Мәтінді қисынды талдау.

Кітап суреті, оқулық

Жазушының шедерлігі “ қажетті жалғыз сөзді” табуда деген екен орыстың ұлы жазушысчы Л.Н.Толстой. Ал біздің басты міндетіміз – жазушының айтар ойын түсіну, қажетті сол сөздің құпиясын танып білу.

Біз ойымызды ашық айтуды, жазбаша және ауызша сөйлемді дұрыс құрауды үйренеміз. Алайда мұнда біз кейбір заңдылықтырды ғана сақтаймыз. Мысалы, ауызша сөйлемді айтқанда, екпінін қойып, оның әуезді шығуына көңіл бөлеміз.Бірақ бұл суретті бейнелеу тілінде өмір бойы әуезділікті сақтаудеген сөз емес.Сол және басқа да шығармадан алынған үзінді екпініне байланысты әр түрлі болуы мүмкін Міндеттісі сол – екпін дұрыс болуы тиіс, ол айтар ойды тура жеткізуі керек, ол үшін сол ойға өзіңше енуің қажет.

Бұл әдіс мәтінді қисынды талдау кезінде кеңінен қолданылады. Біз автордың айтайын деген ойын ашу үшін ең қажаетті мәтәнді, елестетуді, ойды оқып үйренеміз. Бұл өз кезегінде қажеті сөзде қажетті екпіннің тууына себепкер болмақ.Табылған ойдың нақты мазмұнын бекіту үшін екпінді ойды сақтамай, ойдың қисынды жүрісін сақтаған жөн. Бұл жаңа жолдың, үзіндінің, сөздің нақты, әуезді шығуына ықпал етеді.

Қисынды талдаумен қатар ауызша тілдің заңдылықтарымн де танысуға болады. К.С. Станиславский ең алдымен ана тілін талап еткен. Әдеби – көркем

Шығармада және рөлмен жұмыс барысында.

ауызша сөйлеудің өзіндік мәнерін қолдану тіл заңдылықтарын білуге итермелейді. Қисынды талдау мәтінді шығармашылық меңгеру болып табылады. Бұл елестетумен және мәтінмен тығыз байланысты.

  1. Тыныс белгілері. Грамматикалық кідіріс.

Тыныс белгілеріне байланысты кідірісті – грамматикалық кідіріс деп атайды.

Тыныс белгілері автордың айтайын деген ойын ашу мақсатында орындаушының бірден – бір көмекші құралдары болып табылады. Мәтіндегі әрбір тыныс белгісі бізге автордың ойын тыңдаушысына нақты және айқын мүмкіндік бермек. А.П. Чехов тыныс белгілерін «оқу барысындағы нота” деп атаған екен. Тыныс белгілері жазба мәтіндерді ауызша баяндау барысында, мағынасына байланысты белгілі – бір бөлімдерге бөлу үшін қолданылған.

Қазіргі қазақ тіліндегі тыныс белгілері: нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте, үтір, нүктелі үтір, сызықша, қос нүкте, тырнақша, жақша.

Бұл тыныс белгілері мәтіннің бір бөлімін енкіншісінен айыру үшін қолданылады. Кейбір тыныс белгілері бір сөйлемнің ішіндегі бір ғана сөзді анықтау үшін қолданылады.

Қисынды кідіріс:

Қисынды кідіріс – дауыстап мәнерлі оқудағы маңызды құралдардың бірі. Қисынды кідірістің орны мен ұзақтығы әр жерде әр түрлі. Өйткені қисынды кідіріс қойылған кезде, күрделі сөйлемдердің белглі бір бөлігі бір – брінен алшақтайды. Қисынды кідіріс – сөз бен сөйлемнің ішкі мағынасын ашатын өлшемдік белгі.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!