ХХ-ХХ ғасырлардағы әлем әдебиеті.

Шығармашылық ғұмырнамасы. Кәсіби музыкант Эрнест Теодор Амадей (Вильгельм) Гофман неміс әдебиетіне жасы ұлғайған шағында келді. Оның шығармаларында романтизмнің ақырғы кезеңінің көптеген қырларының тоқайласқанын көруге болады. Гофманның таланты көп қырлы. Ол-керемет суретші, кескіндемеші, безендіруші, композитор. 1812 жылы «Ундина» операсын жазып, оны 1816 жылы сахнаға шығарды. Фортепьяноға арналған көптеген пьесалар жазды, музыка сыншысы болды, сөйте тұра ашқұрсақ өмір сүрді. Музыкадан ақылы сабақтар берді, Бамбергте капельмейстер болып жұмыс істеді. Кейіннен өзінің «Шайтанның шипасы» («Эликсир сатаны») атты шығармасында туған қаласын, өзінің оқушысы, Юлия Маркке (Аврелия) деген алғашқы махаббатын суреттеді, ал оның соңғы махаббаты Иоанна Эунике бикеш Ундинаның бірінші орындаушысы болған еді. Гофманның алдында екі жол тұрды: ол әдебиет пен композиторлық. Өзін толық мойындату үшін осы екеуінін қайсысын таңдау керек деген сұрақ оны көп мазалады. Ол Кенигсберг университетінен керемет заңгерлік білім алды, ал заңгерлік оның ата-бабасынан келе жатқан дәстүр еді. Алайда өмірі осылайша бірте-бірте қалыптасқан Гофман енді көпшілік қауымға әдебиет саласынан да кең таныла бастады.

Оның тырнақ алды тұңғыш әдеби шығармасы «Глюк мырза» («Кавалер Глюк») новелласы 1809 жылы музыкалық газеттежарияланды. 1810 жылы «Иоганн Крейслердін музыкалық азаптары» («Музыкальные страдания Иоганна Крейслера») туындысы шықты. Алайда оны жұртшылыққа кеңінен танытқан— 1814 жылы жарық көрген, үш томнан тұратын, көптеген әңгімелер мен ертегілері топтастырылған Калло мәнеріндегі қиялдары» («Фантазии в манере Калло») жинағы болды. Осы аталған «қиялдарына» ғылыми тұрғыдан үңілгенде, автордың жарық пен көлеңкенің батыл қарама-қарсылығын, қайшылықтарын суреттегені көрінеді. Ағылшын романтизміндегі қарама-қарсылық Байронның Шығыс поэмаларының» (Восточные поэмы») кейіпкерлері арқылы көрінген еді. Неміс әдебиетіндегі жеке адам көрінісіндегі романтикалық идеал да ағылшын әдебиетіндегідей тұтас буржуазиялық дәуіргетән менмендік пен пайдакүнемдікті жоққа шығаруға құралған, сөйтсе де неміс әдебиетінің өзіндік ұлттық дамуының ерекшеліктерінің ұлттық тұрғыдағыерекшеліктерінен туындаған құбылыс екенін мойындау керек. Сондай-ақ,неміс романтиктер тұтастай алғанда, Байронның қаһармандары секілді тәкәппәр, озбыр, өзімшіл сүмелек типіндегі кейіпкер тудыруға тырысқан жоқ, қайта неміс романтиктері өздерінің түсінігіндегі жеке адамның әмбебап идеал тұлғасын сомдауға ұмтылды.

  1. Неміс романтизмінің алғашқы кезеңінің лидері Новалистің тұжырымынша «адам өзінің ішкі жан дүниесінің заңдылығымен өмір сүреді, сөйте тұра сыртқы әлемдік тәртіпті бұзбайды» — ал, Гофманның ойынша: «адамдардың түсінігінің біртектілігі мен өмірдің күрделілігі арасында сәйкессіздік бар». Гофманның романтикалық көркемдік әдістерінің ерекшеліктерінің бірі — образды қарама-қарсылық мәнде жасау. Капельмейстер И.Крейслердің образы өз өнеріне тұтастай берілген романтикалық энтузиастың кейпінде сомдалған. Гофман үшін музыка — өнер отауының ең шоқтығы, биік түрі. Ол (музыка) автордың сүйікті қаһарманы. Музыкант әрі композитор И.Крейслер жазушылығын, аlter egocы, Гофман оның бойына өзінің жеке басының ойы мен уайымын тоғыстырады. Крейслер күн көріс тіршілігі үшін өзінің талантын сатуға мәжбүр. Ал Крейглер өмір сүрген және тіршілік үшін жанталасқан жағдайлар бұл Алманияның өткен ғасырдың басындағы феодалдық бөлшектенген шындық келбеті еді. Крейслер тек Гофмонға ғана тән бейне. Неміс романтизміндегі Гофманның рөлі жиынтық сипатта, ол екі мектептің (иендік және гейдельбергтік) тәжірибесін қабат қамтығысы келеді. Оның қаһарманы Новалистің қаһарманы Генрих фонОфтердтен секілді қиялымен семіріп өмір сүрмейді, дегенмен ол (И.Креислер) басқа мектептерге қарағанда өзінің жан дүниесінің тереңдігімен, жинақылығымен, кемеңгерлігімен ерекшеленеді. Қиялшы сакы, (сері) Генрих фон Офтердиннің орнына бүлікшіл капельмейстер Крейслер келеді Музыкамен әбден суарылған Крейслер өмірдің қайшыльның өте терең сезінеді. Өйткені музыкамен суарылғам деген ұғым нәзік жанды деген түсінікті беретін сөз. Крейслер музыканы қадірлемейтін бай тоғышарлардың (филистер) үйінде музыка ойнауға мәжбүр болады және олар музыканы тек қана десертке қалдырады. Бұл суреткердің басқа әлеммен романтикалық тартысқа түсуіне себепкер болады, онын келбетін қайғылы жалғыздыққа душар етеді, өйткені Гофман оның нақтылығы мен образдылығының үйлесімсіздігін бір арнаға тоғытады. И.Крейслердің бойында тағдыр тәлкегінің трагедиялық сипаты бар.