Тіл мәдениеті және тыңдарман талғамы

Басқа барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда әуе толқынын берілетін хабардың адамзаттың сана сезіміне әсер ету деңгейі әлдеқайда күшті.Өйткенірапдионың зегі-сөз,тетігі-техника,ұралы-дыбыс.Радиодағы сөйлеушінің аузынан шыққан әр бір сөз аудиторияның назарына,яғни тыңдарманның құлағына ілігуі тиіс.Соның нәтижесінде тыңдаушының құлағына ілігуі тиіс.Радионың құдыреті құйқылжыған әуенмен көмкерілген сардар сөз болса,оны құйын соғып өйткені шашыратып, шаптамай қздың жиған жүгіндей етіп әуе толқыны арқылы тыңдарманағ тарту ету үлкен қабылеттілікті,саналы дайындықты тыңдарманға тарту ету үлкен қабылеттілікті,саналы дайындқ пен толағай тәжірибені қажет етеді.

Тыңдаушыны елеңеткізіп,радиоға көңіл бұрғызғаннан соң,жүргізушінің ендігі міндеті-оларды жоғалтып алмау.Ол үшін не істеу керек.Қандай да болмасын бір істі тап тұйнақтай етіп,құйрық –жалын күзеген жарау атша жұтынжырып қою үшін алда тұрған бөгеттерді бұзып-жармай-ақ бабымен бағындырып алатын айла,амалдар керек.Тікелей эфир тілінің тыңдарманның жан-дүниесін баурап,кәдімгідей ұйытып алатын өзіне тән әдс-тәсілдері бар:

  1. Үннің маңыздылығы. Тарғылданып,қатқылдау естілетін,шашырып,тістің арасынан ызыңдап немесе ызылдап шығатын дауысты ұзақ уақыт тыңдап отыруға ешкімнің зауқы соға қоймас.Сондықтан да радиода,длірек айтсақ,арқалаған жүгі ауыр тікелей эфирде үннің маңызы зор.Ашық,күмбірлеп тұрған немесе қоңыр,тұнық үнді жүргіушінің әр сөзі тыңдарманның құлағына майдай жағып,еліктіріп,елтіп әкетері сөзсіз.
  2. Дауыс ырғағы. ҚҰлағы бұралмаған домбырадай ырғақтан жаңылып сөйлеу де ,біріншіден,жағымсыз естілсе,екіншіден,мағынаға нұқсан келтірді.Әрбір сөздің ғана емес,сз тіркестерінің маынасы мен олардың сөйлеп тұрған сәттегі орнын жаңылыспай айту,табу білімділікті,ұқыптылықты талап етеді.
  3. Көңіл-күй.Тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды меңгерудің мңызы зор.Мейлі сен ашулан,не ауырыңқырап тұрсаң да,әуе толқыныныда хабар жүргізіп отырғаныңда соның барлығын ұмытып,тыңдарманыңды тақырыпқа тартып,қалыпты жағадйдағы көңіл-күймен сөйлеу білу керек.Тікелей эфир жүргіушісіне үлкен салмақтылық пен орнықтылық та қажет.Өйткені,тыңдарманмен байланыс кезінде кенеттен айтылған күлкінлі нәрсе,қатты айтылған қағытпа сөз-бәрі-бәрі,адам болған соң жүргіушінің шамына тиері анық.
  4. Тілдің тартымдылығы.Тыңдарманның биік талғамы таразға салып,салмақтайтын,жанына жақын қабылданып,ойына сәуле түсірсе,кәмел сендіретін тікелей эфирдің тағы бір қисынды қаруы шешен тіл болса,оның тігісін жатқызып тартымды қылып жеткізу үлкен өнер.

Дауыстағы толқу,діріл,яғни,интонация көп мағына бере алады.Демек, “интонация сөзге рең береді,ал сөздің дұрыс құрылуы интонацияның мүмкігдіктеріне жол ашады”.Сондықтан да, интонацияның,яғни,дауыс ырғағының акустикалық компаненттернің тоқталып өтсек:

1.Тон(грек тіліенн аударғанда,керену деген мағынаны береді).Дауыстың дыбысталу қарқындылығы,оның керенуіне байланысты,яғни,жоғары,төмен,зор,бәсең,орташа дауыс.Адамның өмірдегі тұрмыс жағдайын,психикалық ахуалын,ізетін оның қандай тонмен сөйлегенінне қарап аңғаруғаа болады.

2.Қарқын(темп-латын тіліенн аударғанда уақыт деген мағынаны береді).Сөйлеу тіліндегі тілдік элементтердің айтылу жылдамдығын айқындайды.

3.Тембр-дауыстың акустикалық бояуы,оның нақышы.Дауыстембіріне қарай алуан түрге бөлінеді.Мысалы,баритон,тенор,сопрано,т.с.с.

4.Пауза((латын тілінен аударғанда,бұл кдіріс,үзіліс деген мағынаны береді) .Сөйлеу тіліндегі кдіріс,яғни,үн,үзіліс,уақытша үнсіздік.Ал сол үнсіздіктің өзі бейнелі,әрі мағыналы болып келеді.

Статистикалық дерек көздеріне қарағанда,бүгінге Қазақ радиосын бір мезгілде 6 милиондай адам тыңдайды екен.Тіл мәдениетінің алтын діңгегі ұлттық идеологияда жатыр.

Қорыта айтқанда,радионың тілі сөйлеу тілінің әдеби нормасын,дыбысталатын сөздің сипатын танытатын тіл мәдениетінің үздік үлгісіне айналуы тиіс.Сондықтан да,жүргізуші-журанлист шектеулі межісіз бар қор,терминалаогия,орфография,орфаэпия ережелері мен граматикалық фонетикалық заңдылықтарды сақтап,жанырлық-стилистикалық,психолингвистикалық,жеке-дара стилдік тұрғыдан тіл қатуға міндетті.