Ұлттық шешендік өнер

Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынып дөп басып айту қиын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей ауызша айтылып халық жадында сақталып келді. Бізе деректерге сүйене отырып қазақ шешендерінің атасы – жиренше деп. айтуға болады. Аңыздарда жиренше әз – Жәнібек ханмен Асан қайғының XIV — XV ғ тұтасы ретінде айтылады. “Түгел сөздің түбі бір түп атасы Мойқы би” дейтін сөз бар. Абай сол Мойқыны “Шыңғыс ханның он екі биінің бірі ” деп айтады. Бұл дерекке қарасақ, шешендік сөз тарихи әрі қарай тереңдей түсуі. Мойқы би “XII-XIII” ғасыр Жиренше шешен, Асан қайғы есімімен Бізе жеткен өсиет, нақыл сөздерде жоқшылықтың, молшылықты көксеген қияшыл арманы, тілек –талабы бейнеленген. Қазақ шешендік өнерінің кейінрек дамып биіктеген кезеңі XVII-XVIII ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басшыларына, патша үкіметінің озбырлығына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жайындағы олармен күрес жүргізген жылдары еді. Тап осы кезеңде билермен шешендердің, ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандырудағы рөлі мен беделі арта түсті. Әлемдік тарифи сақынаға қарасақ, шынайы шешендерден көрінетін орны сот залдары, парламент сарайлары, көпшілік және жекелеген адамдар қатысуыен де болатын заң жолдар шешілер жер екені белгілі. Жоғары аты аталатын Демосфен, Цицерон т.б. адвокат әрі парламент мүшелері болған. Ал, қазақтың аты аңызға айналған шешендері- Төле, Қазыбек, Әйтекелер би болыпты . Сөз өнерін же тік меңгерген адамдар сирек дарын ертінде жоғары бағаланып, қай замандад да, қай қоғамда да, алкен сый-құрметке ие болып отырған. Шешендік сөздердің кейде билер сөзі атауының өзі де талай сырдың бетін ашады. Шындығында да, шешендік сөздер негізінен билер айтысы, билік шешім үстінде туып отырған.

Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы. Биді байлық та, барлық та, жасай алмаған. Би өз тұрғысына топты жарып, тарзы тең Остап қара қылды қақ жаратын әділ төрілігімен асқан тең ұстап кемеңгерлігімен, данышпандылығымен, салиқалы сабырлығымен жеткен. Би-табиғи дарын, асыл текті ақыл, алысьтағы көре білген көсем қызыл тілінен бал тамған шешен.

Көшпелі елдің тіршілік жағдайы да шешендіктің дамуының тағы бір деректері болып саналады. Қазақтың мол шаруашылығына байланысты тұрмыс қажеттері шешендіктің қалыптасуында дамуында алкен роль атқарды. Мал. Мен дәулет, жер барымта нәтиелері айтыспен тартыстың, дау таластың айықпас көзі болван.

Қазақ даласында шешендік өнердің өсіп өркендеуіне себеп болған фактор халықтың сөз бостандығына ерік беріп, еркіндікке жол ашқан. “Бас кеспек болсада тіл кесепк жоқ” – сөзге тим салмаған, сынға ешқандай шек қоймаған.

Шоқанның пайымдауынша шешендік сөздер әз- Жәнібек хандығының кезеңінде туып дамығанда, үш жүздің басон қосқан әз Тәукенің тұсында хан ордасы Түркістан қаласында жолданған. Та плай ғасырлардан бері ауыздан ауызға көшіп халық жадында жасап келе жатқан әдеть ғұрып, қарым қатынас ережелерін жинақтап қалыптастыратын белгілі “Жеті жарғы ” әдет ғұрып заңы да Түркістанда жасалған. Ердің құнын екі ауыз сөз бен бітіретін данықты даңықты дала сөз зергерлері Төле, Қазыбек, Әйтеке шешендердің атақ даңықтары да сол кезде шыққан. Шешендік сөздің дамуына үлес қосқан Бұқар, Мұрат, Дулат, Шөже, Махам бет, Шернияз, Шал, Қазтуған сынды ақын жыраулардың шығармаларында кестелі сөз оралымды ой мо кездеседі.

Сонымен, қазақ шешендік өнерінің тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.

  1. XI-XIII ғасырлар аралығы (Мойқы би Аяз би )
  2. XIV-XVI ғасырлар арлығы (Асан қайға Жиренше шешен)
  3. XVIII ғасыр (Төле, Қазыбек, Әйтеке билер )

Қазақтың шешендік өнері туралы піків айтқан Шоқан Уалиханов,Абай Құнанбаевтар болды. Шшендік сөздің табиғаты туралы А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Ә.Мәметова, М.Ғабдулин, Б. Кенжебаевтердің еңбектерінде жан – жақты сөз болды. Ал, соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп танытуға үлес қосқан ғалымдар – Б.Аданбаев, С.Содырбаев, С.Қосқабаев, Ш.Ыбырайов, С.Негімов т.б. еңбектері ерекше.