Оғыз дәуіріндегі әдебиет

Қорқыт – VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Оның теңдесі жоқ күйші – композитор болғандығын хаолық жадында сақталған “Қорқыт ата күйі”, “Қорқыт сарыны” т.б. музыкалық шағармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші – бақсылар, ақын – жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір, ұстаз тұтқан.

Қорқыт ата туралы сан – қилы аңыз әңгімелер қазақ арасында ерте кезден – ақ кеңінен тараған. Солардың бірі Қорқытты құрсағ,ында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Оны жылына бір рет толғақ қысып отырады екен Қорқыт туылар алдында күллі әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргіссіз қараңғылық басып тұрыпты. Сұрапыл қара дауыл соғып ел – жұртты қатты қорқыныш сезісі билейді. Сыр бойы мен Қаратау өңірінің аспаны да қараңғы тартып қарауытып кетіпті. Сондықтан бұл маңай “Қараспан” аталыпты. Ашық күн тастай қараңғы түнге айналған қорқынышты күні туылғаны үшін баланың атын Қорқыт деп қойған екен.

Тағы бір аңызда Қорқыт өзінің жүйрік жел маясына мініп, халқына мәңгі жасайтын жерұйық іздеуші, өлімге қарсы күресуші ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтсе де ол өмірінің соңында “өлмейтін нәрсе жоқ екен” деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Қорқыт атаның басына тәу ету, бас ию сонау оғыз – қыпшақ заманынан басталады. Қорқыттың мазарын халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, ардақтап келеді.

“Қорқыт ата кітабы” біздің дәуірімізге дейін екі қолжазба нұсқасы сақталып келген.

  1. Германиядаға Дрезден кітапханасында сақталған қолжазба.
  2. Ватикандағы Аростолика кітапханасында сақталған қолжазба.

1815 жылы неміс ғалымы Г. Ф. Диц бұл шығарманы неміс тіліне аударып, баспасөзде жариялады. В. В. Вартолд бұл кітапты зерттеу, аудару ісімен біраз жыл айналысып 1922 жылы орыс тіліне аударды. В. М. Жирмунский, А. Н. Кононов, А. Н. Самойлович т. б. ғалымдарда ескерткішті зерттеуге мол үлес қосты. Көрнекті тюрколог Х. Г. Көроғлы ескерткішті әдеби, тарихи және тілдік тұрғыдан комплексті түрде зерттеген.

Қазақстан ғалымдарынан “Қорқыт ата кітабын” зерттеу, аудару, насихаттау ісіне академик Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Б. Ысқақов белсене атсалысып келеді.

“Қорқыт ата кітабы” он екі жырдан тұрады. Дастанда туған жерін, елін, өз Отанын сыртқы жаудан қорғау үшін ажалға бас тігіп, қан майданға шыққан алыптардың ерлігі зор шабытпен жырланады. Шығарма қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әділетсіздікпен зұлымдыққа қарсы күреседі.

“Қорқыт ата кітабында” өзінің философиялық, тәрбиелік мән – мағынасын жоймайтын, қайта уақыт өткен сайын құлпыра түсетін өсиет, нақыл сөздер мол кездеседі.

‘’Оғыз-наме’’-түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық шығарма. Соның өзінде, шығарманың сюжеттік желісі жеке ру-тайпалар шежіресіне негізделген емес. ‘’Оғыз-наме’’-әрі көркем, әрі тарихи туынды деуге болады.

‘’Оғыз-намеде’’ негізінен Оғыз қағанның әскери жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ерлік істері мадақталады. Шығарманың негізі идеясы-елді ауыз бірлікке, ерлікке, адамгершілікке үндеу, халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру.

Бұл көркем туындының ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінірек қайта жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі – ұйғыр әрпімен көшіріліп жазылған. ‘’Оғыз-наме’’ жырының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасының қорында сақталып келеді. Ал, екіншісі-араб әрпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы-атақты тарихшы, белгілі әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин Араб Мұхаммедхан (1603-1663ж.).

‘’Оғыз-наме’’ аңызының Париж ұлттық кітапханасында сақталған нұсқасы көлемі жағынан онша үлкен емес. Қолжазба небәрі 21 парақ немесе 42 бет болып келеді. Әрбір бетке 9 жолдан ғана жазылған. Мұның өзі кездейсоқ жәйіт емес, ‘’Оғыз-наме’’ өзінің композициялық құрылысы жағынан “Күлтегін” жырына өте-мөте ұқсас деуге болады. Бұл екі шығарманың авторлары сол дәуірдің өзіндік әдеби дәстүрін берік ұстаған сөз зергерлері болса керек.