Көркем тексті филологиялық талдау.

Көркем тілде лингвистикалық талдау тексті толық, жан-жақты кең түрде түсінуді қамтамасыз ететін далпы филологиялық талдаудың алғашқы баспалдағы. Көркем тілге тілдік талдау жасау тексте жазушы қолданған тілдік құралдардың мәнін ашуға құралады. Текстегі тілдік тұлғалардың мән-мағынасын әбден білмейінше олардың неліктен қолданылып тұрғанын, өзіне қандай көркемдік мақсат жүктейтінін көркем бейне құруға қаншалықты ат салысып тұрғанын ашу былай тұрсын текстің жай қарапайым мазмұнын түсіндірудің өзі мүмкін болмайды.

Текстегі тілдік тұлғалардың мәнін ашып айқындау тілдік түсініктеме беру тәсілі арқылы жүргізіледі. Ол үшін асықпай, баппен ондағы қолданылған әрбір тілдік тұлғаның мән-мағынасына зер сала, қадала оқу керек. Мұның алдына текстпен оның тақырып-мазмұнымен, жазушының айтайын деген ой, идеясымен танысу мақсатында жалпы түрдегі оқу болатыны түсінікті. Тексте стилистикалық талдау- мазмұнын формалану сипатын ашу, яғни тексттік құрылымын ашу деген сөз. Ондай стилистикалық талдаудың әдістемесі де соған сай болуы тиіс: талдау жекелеген тілдік тұлғаларды табу, анықтау тұрғысынан емес, ол олардың байланыстарын, қарым қатынастарын ашу тұрғысынан жүргізіледі. Өйткені көркем текст – тілдің бейнелікөркем тұлғаларының жай қосындысы емес көркем тілдік тұлғалар өздігінен жеке тұрып мәнділікке ие болмайды, ал олардың ұйымдасу тәсілдері, бір-бірімен байланыс қатынасы мәнді. Сондықтан текстің құрылымдық композициялық негізін құрап, оның ұйымдастыратын тәсілдерді зерттеу маңызды. Сонда ғана стилистикалық талдау шығарманың негізгі идеясын, басты айтар ойын жан-жақты, терең түсінуге алып келеді. Басқаша айтқанда, текстің жалпы құрылымдық ерекшеліктерін зерттей отырып, ол ерекшеліктерді мазмұндық ұғым, категориялармен байланыста алып, әр бір нақтылы тексте олардың қарым-қатынастарының қандай болатынын ашу керек.

Стилистикалық талдауды текстте қандай тілдік тұлғалардың қолданғаны емес, олардың қандай қолданғаны не үшін, қандай мақсатпен қолданғанының сыры ашылады. Тілдік тұлғалардың текстін көркем бейнелі мазмұнын ұйымдастырушы эстетикалық қызметіне назар аударады. Мұның мақсаты – көркем тексте қолданылған тілдік құралдардың шығармалық, идеялық көркемдік мазмұнын бейнелеуге қатысын анықтау. Көркем тілде көңіл аударған әрбір тілдік факты мазмұны мен қызметі жағынан алдымен лингвистикалықтұрғыдан сосын барып стилистикалық – эстетикалық тұрғыдан түсіндірілуі тиіс.

Тілдік талдау ең қарапайым түрі. Оның мақсаты-көркем тесте пайдаланған, әдіс шығарманы дұрыс ұғынуға тікелей қатысы бар тілдік тұлғалардың мән-мағыналары мен қолдану жағдайларын ашып беру.

Бұл, сөз жоқ, әдеби туындысы дұрыс әрі толық түсінуге көмектеседі. Тілдік талдаудың алғашқы басқышы – көркем шығарма текстін мәнерлеп оқу.

Мұнда шығармалардағы экспресивтік – эмоционалдық жүк көтеріп, өзіне айрықша міндетті артып тұрған сөздермен аралымдарға мән бере интонациясын әуелін сақтап сол арқылы жазушысын сөз қолдану ерекшелігін толық ұғынарлықтау оқу күрделі.

Тілдік талдаудың негізгі обьектісі- шығармасының сөздік құрамы. Сөз құрамымен жұмыс жазушы қолданған сөздері мағынасын ашып айқындау үшін қажет, өйткені, сөз мағынасы тілдік өзгергіш бөлігі: Ол оқушыға түсініксіз болса тексті түсіндіруге де қиындық туғызады. Текстегі кейбір сөздердің шығу тарихы, қолдану аумағымен жиілігі актив не пассив қолданысы.

Бұл жұмысшылардың бәрі де тілдік талдаудың алғашқы сатысы. Ол тілдік түсініктеме беру деп аталады. Текстегі сөздердің, граматикалық тұлғалардың сыр-сипаты ашылады, қолдануда шығып, көнерген сөздермен тіркестердің деаликтиздермен қарапайым мен жаргон сөздердің мән мағыналары анықталады. Сөйтіп тілдік түсініктеме жасаудың міндеті тексті түсінуге қажетті фонетикалық лексикалық, грамматикалық тұлға құрылымдарменкатегориялардың мазмұнын ашу.