Көркем тексті лингвистикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері.

Тілдік талдау өзінің сипаты, тереңдігі, ауқымы жағынан әр алуан болып келеді. Оның әсіресе тарихы тақырыпқа жазылған шығармаларды түсіну үшін қажеттігі айқын. Текст әрі қарай эстетикалық тұрғыдан қабылдау үшін жүргізілетін талдау түрлері- тілдік стилистикалық және стилистикалық талдаулар. Бұлар талдаудың алғашқы түріне қарағанда күрделірек. Кейбір зерттеулердің пікірінше алдымен тексте тілдік, стилистикалық талдау жасап алып, әдеби талдауға кейіннен көшу керек.

Тілдік талдаудың алғашқы басқышы көркем шығарма текстін мәнерлеп оқу. Мұнла шығармадағы экспресивтік- эмоционалдық жүк көтеріп өзіне айрықша міндет көтеріп тұрған сөздермен оралымдарға мән бере интонациясын әуенін сақтап сол арқылы жазушының сөз қлдану ерекшелігі толық ұғынарлықтай оқу көзделеді. Мәнерлеп оқуға тұтас бір бөлігін не кішкене көріністі алуға болады. Бірақ оның өзі жазушы тілінің ерекшелігін танытатындай болуы керек.

Көркем тексті лингвистикалық тұрғыдан талдау бірнеше міндеттерді шешуге алып келеді.

1.Лингвистикалық және статистикалық талдаулар көркем шығарманы түсініп оқудың жоғары мәдениетін қалыптастырады. Көркем туындыны оймен сезім арқылы белсенді қабылдауға, оқырманды суреттермен бірге толғанып, көркем образды бірге сомдауға баулиды. Сонымен қатар оқушының жалпы тілдік құбылыстарға серіктігін арттырады. Көркем шығарманы өнер туындысы ретінде қабылдап, эстетикалық сезім талғамының ұштасуына жәрдемдеседі.

2.Әдеби туындының идеялық көркемдік болмысын шынайы терең түсінуге оның бірінші элементін тілін талдау арқылы ғана қол жеткізеді. Бұл тұрғыдан тілдік талдау стилистикалық және әдеби талдауларға жәрдемші. Олай болатын себебі, тілдік тұлғалармен категориялар көркем тексте өздерінің тікелей ұғымдық мәндерінде ғана жұмыс алып қоймайды. Көркем текст құрамында жүзеге асатын олардың мән-мағыналарының көлемі беретін хабар-информациясының сырын ашуға қуылады. Н.М.Шанскидин сөзімен айтқанда, тілдік талдау “былай болып қарағанда жай қатардағы, өте қарапайым сөздермен тіркестердің поэтикалық сиқырлығын бағалауға олардың эстикалық әсердің күшін ғана емес механизмін сезінуге мүмкіндік береді”.

Көркем шығарма тілі әдеби тіл фактісі болғандықтан, әбеби тілде болып жатқан барлық өзгерістерді өз бойында қамтып отырады. Көркем текстегі сөздер тіркестеу басқада тілдік тұлғалармен категорияламен қазіргі әдеби тілде жоө күні өткен немесе әлі ене қоймаған жаңа құбылыс болуы мүмкін. Сондықтан көркем текст басқада текст түрлерімен біргелікте әдеби тілдің даму заңдылықтарын анықтауға обьект болатын тілдік дерек ретінде қарастырады.

Көркем тексті талдағанда, айрықша ескеретін жай: тілдік компоненттерді жеке дара емес, тұтас алып таңдау мәселесі болмақ, өйткені, жекелеген сөз морфологиялық тұлға, синтаксистік не фонетикалық өз алдына жеке образдар жасап тұрсада олардың барлығы жиылып көркемдік құрылым жасайды. Қорыта айтқанда, тілдік талдау жалаң емес шығарманың идеялық мазмұнына байланысты талдау керек. Тексті тілдік стилистикалық талдаулардың негізгі мәні көркем шығарманың идеялық-образдық мазмұнын тереңдей түсіну болып табылады.

Көркем әдебиеттен тәлім алу текстті білуге, соған творчествалық оқу өнеріне байланысты. Ең алдымен бала көркем шығарманы оқығанда одан ләззат алғаны жөн.

Шығарманы бір емес бірнеше рет оқу керек сода ғана тереңіне бойлап сыр сипатын ұғасын. Жалпы өнерде соның ішінде көркем әдебиетті олардың табиғатын, жаратылысын к­өркемдігін, көркем образдың ерекшелігін, өнердің мазмұнымен заңдылықтарын- осылардың баршасын әдебиет танымдық ғылымсыз, оның теориялық негізін біліп тану қиын. Әдебиет танымдық әдіс тәсілдерге жетік болмайынша шығармаға талдау жасай алмаймыз. Біз жетік талдау үшін ғылымға енген жаңалықтарды да білуіміз қажет.

Көркем шығармаға талдау жасау үшін мұғалім шәкірттерді көркем текстке терең бойлату керек, яғни творчествалық әдісті пайдаланылады. Шәкірт неғұрлым көп білсе, сұрақ тапсырмалар шәкірттерді текстке үңілдірсе қызықты сипатта болса соғұрлым шәкірттердің көркем туындыны қабылдауы арта түседі.