ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен басқару, дамыту мəселелерi Қазақстан Республикасы экономикалық саясатының негiзгi мiндеттерi болып саналады. Соңғы жылдары қабылданған бағдарламалар, тың тұжырымдар мен заңдық-құқықтық актiлер – мiне, осының айғағы. Осы жағдайда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) табиғатты қорғау, сақтау саласының басым бөлiгi ретiнде қарастырып, оны тұтастай дамыту мiндетiн орындау тек табиғат қорғау мамандарының ғана емес, қоғамда өмiр сүретiн əрбiр адамның мiндетi əрi мемлекеттiң əлеуметтiк — экологиялық — экономикалық болашағын айқындайтын негiзгi, нақты факторларының бiрi.

Адамзаттың кездестіретін проблемаларының ішінде ең бастысы, бұл- адамның өзінің өмір сүруі тәуелді болатын биологиялық түрлілікті сақтау. Дегенмен, биота барлық стрестік факторлерге төзімсіз, әсересе антропогендік факторлерге. Сондықтан да сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, ерекше экологиялық, ғылыми және реакциондық маңызы бар бірегей эталонды учаскелерді, табиғи, тарихи–мәдениет кешендер мен нысандарды сақтаудың ең тиімді шаралары – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жасау болып табылады.Қазақстандағы ЕҚТА ауданы елдің барлық ауданының (қорықтар, ұлттық парктер және басқа қорғалатын аумақтар түрлері) 8,2% құрайды, ал әлемдік танылған стандарт бойынша 10-12% кем емес [1].

Адам баласы ХХ-ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп-қатердің бірі — қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық, дәрежеде қорғау жалпы мақсатқа жетудегі негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең ірі және беделді табиғат қорғау ұйымы халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы-JUCN) болып табылады, оған бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл әлемнен алты белгілі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше мыңдаған сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі — қорғалатын территориялар жөніндегі Әлемдік комиссия (WCPA), табиғи экожүйені қорғаудың теориялық және практикалық мәселелері мен айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау мен бағалау жүргізеді, тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын табиғи территориялар жүйесін құруға ұсыныстар дайындайды.

ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын территориялардың Бүкіләлемдік конгресін өткізеді, онда табиғи экожүйелерді қорғаудағы қазіргі жағдай мәселелері қаралады және келешекке жоспар жасалады. 2003 жылы Дурбан қаласында (ОАР) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгресс комиссия жұмыстарын қорытындылай келе, биоәртүрлілікті қорғау және оның тұрақты дамуы үшін қорғалатын табиғи территориялар маңызын қайта бағалады. Оның ішінде, өткен онжылдықта табиғатты территориалдық қорғау мәселесінде ХТҚО келесідей нәтижелерге қол жеткізді:

— қорғалатын территориялар Биоәртүрлілік жөніндегі Конвенция пікірін іске асыруда негізгі топ болып танылды.

— 1992 жылдан бері әлемдегі қорғалатын табиғи территориялардың жалпы саны және олардың көлемі екі еседен көп ұлғайды: қазіргі кезде, Антарктиданы қоспағанда, құрлық бетінің 12%-ынан көбі қорғалады, тек территорияның, 10%-ына ғана қатаң қорғау тәртібі таралған.

— әлемдік мұраның табиғи және табиғи-мәдени нысаналар саны 101-ден 172-ге өсті, және де табиғи және мәдени қазыналарды қатар қорғау қажеттілігі одан да бетер ақиқат болып отыр.

Бұрын қорғалатын табиғи территориялардың адам баласының басқа саладағы мүдделерімен байланысы толық емес еді. Сондықтан Дурбан конгресі келешектің негізгі бастамасы қорғалатын табиғи территориялардың біртұтас жалпы жүйесін құру туралы қаулы қабылдады. Әлемдік үлгі талабы бойынша мемлекет территориясы көлемінің 10%-ынан көбі қорғалатын табиғи территория болу керек.

Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан, қорғалатын территориялардың әлемдік жүйесінің дамуына маңызды рөл атқарады. Біздің мемлекетімізде қорық құру тарихы 1922 жылдан басталады. Бұл жылы мәдени және көне табиғи ескерткіштерді қорғау жөніндегі Түркістан комитеті құрылған, ол алғашқы рет сол аймақта қорық құру қажеттілік мәселесін көтерді. 1926 жылы Орта Азия мен Қазақстанда бірінші рет Ақсу-Жабағылы қорығы ұйымдастырылды [2].

Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның қорықтары, ұлттық бақтары, қорықшалары мен табиғи ескерткіштері құрлықтың алтыдан бір бөлігін алып жатқан, үлкен мемлекеттік қорғалатын территорияларының біртұтас жүйесінде болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан ауыр экономикалық жағдайды бастан өткізді, бұл жағдай қорғалатын табиғи территорияларды зор шығынға ұшыратты. Қаржының жетіспеушілігі жұмысшы адамдар санын қысқартуға және табиғат қорғау жөніндегі көптеген жете зерттелген мәселелердің жабылуына әкелді. Жағдай тек соңғы 6-7 жыл шамасында ғана оңалып келеді. Қазіргі кезде Қазақстан әлемдік экономикалық жүйеге одақтасуға және әлемдік бірлестіктің толық құқықты мүшесі болуға талпынып жатыр. Бұл мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық өмірдің көптеген жақтарын өзгертуді талап етеді. Осындай талаптардың бірі қорғалатын табиғи территориялардың ұлттық жүйесінің дамуы болып табылады, оның көлемі мемлекеттің бар территориясының 10%-ынан жоғары, сонымен қатар қорғалатын табиғи территорияның жалпы жүйесіне енген болу керек. Осы жолда біздің мемлекетіміз айтарлықтай жетістіктерге жетті.

1997 жылдың 17 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар жөніндегі» ҚР Заңы негізін құрайтын заң шығару базасы жете дайындалды. Заң табиғат қорғау мемлекеттерін құру және олардың жұмыстары жөніндегі мәселелерді реттейді. Қазіргі заң шығаруға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи территориялар — бұлар мемлекеттік табиғи-қорықтың қорын қорғау және қалпына келтірумен қамтамасыз ететін қорғаудың құқықты шаралар жүйесі немесе шаруашылық жұмыстардың реттелетін ережелері бар жер, су, орман және жер қойнауы байлықтары. Қорғаудың құқықтық шаралары төмендегідей бөлінеді: қорықтық, яғни қоршаған ортаның табиғи жағдайын бүлдіретін кез-келген шаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады; және қорықшалық, яғни мемлекеттік табиғи — қорықтық қор нысаналарын сақтауға қауіп төндірмейтін және олардың өсіп-дамуына зиян келтірмейтін шаруашылық және кез-келген жұмыстарға тек белгілі маусым мен уақытта рұқсат беріледі. Қазақстан Заң шығаруында ұйымдастырылу мақсатына қарай, қорғау шаралары мен нысаналарды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты қорғалатын табиғи территорияның 11 түрі бар:

— биосфераны қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтар;

— мемлекеттік ұлттық бақтар;

— мемлекеттік табиғи қорлар;

— мемлекеттік табиғи бақтар;

— табиғи мемлекеттік ескерткіштер;

— мемлекеттік қорықтық аймақтар;

— мемлекеттік табиғи қорықшалар;

— мемлекеттік зоологиялық бақтар;

— мемлекеттік ботаникалық бақтар;

— мемлекеттік дендрологиялық бақтар;

— мемлекеттік табиғи қорықтар-сепартерлер [3].

Соңғы жылдары жаңа қорықтар мен ұлттық бақтар ұйымдастырылды. 2005 жылдың соңында Қазақстанның 113 қорғалатын табиғи территорияларының жалпы көлемі 21036283,2 га болды.

Қазіргі күнде біздің елімізде жалпы көлемі 1075498 га 10 мемлекеттік табиғи қорықтар бар. Республиканың қорғалатын табиғи территориялар жүйесі даму үстінде және қорғалатын табиғи территориялардың жалпы және аймактық жүйесіне біртіндеп еніп жатыр. Соңғы жылдары Дүниежүзілік Банкі және Жалпы Экологиялық Қордың қолдауымен Батыс Тянь-Шань мен Алтайда трансшекаралық қорғалатын территориялар мен экологиялық дәліздер құру жөніндегі жобалар іске асты. Қазақстан реформа жүргізе отырып әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарына сеніммен кірді [4]. Қазақстанда жаһандық маңызы бар экожүйелер қатары бар, оған солтүстік шөлейттер, реликтілі қылқанды ормандар мен тау экожүйелері кіреді. Қазақстанның шөлейт және тау жүйелері, ең маңызды экологиялық аймақтарды (орталық–азиялық шөлейттер мен ортаазия таулы далалары және орманды массивтерді) қамтитын Әлемдік жабайы табиғат Қорының Жаһандық Тізіліміне енгізілген. Қазақстанда ландшафтық және биологиялық түрліліктің азаюы мен жойылуының негізгі факторлары болып, өмір сүру ортасына антропогенді және техногенді әсер ету және аридизация мен шөлейттенудің табиғи үдерістері жатады. Биологиялық түрлілікті жоғалту табиғи экожүйелердің бұзылуы, аумақтың су режимінің өзгеруі, орман массивтерінің жоғалуы, биологиялық ресурстарды шектен тыс пайдалану, өндірістік және иррагациялық сулардың шығарылуы, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін енгізу әсерінен жалғасуда.

Болашақ ұрпаққа табиғат байлығын кемелiне келтiре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алар орны ерекше. Қорық табиғаты – биосфераның барлық деңгейiнде пайда болатын табиғи үрдiстердi тереңнен танып зерттеуге мүмкiндiк бередi жəне ғылыми мақсатқа жетуге жол ашады.