Франциядағы романтизм

  1. Парижде Александр Дюмаға ескерткіш орнатылған. Ол креслоға жайғасып алып, ұзақта қиын, бірақ кісі жаны жай табатын еңбектен кейін тынығып отырған тәрізді, ал, биік тұғырдың жан-жағына автор даңқын асырған шығармаларының аттары қойылып жазылған. Бұл мүсін қоладан құйылған, бірақ 1883жылы ескерткіштің ашылу салтанатында дәл айтылғанындай, егер Дюманың талантына табынушы әрбір кісіден тек бір тиыннан жинағанның өзіне сол ескерткіш саф алтыннан салынған болар еді.

Александр Дюма (1802-1870) кісі есінен кетпейтін романтикалық сарындағы кейіпкерлер образының тұтас бір галереясын жасады, олар қалың оқушының сан алуан ұрпақтарының жадында жатталып қалды, ақиқат өмірде болған тарихи кісілердің бірде-бірінен кем емес. Ең алдымен оның д,Артаньяны тап сондай герой,ол өзін жасаған автормен бірдей ескерткіш қойылатын кейіпкерлер қатарына жатады. Жазушының жан тыныштығын күзетіп тұрғандай-ақ, ержүрек мушкитёр шпагасын жалаңаштап, Дюманың париждегі ескерткішінің етегіне жайғасқан. Арада жарты ғасыр өткеннен кейін туып өскен Гасконь уәлаятының орталығы Ош қаласында д,Артаняньның өзіде тұғырға көтерілді. Егер біз бұл мүсін романист әлгі жалған мемуарын туындысына пайдаланатын нағыз д,Артаняньға емес, Дюманың кейіпкерлерінің құрметіне қойылған десек қателеспейміз.

Дюма жөнінде жазылған еңбектердің кезкелген оны жақсы көрген «Ұлы оқырмандардың» ұзақ тізімі беріледі. Олардың ішінде Маркс пен Гейне, Толстой мен Достаевский, Чехов пен Менделеев, Луначарский мен Горкий, Балзак пен Фловер, Гюго мен Мерине, Дикенс пен Теккери, Голсуарси мен Джек Лондон бар. Солардың абырой беделіне сүйеніп, Дюманың жазушылық салмағын арттыра түскісі келеді, өйткені кейбір зерттеуші, сыншылар оны оқушының көңілін көтеріп, еліктіру үшін оқиғаны бетінен қарпып, ұдайы жеңіл көшеді де отырады деп, кемітеді.

Жазушының шыққан тегі де, өзінің кітаптары секілді жатқан бір романтика. Оның әкесі француз маркизі мен Сан-Доминго (Гаитиді ол кезде осылай атаған) аралынан шыққан қара түсті күңнен туған. Францияның ұлы революциясы жылдарында будан-жігіт қарапайым атты сарбаздан генералға дейінгі жолды бір-ақ секіріп өте шығады. Қара торы алып Напалеон атанған кезде Дюма республикалық сенім-нанымы үшін қуғынға ұшырайды. Революция толқынымен асқақтап кеткен билеуші енді өзіне берілген бонапардшыларды табанды қайсар республикашылардың көпе-көрнеу артық санайды, сол себепті де кереметтей солдат болғанымен, саясаттан махрум қалған турашыл генерал билеушінің қырына алынып, өмірінің соңғы кезеңін Парижден қол созым жердегі Вилле-Коттре деген шағын қалада және соның төңірегінде өткізеді.

  1. Романда он сегіз жастағы д,Артаньян отбасы, ошақ қасынан аттанардан әкесінің шпагасын, өсиет сөзъ, ақыл-кеңесімен шипалы бальзамының шіріткісінен басқа, тағы бір үш сый:түс-түгі өзгеше бір мәстек, он бес экю мен капитан де Тревильге арналған хатты алушы еді-ау. «Үш ноянның» болашақ авторы арада екі жүз жыл өткеннен кейін үйінен шығарда қалтасына болмашы ақша мен аманат хаттарын алып шығады (жолы болғанда оның хатын ешкім ұрламайды). Ол ат орнына жолаушы күймесіне отырады, оған керекті ақшаны биллиард ойнап ұтып алады. Даңққұмар екі жастың екеуі де «Парижді жаулап алуға» бел байлаған-ды, оны бұның екеуі де ойдағыдай орындайды. Д,Артаньян оған қарумен жетсе, Дюма қаламымен жетеді.

Өз очерктерінде Дюма жолжазбаларын Россияның өткен тарихына асқан шеберлікпен шолу-серуен жасап, орыс әдебиеті мен өнері жайлы хикаяларымен толықтырады және осы әңгімелерін Пушкин мен Лермонтовтың, Вяземский мен Рылеевтің, Некрасов пен Полежаевтың, Бестужев-Марлинскийдің туындыларынан жасаған үзінді аудармаларымен байытып отырады.

Рас, Дюма кейде жаңсақ басып, жаңылып кетеді, бірақ «орташа французға» тұңғыш рет Россияның өткені мен бүгінгісін, оның тұрмысы мен мәдениетін молынан таныстырғаны даусыз.

Әр алуан сыншылар Дюманың көзі тірі күнінде-ақ оны тарихты бұрмалайсың деп кінәлады. «тарих бізге фактілерді ғана мирас етіп қалдырды»,-дейді автор «Антони» пьесасында осыған қарсы дәлел келтіргендей- ал сол фактілер ақынның еркінде: ол өткен заманның адамдарын көрінен тұрғызып алып, әр алуан киімдермен киіндіреді, олардың әрқайсысын өзіне ғана тән мінез-құлықпен, құмарлық құштарлықпен байытады және осынау құмар-құшықтың қызуын жазушы оқиға драматизміне сай бірде күшейіп, бірде азайтып отырады.

Егерде Дюма тарихтың қасаң дәнінен қызғылықты хикаяның тәтті жемісін ала білген десек артық болмас. Оның романдарының көпшілігі, шынына келсек, нағыз тарихи-шытырман оқиғалы туынды болып келеді. Бірақ өзінің таңдаулы туындыларында жазушы сол дәуірдің рухы мен кескін-келбетін дәл береді. Бұған суреткердің нәзік интуициясы ғана емес, тарихи мемуарларды, деректерді, жылнамаларды мұқият зерттеген қыруар еңбегі себін тигізген. «Үш ноян» кіріспесінде автордың романның сұлбасын ойластырып жүрген кезде оқып зерттеген кітаптарымның тізімі тұтас бір тарау болар еді- деген сөзі әсіресе леп айтқандық болмасқа керек.

Шығарманы жазу үстінде Дюма көп жағдайда көмекшілердің еңбегін пайдаланған (оның артына орасан мол мұра қалдыруының бір себебі осы болса керек ), олар авторға күллі дайындық жұмысын жасап береді екен, кейде осындай жұмыстың тиянақты жасалатыны сонша, соларды тіпті қосымша автор деп те атауға болар еді. Сондай көмекшілердің ішіндегі ең көріктісі Огюст Маке деген кісі «Үш ноянды» жазысуға қатысқан. Ұстазымен жүз шайысып қалып және оның атақ даңқын күндеген байғұс романдарының соңғы тарауларының бірін өзі жазған күйінде жариялайды. Сөйтсе, шығарманың күллі әрі мен нәрін, ажар көркін Дюма беріпті. Оның көмекшілері әлгі холсты (кенепті) жылтырата өңдеп картинаның нобайын салатын шәкірт дәрежесіндегі кісілер екен, ал, Дюманың өзі болса, шабытты қаламымен бағы заманның келмеске кеткен оқиғаларымен адамдарын қайта тірілткен ғажайып суреткер еді.

Дюма туындыларының тарихи арқауы, әдетте, мейлінше дәйекті тартылады. («үш ноян»романындағы оқиғалардың шет-шегі 1625жылдан 1628 жылға дейін дәл көрсетілуі тегіннен тегін емес). Түгелдей ойдан шығарылған немесе жартылай ойдан шығарылған қызықты хикаялармен кейіпкерлер тағдырын №сол тарихи арнаға шеберлікпен сыйғыза отырып, автор мушкетер-нояндар туралы трилогиясында өмірде болған көрнекті кісілер бейнесін жасауда шындықтан онша аулақтап кетпейді.

Мәселенки, «Виконт де бражелон»романында Людовик ХІҮ жағымсыз портреті өте сәнді шыққан, ресми тарихи еңбектерде «Күн-король» атанған билеушінің бейнесі бұл туындыда едәуір көмескіленіп қалады.

Дегенмен кейде автор турашыл қалпынан айнып кетеді. Бірақ нағыз шындықты, тіпті оқымысты тарихшылардың өзі ұдайы тап басып айта бермейді ғой. Дюма болса, ондай атаққа таласпағаюма болса, ондай атаққа таласпаған: ол тек кәнігі суреткер ғана.

Дюманың көптеген кітаптары сияқты, «Үш ноянның да» біз айрыша назар аударатын ерекшелігі бар. Ол ерекшелік- бұл туындының бваспасөз бетінде тарау-тарау болып басылуға лайықталып, фельетон-роман болып жазылуында. «Үш ноян» әуелі 1844жылы «Ле съекль»(«ғасыр») газетінде ұзақ уақыт бойы нөмерденш нөмер қуалай басылады, шығарманың композициясы да құрылған. Романның басылған әр бөлшегінің оқиғасы біткен сияқты болып көрінсе де, енді не болады екен,- деп оқушыны ынтықтырып қоюға тиісті… Әр қилы қосымша жәйттерді суреттеуді мейлінше азайтып, әрекет-қимылдың серпінін әлсіретпей, ұдайы ширатып отыру қажет, әрине, Дюманың бұл міндеті ойдағыдай орындағаны белгілі. Бұл жерде оған кәнігі драматургтың тәжірибесі көп көмек көрсетеді. Оның сықық пен күлкіге толы диологы люксембург сарайының сыртында сайысқа шыққан сарбаздардың қылышындай қылпып тұрады.

Жанрдың талап талғамына сай шытырман оқиғаларды өрбітіп, оқушыны еліктіру үшін ол жиі ескі қолжазбалардан тапқан фактілерден гөрі аңыздар мен анекдоттарға көбірек жүгінетін болған, ал, ауыз әдебиетінің бұл жанрларында өз шама-шарқынша сол дәуірдің әдет ғұрпы көрінетіні айқын емес пе. Көңіл-көзге қанша тұрпайы көрінсе де, жазушы ХҮІІ ғасыдың аса беделді деректерінен көптеген фактілерімен тарихи қайраткерлер мінездемелерін тауып алады, олар кейде тіпті шындыққа жанаспайтын тәрізді. Мәселенки кейбір сыншылар тап бүгінгі күнге дейін жазушы Решельені «Мелодрамалық зұлым» етіп көрсетеді. «Үш ноянның» негізгі тартысы құдіретті кардинал министрі мен герцог Бекингэмнің Анна Австрикаяға ғашық бақталас бәсекесіне құрылған және екеуінің осы бәсекесі Ла-Рошельді қамау-қоршау әрекетімен байланыстырылған деп жатады да сынайды.

Д,Артаньян мен оның жанқияр үш досының сарқылмас күш-жігермен, жан сүйсінер жомарт көңілмен «ойнап жүріп» жасаған ерліктері (сер-Жербэқамалында ішкен таңғы асының өзі қандай десеңізші), керемет тапқырлықпен нар жігітке тән мәрттік пен жауларын жардан құлатып кететін батылдығы оқушыға дәм беріп, қанаттандырып, жігеріне жігер қосады.

Осынау төрт ноянның мәңгі өшпес, өлмес бір қасиеті- жомарт жанды ержүрек азаматтардың жанқиярдың достығы бір-біріне шексіз берілгендігі адалдығы мұндай ізгі қасиеттерге қалың жұрт әр уақытта әр жерде тәнті бола береді.