БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ (E-LEARNING) ЖҮЙЕСІ

2010 жылы ҚР БжҒМ дайындауымен «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы» қабылданып, Ел Басы Н.Ә.Назарбаевтың №1118 жарлығыменбекітілді. Осы президенттік бағдарламаға байланысты қазақстандық білім беру жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілуде. Мәселен, оқытудың жаңа формасы – электронды оқыту (E-learning) жүйесі орта білім беру жүйесіне енуде немесе 2015 жылдан бастап барлық білім беру жүйесі үш тілде оқыту, яғни қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде оқыту көзделіп отыр. Сол сияқты педагогтардың біліктілікті арттыру курстары «Ваучерлік» жүйеге өтуі қарастырылған. Бұл Мемлекеттік Бағдарлама екі кезеңнен тұрады:

2011-2015 жылдар I-кезеңді қамтиды,

2016-2020 жылдар II-кезеңді қамтиды,

Бұл Мемлекеттік Бағдарлама мақсаты: экономикалық орнықты даму үшін сапалы білім беру қажеттілігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

Осы Мемлекеттік Бағдарламаның бір бағыты: E-learning — электронды оқыту жүйесі.

Мақсаты: Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету (қала мен ауыл оқушыларының білім алуы теңеледі).

Міндеті: Оқу үдерісін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау.

Бұл Мемлекеттік Бағдарламада ақпараттық –коммуникациялық технологиядан төмендегідей индикаторлар қарастырылған:

ЮНЕСКО білімдегі ақпараттық қоғамның қағидалары арқылы «Баршаға білім беру» және «Өмір бойы білім алу» — «Life Long Learning» (LLL), сонымен маңызды рөл (E-learning) электрондық білім беруге беріледі.

«Электрондық білім беру» термині ғылыми жарияланымдарда оқу қызметі сияқты түсіндіріледі, бірақ ғалымдар оның мағынасын әр түрлі түсіндіреді: бір ғалымдар қашықтан оқытудың синонимі ретінде, басқалары – дербес түрде білім алу, ал үшіншісі – инновациялық білім беру түрінде қарастырады. Бұл барлық түсіндірмелердің негізгі мағынасы компьютерлерді, жергілікті немесе ауқымды Интернет желісінде пәнге бағдарланған сандық оқу контенттерін кейстік, желілік, Интернет технологияларды, синхрондық жеткізу әдістерін қолданғанда ғана электрондық білім беру жүзеге асырылатындығын білдіреді.

Қазақстанда электрондық білім беруді «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының» басты бағыттарының бірі ретінде анықтау жоспарланған және білім беру жүйесінде оқытудың жаңа парадигмасына көшу механизмі ретінде қарастырады.

Электронды оқытудың негізі – ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) негізінде білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Бәсекелестікке қабілетті дамыған шет елдердің білім беру жүйесіне қарағанда, мысалы, Ұлыбританияның Үкімет аясында «Ұлттық жүйеде білім беру» бағдарламасында 1998 жылы барлық мектептер кең жолақты Интернетке қосылу модемін қолдануға өтті, осы кезде оқушылардың компьютерге байланысының көрсеткіші 5:1 қатынасын көрсеткен. Үкімет мұғалімдерді қайта даярлау және олардың біліктілігін жетілдіруге, оқу бөлмелерінде үйренудің тікелей жолына, on-line режимінде оқып-үйренуге қаражат бөлген. «Оn-line режимінде оқыту бағдарламасы Үкімет оқытушылар мен оқушылар үшін мектепте қажетті сандық білім беру мазмұнына үлкен талаптар мен міндеттер қойған. АКТ құралдарын қолдану қызметтері мен компьютерлер арқылы СD, DVD сандық теледидар және порталдарды пайдалануға болады. Барлық материалдар стандарт сапасына нақтылы сәйкес келген. Нәтижесінде 11 мың сандық мультимедиалық ресурстар қоры құрылды, онда 300 білім беру базасы жасалынған. Ал, білім беруді ақпараттандыру ТМД елдерінде мемлекеттік саясат, мемлекеттік бағдарламаны қабылдаумен анықталады:

Ресейде – «Біртұтас ақпараттық білім беру ортасын дамыту (2001-2005 жылдар) », «Білім беру жүйесін ақпараттандыру (2006-2008 жылдар) » Федеральды мақсатты бағдарламалар;

Беларуссияда – «Білім беру жүйесін ақпараттандыру (1998-2006 жылдар)», Республикалық бағдарламасы, «Білім беру жүйесін ақпараттандыру кешені 2007-2010 жылдар», «Электрондық оқулық» 2007-2010 жылдарда арнайы салалық бағдарлама;

Украинада – «Ұлттық ақпараттандыру бағдарламасы» туралы заң (1998 жыл) , «Қашықтан оқыту жүйесін дамыту» бағдарламасы(2004-2006 жылдар), «Білім беру мен ғылымдағы АКТ» бағдарламалары;

Әзірбайжанда — «Әзірбайжан Республикасының дамуында АКТ-ның Ұлттық стратегиясы (2003-2013 жылдар)», «Әзірбайжан Республикасының 2008-2012 жылдар білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы».

Осындай көптеген алыс және жақын шет елдерде электронды оқыту жүйесін дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы болып білім беру жүйесіне еніп, жас ұрпаққа беретін білім сапасына оң ықпалын тигізгендіктен, бұле-learning жүйесі қазақстандық білім жүйесіне де еніп жатыр. Осыған байланысты педагог кадрларға қойылатын талаптар да туындалып отыр. Педагогқа қойылатын жаңа талаптарды мына түрде көрсетуге болады:

  • Оқу үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны қолданып білу;
  • Интернет технологияны қолдану;
  • Пән бойынша өзінің жеке электрондық оқулығының болуы;
  • Үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгеру;
  • Портфолиомен жұмыс жасау.

Жоғарыдағы айтылғандарға байланысты жоғарғы оқу орындарының (ЖОО) педагогтары жоғарыдағы талаптарға сай педагог кадрларын дайындап шығуы керек. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының көптеген алыс аудандағы мектептері Интернет желісіне қосылған және бұл процесс әрі қарай дамуда. Олай болса, бүгінгі таңдаЖОО-ның оқытушы-педагогтарының ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықтары шұғыл түрде қалыптасулары қажет. ЖОО бүгінгі таңнан бастап E-learning жүйесін қолдануы қажет, себебі, педагогтар өз сайттарын жасап, бүкіл дәрістерін, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, мектеп-лицейдегі оқушылармен шығармашылық жұмыстарын, студенттеріміздің ғылыми жұмыстарын, ғылыми мақалаларын, қоғамдық жұмыстарын сол сайтқа салып, ауыл мен қаладағы білім алушыларға білім ресурстарының тең қолжетімділігі орнатылуы керек. Осы себепті бүгінгі таңда E-learning жүйесін Қазақстандық білім жүйесінде пайдаланудың маңызы зор.