Тіл мен сана

Зерттеу барысында алдын – ала болмысын танып алатын нәрсеміздің бірі – құрылымның сипаты. Құрылымның не екенін білу үшін көркем шығарма назарға алынады. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, көркем шығарма мәтіні – тілдік сананы анықтайтын құрамды бөлік ретінде қарастырылады. Екіншіден, көркем мәтін идеалды үлгідегі құрылым болып есептелінеді (біздің бағытымызда). Үшіншіден, зерттеуде нысанаға алынғанмәтіндердің символдық мәні үлкен. Төртіншіден, құндылық ретінде дараланған сөздердің терең жатқан құрылымы әуел бастағы кәдімгі көркем мәтін болғандығы дәлеледенеді (мысалы, әлемдік мұң негізінде көркем мәтіндер жатыр) Мысалы, Абай қолданған “ызалы уайым”, “мұңмен түңілу”, секілді тіркестер “Фразадан тыс бірліктер” (сверхфразовая еденица) қызметінде. “Фразадан тыс бірліктердің” сипаты қандай? Олардыңқұрылымдық тұтастығы сақталады, өз бетінше жеке – дара тіршілік етеді, контекске тәуелсіз, оны құрастырып тұрған бөліктер соның бойында сақталады.

Мәтін бізге құрылымның болмысын анықтау үшін және мәтін шеңберінен шығып, құндылықтар дүниесін белгілеу үшін керек. Құрылымдық формалар бір кездерде сана қызметін атқара бастайды. Сөйтіп, сөйлеушінің мақсат – мүдделерін, ішкі интенциясын, қажеттіліктеркешенін жасауға (қалыптастыруға) ықпал етеді, әрі жеке сөздің семантикалықкөкжиегін иррационалды болмыстардан арылтып, оның ноэмасын дәл белгілеуге мүмкіндік туады. Мұндағы ноэма деп отырғанымыз не нәрсе? Бір сөздің жалпы ұғымынан бөлек белгілі бір ұлттың болмысын көрсететін өзіндік ішкі мәні.Әрбір адам, әрбір халық сөздің ішінен өздеріне ғана танымал сәтті баса көрсетеді. Мысалы, орыс тіліндегі «мировая скорб» деген тіркес пен қазақ тіліндегі “әлемдік мұң ” деген тіркестегі“скробь” пен “мұң ” деген сөздерді салыстырар болсақ, екеуінің ішкі мәнінде өзгеше, тосын сипаттар бары байқалады (апофатикалық сәттері* әр алуан мәнде, “мұң” деген сөздің иррационалды сипатыбасым. Бұл, әрине, біздің ойымызша).

Лосев “шындық” деген грек сөзінде әсіресе “доверие”, “вера”, “незабываемое”, “незабвенное” (яғни “вечное”) деген ұғымдар басым екенін аңғарған. «Момент «незабываемости» для греческого народа есть ноэма слова «истина» дейді.

Түпсана – санадан тыс жатқан аумақ деген ұғымды бергенмен, негізгі мәні сана іргесіндегі аумақты қамтиды. Одан қызметі жағынан көп ерекшеленетін болмыс – филогенетикалық, архаикалық мәні бар, адам психикасының терең түкпірін қамтитын жалпы адамзаттық түп – сана. Бүкіл адамзатты түп негізден біріктіріп тұратын ортақ түпсана. Онда жалпы адамзатқа ортақ психикалық тәжірибе жинақталған. Олар әлдебір архетиптер арқылы санаға лықсып шығады. Психоаналитика теориясы шығармашылықтың жоғарғы үлгілерін осы бір жеке тұлғаға қатыссыз психикалық күштертудырады деп есептейді. К.С.Станиславскийдің сөзімен айтқанда, «Нағыз шынайы – өнер санадан үстем тұрған органикалық шығармашылықты тудыру үшін өз бойында саналы түрде табиғи санасыз шығармашылық әрекеттерді оятуға үйретуі

тиіс». Терең негізгі бар қажеттіліктерге орай интеллекті тудырудың санадан жоғарғы жатқан тетіктері бар. Ол – түпсанадан өзге болмыс. Оны жоғарғы сана деп атайды. Жоғарғы сана – адамзат дамуындағы алғашқы бастау, ғылым жетістіктерімен келген, өнер күшімен алынған этикалық нормалардың жоғарғы дәрежеде жетілуімен қалыптасатын тетік.Жоғарғы санаға жақын тағы бір психикалықболмыс – «сана үсті» деп аталатын тетік.