Жеделхат (Телеграмма)

Кітап суреті, оқулық

Жеделхат — телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат.

Күнделікті қызмет барысында ақпарат немесе мәліметтің кейбірін екінші адамға я мекемеге жедел жеткізу қажет болатын жағдай жиі кездеседі. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбаттау, оның үстіне біз чертеж я фотография жібермейтін болсақ факсты қолдану міндетті емес. Телефон арқылы жүргізілтен әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады. Жеделхаттың тағы мынадай артықшылықтары бар:

мекеменің кез-келген қызметкері жеделхат мәтінін құрастырып жібере алады.

виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау сияқты формальды нәрселердің қажеттігі болмайды.

жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан әркез жіберуші мен алушы туралы мәліметті қамтиды.

қажет болған жағдайда жеделхат тексі мен онда берілген мәліметті растауға болады.

жеделхаттар қалай тез жіберілсе, солай тез жеткізіледі.

Телеграф байланысы басқа байланыс түрлерімен салыстырғанда арзан және сенімді. Жеделхат жібере отырып оның белгіленген жеріне ең ұзақ дегеңде 10-12 сағаттан соң, қажет болса 1 сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады.

Жеделхатты дұрыс жазу үшін мыналар есте болғаны жөн:

жеделхат мәтіні қысқа, дәл, анық, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың бағасы да төмен болатыны есте болғаны жөн.

жеделхат мәтінінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды.

кейбір сөздерді қысқартып жазуға болады, керісінше шатасып кетпес үшін цифрлар жазбаша беріледі.

мынадай ретпен жазылады — алушы адресі, мәтін, жіберуші адресі.

жеделхат тексі анық оқылатындай болып жазылу керек және ешбір түзетулер (әсіресе адрес пен цифрлар жазылған бөлігінде) болмағаны жөн.

Жеделхаттар ішкі және халықаралык болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберіліп қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар “өкіметтік”, “жедел” және “жай” болып үшке бөлінеді. Жедел белгісімен жіберілетіндерге өкіметтік және жедел жеткізілу үшін арнайы жоғары тарифпен төленген жеделхаттар жатады.

Қызметтік жеделхат мәтіні 2 дана етіп дайындалады. Аралығы 1,5 интервал. Жеделхат мәтінінің басы ғана азат жолдан басталады. Екінші азат жол тек қол қойылғанда ғана беріледі. Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың категориясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен адресі, мәтін, қол. Бұл реквизиттер сызықтың жоғарғы жағына жеделхаттың формуляр деп аталатын бөліғінде жазылады. Сызықтың сыртына төленбейтін реквизиттер, яғни, жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі, дата, автордың мекен жайы.

Әрбір мекемеде жеделхаттарды тіркейтін арнайы журнал (А4 форматты қатты мұқабалы дәптер) болуы керек. Журнал екі бөліктен тұрады. Бір бөлігі келіп түскен жедел-хаттарға арналады, мұнда мекемеге келген жеделхаттар тігіледі я желімденеді. Төменгі жағына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады, резолюция жазылады.

Жіберілген жеделхаттар бөлігінде жеделхат мәтіні жазылады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!