Телефонхат (Телефонограмма)

Кітап суреті, оқулық

Телефонограмма — телефон я радио арқылы телефонограмма, радиограмма ретінде жеткізілетін жедел сипаттағы құжат.

Телефонограмманың жеделхаттан айырмашылығы сіз үшінші бір мекеме қызметіне жүгінбей өз ақпаратыңызды телефон я радио арқылы алушыға тікелей мәлімдей аласыз. Ол байланыстың келесі бетінде тұрып сіз айтқан ақпаратты жазып алады. Телефонограмма мәтіні аса күрделі болмауы керек.

Телефонограмма формуляры: жіберілген хабардың аты, нөмірі, жіберілген күні және қабылданған уақыты жөніндегі мәлімет, байланыс жүйесін іске асырған адамның аты-жөні, телефон я рация нөмірі.

Телефонограмма, радиограмма мәтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылады, оған мекеме бастығы немесе жауапты қызметкер қол қояды.

Бұл құжаттың ерекшелігі оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі. Телефонограммалар басқа қызметтік құжаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.

Үлгі

Телефонограмма.

12.07.2000 N 24.

Шығармашылық ұйымдардың жетекшілеріне.

14 маусым күні сағат 11″°-де Республика сарайында Республикадағы шығармашылық ұйымдар жетекшілерінің Халықаралық конкурсқа кандидатуралар дайындау жөнінде бас қосуы болады.

Қол қойған: Республикалық

шығармашылық ұйымдар

бірлестігі ақпарат

бөлімінің бастығы Н.А. Абрамов

Жіберген: хатшы Г. Бейсембаева

12.07.2000 күні сағат 1000-де қабылдап алған Г. Әшімова.

Телефон, радио байланысы арқылы құжаттарды жіберіп қабылдаудың әлсіз жағы Қазақстандағы телефон, радио байланысының әлі де талапқа сай құрылмағандығы, техникалық құралдардың нашарлығы.

Телефонограммамен жұмыс істейтін қызметкер епті, мәтінді тез жазып алуға қабілетті, даусы анық, дикциясы жақсы болуы керек. Есту қабілетінің жақсы, қолы ширақ болуы да міндетті. Кеңсе қағаздарына қатысты жұмысты да, телефон байланысын да жақсы меңгерген адам болғаны жөн.

Мекемеде жіберілген, келген телефонограммаларды тіркеп отыратын арнайы журнал болуы керек. “Телефонограммалар журналы” екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен телефонограммалар жазылады, екінші бөлігі жіберліген телефонограммалар мәтіндерін жазуғаарналады.

Телефонограмма құрылымының жеделхат құрылымынан көп айырмашылығы жоқ. Телефонограмма құрылы

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!