Қазақ тілі — мемлекеттік тіл

Тіл — адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден-ақ пайдаланылған.

XIX ғасырдың аяғында жүргізілген санақ бойынша Қазақстанда жергілікті ұлт үлесі — 81,1% болған. Яғни Қазақстанда ол кезде біртекті тілдік орта болған. Бұл тілдік ахуалмен Ресей билеушілері де санасуға мәжбүр болған. Қазақ даласындақызметатқарғангубернаторлармен оның төңірегіндегілер тілмаштар ұстаған. Қазақша білу қазақ даласында қызмет атқаратын патша чиновниктеріне қойылатын қатаң талаптар катарына жатқызылған.

1920 жылдардан кейін қазақ тіліне деген көзқарас әр кезенде әр түрлі болды. Қазақ тіліне мемлекеттік дөреже беру туралы мәселе кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілді. 1920 жылы Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін колдануда тең құқылы деген шешім кабылданды. 1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы бойынша қазақ және орыс тіддері республикада мемлекеттік тіл болып танылды. 1938 және 1978 жылдары қабылданған Қазақстан Конституцияларьінда мемлекеттік тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған. 1989 жылы қабыл-данған Қазақ ССР-інің Тіл туралы заңында, одан кейін Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдарда қабылданған жаңа Конституциясьшда қазақ тілі — Қазақстан Респуб-ликасының мемлекеттік тілі больш бекітілді. Тіл заңында қазақ тілі мемлекеттік қамқорлыққа алынатыны атап көрсетілді.

1938 жылы 5 көкекте «Қазақ мектептерінде орыс тілін мәжбүрлі оқыту туралы» арнайы қаулы шықты. Оны жүзеге асыруды жеделдетуге бағытталған шаралар жүргізілді. Сол кездегі оқу-ағарту министрінің орынбасары А.Аюповтың «Республикадағы қазақ және басқа орысша емес мектептерде орыс тілін оқыту жайы туралы» баяндамасында қосымша оқулықтар шығару, орыс тілі сабақта-рының санын көбейту, жалақы төлеу тәртібін қайта қарау, қазақ мектептеріндеорыс тілі бойынша арнаулы нұсқаушы қызметін енгізу сияқты орыс тілін оқытуды жолға қою, орта білім беретін мектептер және жоғары оқу орында: рында орыс тілін оқытуды күшейту шаралары белгіленді.

Еліміздегі тілдік ахуалға қатысты белсенді қозғалыс 1980 жыддардың аяғы мен 1990-шы жылдардың басыңда етек адды.

  • жылы Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы қабылданды.
  • жылы Қазақ тілі және Қазақ ССР-індегі басқа да үлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалды. 1993 және 1995 жылдары қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік статусқа ие бодды. Тіл заңын жүзеге асыру үшін 1989 жылы «Қазақ тілі» қоғамы, 1993 жьглы Қазақстан үкіметі жанынан Тіл комитеті құрылды.

Тіл туралы Заңның, әсіресе қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесінің іс жүзіңде көтерілуіне кедергі келтіретін қиындықтар аз емес. Сол себепті Тіл туралы Заңды күшіне келтіру туралы Қазақстан үкіметінің Мемлекеттік бағдарламасы толық орындалмай келеді. Республикадағы қалыптасқан қазіргі тілдік ахуал өзінің перспективалық моделінен әлі де алшақ тұр. Оның себебі біріншіден, қазақ тілі мемлекеттік өмірдің барлық қоғамдық маңызды салаларында талап етілмей келеді, екіншіден, үлтаралық қарым-қатынас тіліне де айнала алмай келеді, үшіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің басым көпішілгі қазақ тіліңде еркін сөйлеп, еркін жаза білмейді.

Қазақ тілі сыртқы қатынас, табиғи және техникалық ғылымдар, өнеркәсіп, өндіріс орындары, қарулы күштер, ғарышкерлік, медицина, фармацевтика т.б, осы сияқты салаларда қолданыс таппай келеді.

Тіл зертеушісі Н.Уәлиүлы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің мынадай алғы шарттарын атап көрсетеді: «… сол тілді қолданушылар санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы. Республиканың барлық аймақтарында таралуы, қоғамдық өмірдің ор алуан саласыңда қызмет етуі және әр түрлі қоғамдық қызметінің болуы, соңдай-ақ қазақ тілінің құрылым жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстурі бар ұлттық тілдердің бірі ретіңдегі ішкі тілдік факторлардың болуы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Қазақ тілі, өзге де тілдер тәрізді, жалпы адамзаттық құндылық».

Әлеуметтік тіл білімінің маманы Б.Хасанов Қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болуына орай оны білудің қажеттілігін туғызып отырған себептер мынадай деп атап көрсетеді: 1) қазақтардың республикада үлес салмағының басым болуы және оның соңғы жылдарда үздіксіз өсіп отыруы. Мысалы, 1959 ж. қазақ халқы республика тұрғындарының 30 проценті болса, 1992 жылы 42 процентін құрап отыр; 2) республиканың барлық жерінде азды-көпті қазақ тілді ортаның қалыптасуы; 3) көп ұлтты ауыл-село тұрғындарының тең жартысынан астамы қазақтар болғандықтан, қазақ тілінің ұлтаралық қатынаста жұмсалуы; 4) қазақтардың ТМД республикаларында көп екені, ондағы жүзден астам үлт пен үлыс ішінде бесінші орын алатыны (қазақ тілі кіретін түркі тілдері ТМД республикаларында славян тілдерінен кейінгі екінші орында); 5) қазақ тілі ғылыми тұрғыда зерттелген, сөйлеушісі көп тілдердің бірі екендігі. Қазір дүние жүзінде 5651 тіл болса, қазақ тілі соның ішіңде сөйлеушісінің саны жағынан алғашқы 70 тілдің санатында екені; 6) қазақ тілін білу қазақтар саны жағынан басым көп ұлтты аймақтарда өзге ұлт өкілдері үшін аса қажет екендігі; 7) қазақ тілінің қоғамдық қызметінің ауқымы уақыт талабынасай кеңейіп бара жатқандығы.»

Қорыта келгеңде қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанымен, қоғамдық өмірдің барлық саласында толыққанды қызмет ете алмай отыр. Оған әр түрлі жағдайлардың себепкер болып отырғаны мәлім.

Тіліміздің қолданыс аясын кеңейту бағытында жүргізіліп жатқан әр түрлі деңгейдегі шаралар сөз жоқ көп ұзамай өз нәтижесін берері даусыз. Бұл бәріміз үшін сын. Оған баршамыз атсалысуымыз керек-ақ.