Ежелгі иран әдебиеті

  1. «Авеста» гимндері дін бе? поэзия ма? Бұл жай әлі түгел айтылып болған жоқ. Ғасырлар керуені көшіп – қонып, ғасырлар ауысқан сайын «Авеста» ашыла түскендей болады-ау, бірақ әлемдік теңіздегі алып айсберг секілді көп қырлы, көп сырлы, түгел көрініп түгесіліп болмайды. «Махаббат дегеніміз — құдай» деп бастаған үндіирандықтар еді.Олар отты ерекше құдай тұтқан ғой. Жалпы, «Авестада» айтылған ойлар, ұсыныстар, болжамдар, толғаулар, тракттар шығыс халықтарының рухани мәдениетімен, қазынасымен үндесіп жатады. Ахеменид, Парфиян, Сасанид секілді бір кездегі құдыретті Иран империяларыныңмемлекеттік тілі зорастризм болды. Бұл дінннің негізгі діңгегі: әр адам өз жанына, тағдырына жауап береді, сол адамның ойлары мен істері әлем тағдырына байланысты болуы керек. Зорастризм, манихей, хрестиян, юдаизм, гностицизм сияқты көптеген діндерге айналу ықпал етті.

«Авеста» «абастаг» деген пехлеви сөзінен шыққан, «орнату», «бекіту» деген мағынаны береді. «Авеста» — қасиетті жазу.

2.Зорастризмнің киелі кітаптарының жиынтығы, «Авестаның» пехлевиге түсінік, түсінктемемен аударылған түрін «Зенд», немесе «Авеста зенд» деп атайды «Авеста» мәтіндері сасанидтер кезінде (б.э.д. 3ғ.) ауызша бір канонға біріккен еді, Ал арнайы жазу формасына пехлеви әліппесінің негізінде 11 ғасырда түсті. Сасанид «Авестасы» 21 кітаптан құралған. Бізге жеткені – «Вендидат», «Ясна», толық жетпеді. «Висперед», «Яшты» бар , қалғандары жеке үзінділер түрінде ғана сақталған.

«Авеста»тілі шығыс иран, халықтарының, дәлірек айтқандаОрта Азия халықтарының ежелгі аузша Һәм жазбаша жәдігерлерінің негізінде қалыптасқан деседі. Бұл халықтар арасына зорастризм кеңінен тарап тұрған кез еді. И.М.Дьяконовтың, В.А. Лифшицтің пікірлері бойынша, жазбаша «Авеста» сасанидтер дәуірінің (ІІІ ғ.) бас кезінде болған. Оған дәлел ескі Нисадан табылған жаңа құжаттар болып отыр. Әрине, «Авестаның» жазбаша қалыпқа түспестен бұрын ауызша нұсқаулармен мәлім болғандығында шек жоқ.

Бізге «Авестадан» 63 мың сөз жетті. Бұл алыптың жұқаналары болса керек.

Ескерткіш «Ясна», «Яшты», «Висперед», «Вендидат», «Хурда», «Авеста» дейтін бөлімдерден тұрады.

«Авестаның» алғашқы жиынтығы көп тақырыпты, көп тараулы болып келді. Тек қана дінді уағыздамай дәрігерлікті, космографияны заңды қамтыды.Ислам келіп дүниеге өз үстемдігін орната бастаған кезде Зорас тризм кейін шегінде. Соның нәтижесінде «Авестаның» толық тараулары таратылып, кейбір үзінділері ғана қалды.

«Авеста» құрамында әр текті текстер кездеседі. Солардың ең ежелгі түріне «Гатылар» жатады. Сасанидтер тұсында «Авестадан»- 348 тарау қалған, бұдан 21 кітап шыққан.

Араб шапқыншылығы кезінде біраз қолжазбаларды өртеп жіберген.

«Авестада» бүгінгі күнмен үндесіп тұратын ойлар бар. Мысалы, «Авестаның» 17 дұғадан құралған ірі бөлімі, «Гатыда» жер үстіндегі тіршіліктің жақсы жақтары жырланады. Жер, мал шаруашылығы дәріптеледі. Табиғатты қызғыштай қорғап зұлым күштерге қарсы күресетін батырлар әрекеті сипатталады. Соныменқатар шаманизм белгілері шешендік өнер сахнаға шыға бастаған.

«Авестаның»ескі иран тілінде немесе авеста тілінде жазылған шығарма деп таниды. Осы күнге дейін бұл кітаптан үзінділер оқылады. «Авестаның» 2-ші басылымы «Зенд» — үзінділері оқылады.«Авестаның» 1-ші кітабы «Вендидат» — 22 тараудан құралған. «Заратушра» мен « Ахура Мазданың» арасындағы диалогтан тұрады. «Висперед» — 24 тараудан ал «Ясна» — 17, «Яшты» — 22 гимннен тұрады.