Ежелгі дүниенің классикалық әдебиеті

Ежелгі Қытай әдебиетінде Конфуцийдің адамды сүю ілімі жөнінде жазған еңбектері ерекше орын алды.

Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғарғы жаратушы күш – Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдығы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы – ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк ) осы теңсіздікті қорғайды.Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып,өлімінің, рухтың не екенін қайдан білеміз»,- деуінің өзі осыған айғақ деген Кун-фу-цзының зерттеуімен қазіргі күндегі зерттеушілеріміздің пікірін мақсат етіп салыстырғалы отырмыз.

Лекция мәтіні:

1.Ежелгі Қытай данышпаны Конфуций кедейленген ақсүйек әскербасы отбасында дүниеге келген. Ата – анасынан ерте айрылған ол тек 15 жасында ғана білімге құштарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттерінеарнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналаған. Оның көптеген ізбасарлары болған олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап, «Әңгімелер мен пікірле-» деген Конфуцишылдық ілімнің негізгі шығармасын дүниеге келтірді Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған.

  1. Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғарғы жаратушы күш – Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдығытеңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы – ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк ) осы теңсіздікті қорғайды.Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенінбілмей жатып,өлімінің, рухтың не екенін қайдан білеміз»,- деуінің өзі осыған айғақ.

Керісінше оның қарастыратын негізгі — адамдар арасындағы қарым – қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай, ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бірігіп, «дао» (дұрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның (дұрыс жолмен) жолымен өмір сүруі қажет.

Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз қалпында дамуы керек деп есептейді. Сондықтан билеуші – билеуші, шенеунік- шенеунік, әке — әке, бала- бала болып, аттарына байланыс ты емес, шын мәнінде қалуы керек.