Шиллер Иоганн Фридрих (1759-1805) өмір жолы.

1.Ақын шығармаларындағы лириканы талдау. қалады деу қате, бұл саз басқа бір жаңа сазға ұласады, сөйтіп, қимыл-қозғалысқа көшеді. Лирикадағы адамның жан диалектикасы дегенің өзін осылай түйсіну керек.

Лириканың бас қаһарманы-ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл-күйлері бір-біріне, ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді. Ақын оқшау образ жасап, оқырманға «содан үйрен, не жирен» дегендей тенденциямен ғана тынбайды, оған тура өз басындағы сезім мен сырды тұп-тұтас көшіре салады. Сондықтан ақын көкірегіндегі сезім-сыр, оқырман сыры болады да шыға келеді.

Арманмен келеді адам бұл өмірге,

Тағдырды табындырып бір жеңуге,

Алдына қойып алып алтын мақсат,

Бақытты қол созады күндеріне.

Дауылды күндер өтіп бұрқыраған,

Туады бақыттылық бір күн оған.

Жақсы іздеп жақсыдан да жанталасып,

Тоймайды дүниеге, шіркін, адам алық өлеңін алып қарайық.

Ашыл, сайдың тұманы,

Тара, түнек мұнары!

Құмармын қайдан арманды?

Қанар ма жайың құмары?

Жалындап гүлмен лаулайтын,

Қызыл төбе көремін

Қанатым қайда самғайтын

Басына со бір төбенің.

Көңілің қалар жеңілдеп,

Үнімен сырлы шектердің.

Соғады қоңыр жел үрлеп,

Лебі боп нұрлы көктемнің.

Сол жерде жеміс жарқылдап,

Ағашты тұрар алтындап,

Дөңесте, жазық көгалда

Соқпайды боран аңқылдап.

О, сұлулық, мас қылдың!

Керемет көктем сол жерде

Жұтқандай исін жас гүлдің

Тулайды жүрек кеудеңде!

Міне, бұл «Үміт» атты өлеңді оқығанда әркім-ақ өз көңіл күйін тербегендей, өзінің жан сырын ақтарғандай болады; әркімнің-ақ жас шағы, жастығы мен бірге өтіп кеткен сауығы мен сайраны мол, уайымы мен қайғысы жоқ жас кезі ойға оралады. Лирика дегеніміз осы ғой. Тек ақын талантты болсын да… ірі болсын, қолыңнан келсе, ұлы болсын! «Ұлы ақын,-былай дейді Белинсий,- өзі туралы, өзінің жеке міні туралы айтса,-жалпы жұрт туралы айтқаны: өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар».

  1. Лириканың күші-әсерлігінде: әсерлік әр нәрсені әшейін ауызекі әңгіме қылғандай сылдыратып айтып беруде емес, айтайын дегенін сырлы суретке айналдыруда, демек лириканың күші-баяндауда емес, суреттеуде жатады. Ал лириканың суреттер шындығы ұланғайыр, шындықты қамту құлашы кең; шын мәніндегі шебер лирикті не жалаң қайғының, не бірыңғай қуаныштың ақыны, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге болмайды; талантты лириктің өлеңдерінде соның бәрі түгел, тұтас жатады; оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі, Белинскийше айтсақ, оқыған жанның сана сезімін түгел баурап, көңіл күйін түгел тербетіп, барлық пернені бірден басып, барлық шекті бірден басқандай сөйлеп кетеді. Сондықтан шын мәніндегі шынайы лирика сырдаңдық атаулыдан әрқашан аулақ тұрады.

Лирикада реалистік эпос пен драмадағыдай қарама-қарсы екі жақтың қиян-қилы күресі, қат-қабат қақтығысы шиеленісуі, өрбу үстінде көріне бермейді. Лириканың қаһарманы, әдетте, ұнамды кейіпкер. Сөйте тұра лириканың тартысты және тартыссыз түрлері болады. Дәлірек айтқанда, шындықты қатал, сұсты күрделі қимыл-қозғалыс қалпында көрсететін салмақты, салиқалы өлең болады да, қиындықтан жылыстап жүретін майда, майысқақ, жылымшы жырлар болады.

Лирикада мінез болады. ол ақынның мінез: өлеңін, өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады. Сондықтан оқырманның өлеңді сынайтыны секілді, өлең оқырманды да сынайды.

Шиллердің біз талдаған өлеңдерінен басқа «Ойнап жүрген бөбек», «Құпия сыр», «Жолаушы» сияқты шығармалары да бар. Олдарды қазақтың белгілі ақыны С.Мұқанов аударған.