Когнитивті лингвистика жеке ғылым саласы

  1. 1. Тіл немесе лингвистика – тіл және оның даму заңдары туралы ілім.

Тіл қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір – бірімен қарым қатынас жасау құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылыс болады. Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары өзінің тиісті салаларында мысалыға: Тіл және оның әртүрлі салалары даму, біртіндеп жетілу күйінде болады. Тілдіңәр түрлі салаларының даму сипаты мен қарқыны түрліше болуы мүмкін. Тіл және оның салалары тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамиды. Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан қарастырып, сипаттама беретін және шығуы мен тарих бойында даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімі бар.

  1. Сипаттама тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика.
  2. Тарихи тіл білімі немесе диахрониялық лингвистика.

1.Сипаттама фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстың құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара байланыстарын белгілеп айқындайды. Фонемалардың құрамын белгілеп айқындау олардың пайда болып қалыптасуы немесе шығып қалуы туралы мәселемен тығыз байланысты. Осылай болғандықтан сипаттама фонетика фонемалардың тарихы да еске алынады. Алайда сипаттама фонетиканы ауыстыра алмайды. Фонетиканың бұл түріне қатысты фонология деген термин де қолданылады.

2.Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тархының әр түрлі дәуірінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді.

2.Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білудің де маңызы өте – мөте зор.

Лексикологияның енді бір саласы – салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің сөздік құрамын, ондағы сан алуан сөздерді бір – бірімен салыстыра отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің лексикасын салыстырып қана қоймайды, оларды тарихи даму, өзгеру тұрғысынан қарастырады.

Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгерілу жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады. Лексикологияның семасиологиямен тығыз байланысты бір саласы – ономасология деп аталады.

Ономасологияның айрықша бір саласы – ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді:

  1. Антропонимика кісі аттарын зерттейді.
  2. Топонимия географиялық атауларды зерттейді.
  1. Ономастика деген терминнің орнына кейде ономатология деген термин де қолданылады. Бұлар өзара синонимдес терминдер. Бұл термин грек тілінің опота «от атау» деген сөзінен алынған.
  2. Ономатология грек тілінің«от, есім, отау» деген мағынадағы опота деген сөзі мен “сөз, білім” деген мағынадағы Логос деген термин.
  3. Антропонимика грек тілінің «кісі, адам» деген сөзінен алынып жасалған термин.
  4. Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді.

Грамматикалық құрылыс – белгі бір тілдегі грамматикалық қатынастардың жүйесі. Грамматика бір-бірімен байланысты екі сала морфология және синтаксистен құралады.

Морфология – сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері , сөздердің түрленуі, олардың формалары және сөздердің лексика грамматикалық топтары туралы ілім.

Синтаксис – сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемде тіркесуі туралы ілім.

М.Горькийлингвистер – тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармай тұра алмайды, өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып саналады. Ал идеалистік көзқарастарға философтар мен лингвистер Гумбольт, Фосслер, Уорф т.б бұған қарама – қарсы теорияны уағыздайды.

3.Тілді биологиялық құбылыстың қатарына жатқызатындар, мысалы, неміс лингвисі Август Шлейхер тілдің өмір сүруін екі дәуірге бөліп, оның бірі

  1. Тарихқа дейінгі дәуір.
  2. Тарих бойындағы дәуір.

Ол тілдің дамуы тарихқа дейінгі дәуірде ғана болды деп есептейді де, ол тарих бойындағы дәуірді тілдің құлау, біліну дәуірі деп санайды.

Лингвистер ХІХ ғ-ға дейін де әртүрлі тілдердің белгілі – бір ұқсастығына, бірлігіне назар аударды, бірақ олар сәйкестілік пен айырмашылықтарды салыстыра зерттеудің тәсілдері мен мақсатын көрсете алмады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!