Еңбек шарты (Контракт)

Белгілі жас пен белгілі білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы құжаттан басталады.

Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте “жұмыс беруші” және “жұмысшы” деп аталады), нақта бір міндеттерді өзіне алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.

Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез-келген құжат секілді еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.

Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдынғы жасалған келісімнің кейбір шарттары өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады.

Еңбек келісімі мыналардан тұрады:

І. құжат аты;

  1. келісімнің жасалған орны мен күні;

З. екі жақтың толық және нақты атауы;

  1. жұмыстың мазмұны мен сипаты, оны орындауға қажетті квалификация дәрежесі;
  2. келісім типі (негізгі жұмыс әлде қосымша істелген жұмыс);

б. келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде ұзақ уақытқа ма);

  1. келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін);
  2. сынау мерзімі;
  3. жұмысшының міндеттері;
  4. еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізғі міндеттері;

1 1 .жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат;

  1. еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет;
  2. ақшалай берілетін силық көлемі мен оның тәртібі туралы мәлімет;
  3. демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет;
  4. келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар;
  5. келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бұзылуы немесе қайта құрылуы мүмкін);
  6. келісім тоқтатылатын жағдай атап өтіледі;
  7. екі жақтың мекен жайы – мен реквизиттері;
  8. екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура);
  9. шартқа қол қойылған күн;
  10. келісім қосымшасы (егер бар болса);

Еңбек келісімін безендірудің қызметтік құжаттарды безендірудің жалпы талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А4 форматта қағазда таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайда жазбаша жазылады.

Енді еңбек келісімінің жазылуына нақтылай тоқталайық.

І.Құжат аты

Құжаттың толық аты мен нөмірі парақтың жоғарғы шетінен 3-5 интервал қалдырылып, орта тұсына үлкен әріптермен жазылады. Мысалы,

ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ №4

2.Келісімнің жасалған орны мен күні.

Елді мекеннің аты мен типі, келісім жасалған күн, ай және жыл көрсетіледі. Құжат атынан бір интервал төмен мекен аты- сол жаққа, дата – оң жаққа жазылады. Мысалы,

Алматы қаласы23 қазан 2000жыл

З. Екі жақтың толық және шартты атауы.

Келісім жасаушы екі жақтың әр қайсысының ресми аты және келісімде алынған шарттың атауы жазылады. Мысалы, “Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті атынан университет ректоры профессор Т.С.Садықов, бұдан былай қарай келісімде “жұмыс беруші” деп аталады, екінші жақттан филология ғылымының кандидаты Б.Сағындықов бұдан былай қарай келісімде “жұмысшы ” деп аталады.

  1. Жұмыстың сипаты мен мазмұны, квалификация дәрежесі. (Базалық шарттар)

Мұнда жұмыстың сипаты мен мазмұны оны атқаруға қажетті квалификация дәрежесі атап көрсетіледі. Жұмысшының мекеменің қай бөлімінде, кім болып істейтіндігі анық жазылады. Мысалы,

Жұмысшы Сағындықов Бекен Сағындықұлы қазіргі қазақ тілі кафедрасында доцент болып қабылданды.

  1. Келісім типі.

Мұнда жұмысшының негізгі жұмыс орны ретінде істейтіндігі я болмаса басқа жердегі негізгі жұмыс орнына қосымша істелетін жұмыс орны ретінде кіріп, келісім жасап отырғаны анық жазылады. Мысалы,

“Бұл еңбек келісімі негізгі жұмыс келісімі қосымша істейтін жұмыс келісімі” (керектісінің асты сызылады).

б. Келісім түрі.

Мұндажұмысшы уақытша әлде тұрақты жұмысқа қабыл-данғаны жөнінде жазылады. Келісім уақытша жасалса, себебі көрсетіледі. Мысалы,

“Жұмысшы уақытша бос турған орынға қабылданып отырғандықтан, келісім шектеулі мерзімге жасалады “.

  1. Келісім мерзімі.

Мұнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі. Даталар цифрмен де жазбаша да, я болмаса 2 вариантта да көрсетіледі. Мысалы,

“Келісім 2000 жылдың 20 мамырында екі мыңыншы жылдың жиырмасыншы мамырында күшіне енеді”. “Келісім 2001 жылдың 20 мамырында екі мың бірінші жылдың жиырмасынша мамырында өз күшін жояды “.

  1. Сынау мерзімі.

Егер жұмысшы сынау мерзімімен қабылданатын болса, онда оның мерзімі көрсетіледі. Бірақ сынау мерзімі келісім жасалған күнді қоса есептегенде бір айдан аспауы керек. Сынау мерзімі күнмен де аптамен де көрсетіле береді. Мысалы, “Жұмысшыға екі апта сынау мерзімі белгіленді”.

  1. Жұмысшының міндеттері.

Мұнда жұмысшының кәсіптік міндеттері айтылады. Ол қандай құжат (бұйрық, нұсқау т.б.) негізінде жүзеге асырылатындығы атап көрсетіледі. Мысалы,

“Жұмысшы

  • өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атқаруға;
  • келісімнің 1,3пунктінде айтылғанеңбек және өндірістік тәртіпті сақтауға;
  • техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
  • мемлекеттік құпияны жария етпеуге;
  • ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға міндетті”
  • Жұмыс беруші міндеттері.

Бұл бөлікте жұмысшыны қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасызету, еңбекақы төлеу мерзімі, медициналық сақтандыру, пенсиямен қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер айтылады. Мысалы, “Әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Пенсиямен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі”)

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!