Үндістан әдебиеті ХІХ – ХХғғ. әдеби – фольклорлық мұралар

  1. Үнді халқының ағылшын отаршылдығына қарсы күресі. Үнді әдебиетіндегі дәстүрлі тақырыптарды жаңғырту. Аңыздық және мифологиялық кейіпкерлерді қазіргі адам бейнесімен ұштастыра бейнелеу. Жаңа үнді прозасындағы романтизм, ағартушылық сыншыл реализм сипаттары.

Үндінің ұлы жазушысы ақыны ағартушысы нәсілділікке қарсы күрескен қаһарман патрют перзенті қоғам қайраткері гуманист Рабиндронат Тагор Бенгальяның астанасы. Калькулаттада 1861 жылы 7-мамыры күні дүниеге келген. Зияны жанурда тәрбиелеген зерделі Рабиндронат ес білген шақтан ақ өзін қоршаған болмысқа ойлы назар сезімтал жүрекпен зманда әділ ажырата біледі. Оның ілкі сауат ашқан мектебі мезгілі оншалықты ұзақ емес. Небәрі 12-13 жасында тәмандалады. Бұл туралы ол кейінірек былай деп жазды: Менің жастық шағым үшін ең бір игілікті нәрсе, жанұямызда орын тепкен артистік сонымен бірге әдеби атмосфера болды.

Шынында да Тагор үйі өзінше бір Университет сияқты етеді.

Олардың жанұясында Бенгольянның сондай көрнектілер музиканттар қоғам қайраткерлері дәйім қонақта болып маслиқат құрған Ұлы жазушының өзі еске алғандай осынан тәлімгері ортаның әсерінен ерте көз ашқан ол 16 жасынан бастапақ өлеңдерінен мақалаларымен баспасөз бетінде жиі көріне бастады. Тырнақ алды өлеңдер жинағы кешкі жырлар 1881 жылы ал көлемді еңбегі «Баутхакуранир хат» 1883 жылы жарық көрді. Сол 80 жылдың соңына қарай әлеуметке «Диаздер мен бемальдер»суреттер және жырлар атты жинақтарын ұсынады.

  1. ХІХ соңы Тагор танымал ақын ретінде қалыптасты. Оның ақындығы лирикалық өлеңдеріндегі терең ойшылдық ерешеліктерімен байқалады. Ақын бұл жылдары табиғат лирикасында өндірте жазып, табиғат пен адамның сезім әлемін ұштастыра біртұтас бірлікте жырларымен ерекшеленеді. Жас ақынның бұл саладағы өлеңдеріндегі адамдық сезімнің көп қырлы алуан өзгерісті қалпы, күйзелістерімен қуаныштар, өлеңдегі саздылық әуезділік тіршілік тынысына деген адамдық ғашықтық, перзенттік іңкәрлік лирикалық өлеңге халық тілінің байлығын сарқа пайдаланды – бәріде оның өзіндік шағармашылық ізденісінен туындап жатты. Тагоршығармашылығының бұлақ көзі – оның фольклорлық ежелгі дәуірмен орта ғасыр әдебиеттерімен халықтық даналықтағылымдарынан өнегесі. Тагордың бұл кезде «Кешкі жырлар» (1881ж) тырнақ алды «Диездер және бемалдар», «Суреттер және жырлар» деген жыр жинақтары жарияланды. Жастық шақтың аңғалда албырт, өжет те өткір, өмірге құштар көңіл – күй әуендері осы аталған жинақтарда жарияланды. Алғашқы өлеңдері жинақтарынан ақын гуманистік- философиялық байсалдылыққа толы ойларымен халықтық наным сенімдерге сүйене отырып жаңарған мұрат- мақсаттар туралы толғанады.

Әлемдік тарихта Р.Тагор ақын ретінде танылған Үндістанда оны «Кавиндра» (Ақындар құдайы), «Махакаби» (Ұлы ақын ) деп атайды. Бұл – Тагор поэзиясының халықтық қуатының көрінісі.

Тагордың«Халық ықыласы» атты жыры Үндістан республикасының әнұраны болды. Бұл жырда Үндістан халықтарының ортақ мақсат жолындағы бірлікке ынтымаққа шақыра отырып, әлем халықтарының бейбітшілікке, нұрлы болашаққа үндейді..

Тагор жырлары – философиялық ойшылдық тереңдіктеріне дараланған қазына «Кемеңгер көңіл» , «Жалақымен қайыр»«Жер жұмағы», «Мақтау мен даттау», «Мәңгі жасау» (1899ж) «Көп нәрсенің керегі жоқ», «Жан досым», «Күннің көзі бүгін» деп т.б. жырларында лирикалық кейіпкер – ақынның ойшылдық дүнитанымдығынкең әлемін танылады.