Жедел хаттар

Жеделхат (телетайпхаттар)-ақпарат беру әдісі (телеграф) жағынан бірдей, әртүрлі мазмұндағы құжаттардың жалпы түрдегі жинақтама атауы.

Жеделхаттың ішіне мыналар кіреді: қай категорияға жататыны туралы белгі (үкіметтік, халықаралық, жедел, категориясы жоқ, кезектен тыс, шторм, байланыс, апат); мекен-жайы, мәтіні, мәтінге қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, жіберуші ұйымның байланыс мекен-жайы, жіберуші лауазымды адамның қолы, мөр, күні.

Жеделхаттар сондай-ақ тапсырылғанын ескертетін, талап ету бойынша алатын, қабылдаушының өз қолына тапсырылатын. жеткізіліп берілетін, жауабына ақысы төленген түрлерде де болады.

Жеделхаттар мен телетайпхатгар арнайы баспахана қағаздарына толтырылады, олар жоқ болса, қажет пішімдегі жай қағазға толтырылады. Жеделхаттың екінші данасы (көшірмесі) ұйымның іс қағаздарында сақталады.

Оның мәтініне ерекше телеграф стилі тән: көмекші сөздер. шылаулар, жалғаулықтар, тыныс белгілері болмайды. Көп белгілі түрлері болмаса, сандар сөзбен жазылады. Мәтін қысқа, жинақылықты қажет етеді, екі ұшты, астарлы болмауы тиіс. Екіұшты түсінік тууы мүмкін жағдайда тыныс белгілері қысқарған сөздерден құралады: НКТ-нүкте, ҮТ-үтір, ҚТ-қос нүкте, ТР-тырнақша, НР-нөмір.

Халықаралық жеделхаттар орыс және латын шрифтерімен басылады. Халықаралық жеделхат мәтіні 1,5 аралықта, тасқа басылған әріптермен, жаңа жолсыз, тасымалсыз, түзетулерсіз басылады.

Халықаралық жеделхаттың мекен-жайы бөлімінде жеделхаттың категориясы туралы белгі, қабылдаушының аты, жіберілген елдің атауы көрсетіледі. Мәтінге ұйым басшысының қолы қойылады.

Халықаралық жеделхаттың сол жақ төменгі бұрышында нөмірі, күні, орындаушының аты-жөні, қызмет телефонының нөмірі көрсетіледі.

Телефонограммалар бір данадан жасалып, оған басшы не орындаушы қол қояды. Мәтіні 50 сөзден аспауы керек. Телефонограмма бірнеше кабылдаушы бойынша берілсе, онда қабылдаушы мекемелердің тізімі мен телефон нөмірлері қоса беріледі.