Ағылшын әдебиеті

  1. Қайта өрлеу дәуіріндегі ағылшын әдебиетін дәуірлеу. Поэзияның. Прозаның драматургияның дамуы.
  2. Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Вилям Шекспир 1564жылы 23апрелде Эйвон өзені бойындағы Стратфорт деген кішкентай қалада дүниеге келген . Болашақ драматургтың әкесі айтарлықтай ауатты қала тұрғыны еді.

Жас ақын осы туған қаласындағы “Грамматикалық мектепте” оқиды. Бұл мектеп негізінен латын тілін, қала берді грек тілін оқытушы еді. Бірақ әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай 16-ға толар –толмастан-ақ жұмыс істеуге мәжбүр блады. Сөйтіп ол бірде ет сатушының шәкірті болса, енді бірде ауылдық мектепте репетитор қызметін атқарады.Шекспирді жергілкті ірі памещик Томаса Люси қорығындағы бұғыларды жасырын түрде ауладың және сатиралық балладаңа іліктердің деген сылтауымен жазалануға бұйырады. Осы кезде туған қаласы Стратфордты тастап Лондонға қашады. Лондонға келгеннен кейін Шекспир өзі жақсы көретін театр айналасына жақындайды.Әуелде театрға келушілердің атын бағушының міндетін атқарады. Содан бірте-бірте актерлікпен, одан әрі драмматургиямен шұғылданады.

Лондонға келген алғашқы күндерден-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланыста болады. Оның пьесалары алғашқы рет Лондондағы студенттер күшімен қойылып, соңында театрға ауысып отырады. Ол өзі жазған пьесаларының театрда орындалуына басшылық етеді, сонымен қатар актер де болады. Шекспир өдігінен көп оқып, білімін үздіксіз арттырып отырған адам.

1612 жылдар шамасында Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфордқа қайтып оралады да, 1616жылы 23апрельде қайтыс болып,осы қалаға жерленеді.

Шекспир өмірінен бізге келіп жеткен мәліметтер тым аз.Оның бізге мәлім болған екі поэмасы Венера мен Адонис және Лукреция 154сонеті, 36 пьесасы бар. Поэмалары айтарлықтай болмаса да, сонеттерінің ойлылығы философиялық тереңдігі жөнінен ол орасан зор тұлға. Мысалы, “Әсемдіктің солмауы үшін”сонетін алайық!

Әсемдіктің солмауы үшін, әдетте,жақсы ұрықтан жақсы гүл біз дәметкен,

Семгенімен солған гүлдер жапырағын,

Жас раушан сақтап оны, сәні еткен.

Өз көркіңе өзің ғашық болған жан,

Бар нәріңді байғазы ғып, сорланған.

Бар нұрыңды жоқ ғұмырға қор еттің,

Жансыз жауыз, жауың енді қолға алған.

Бүгінгіге жасаулы сен жандайсың,

Шолақ көктем боз торғайы, алдайсың.

Болашақты сақтайсың да бойыңда, сараңдықты ысыраппен жалғайсың.

Ғұмыр тілеп, көре тықпа батырым,

Келер жылдар кереметтей дақылың!,-деп үлкен бір ой айтады.Шекспирдің тағы бір сонетін алып қарайықшы;сонет “қалай өссек”деп аталады.

Қалай өссек, солай біздер соламыз,

Ұрпақ қалсын, біз соларда боламыз.

Мұрагердің бойындағы күш-қуат,

Қаусып қалған менікі деп санаңыз.

Міне, солай, табиғаттың заңын ұқ,

Мұңсыз өмір өтер еді жабылып

өмір бітпей жерді жайлап кәрілік,

мына жалған құрыр еді қаңырап.

Жерге,өмірге сүйкімсіздер, обалсыз,

Түссіз,түлей –қайта оралмай жоғалсын

Табиғаттан қисапсыз сен сый алдың,

Мың есе енді қайтаратын боласың.

Шебер қолмен жасалған бір мөлдейсің

Ғасырларға өз белгіңді бергейсің,

Керемет емес пе? Сонымен әр бір жолында философиялық ой жатыр.

Оның “Отеллосы”, “Корол Лир ”, “Гамлет”, “Дауыл”, “Қысқы ертегі” пьесалары Шекспирдің үлкен ақын, драматург екендігін танытады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!