны қайдан табу керек?” осыны айтып, Дон Кихот ойға шомды. Кенеттен оның көңілін бір қуанышты пікір сергітіп жіберді. Көршілес деревнядағы Альфонсо Лоренсо дейтін бір жап-жақсы шаруа қыз есіне түсті. Сол қыздың дәл өзін, біздің сері жүрегінберіп ғашық жары етіп жарияламақ болды. Оны Дульсинея гобоссная деп атады, осы әзірліктің бәрі біткеннен кейін Дон Кихот көп кідірмей, өз үйін тастап, серілік оқиғалар іздеп кетуге бел байлады. Міне, сонымен, ол жаз айының тамаша күнінде төсегінен таң атпай көтерілді де, үстіне сауыт сайманын, басына сиықсыз дулығасын киіп, Росинатқа қарғып мініп алды да, қалқанын қарына іліп алып найзасын қолына ұстады. Жасырынып мал қораның сыртқы қақпасы арқылы шықты да, ен даланы бет алып жүріп кетті.