Тіл мен таным бірлестігі

Бүгінгі таңда ғылым алдында тұрған үлкен мәселелердің бірі – адам жөнінде біртұтас тұжырымдамалық бағыттар белгілеу. Адам – күрделі жүйе. Оның құрылымы арнаулы рухани — психикикалық, психосоматикалық (психикика мен тән бірлігі негізіндегі санасыз әрекеттермен қасиеттер) қабілеттермен процестердің деңгейлерінен тұрады. Күрделі жүйені тұтастықта танып білу оның көп қырларымен сыр- сипаттар дұрыс, дәл ашуға септігін тигізбек. Адамды тұтастықта тану қоғамы жаңаша құрумен өзектеседі. Жетілегн, дара тұлғалар ғана біртұтас, өзгеше қоғам үлгісін құра алады.

Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғылымның зерттеу әдістері мен құралдарының бір проблема үстінде тоғысуына әкелмек. Және теориялар бір – бірін кесіп өтеді. Көптеген теорияларқолданыста трансформацияға ұшырайды.

Бұл мәселеден шығатын ең басты тұжырымды түйін: Таным мен тілдің арақатысының адам проблемасын шешумен түйінделуі.

Ал тіл мен таным процестерінің ара қатысын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымныңарақатысыадам баласының интелектуалды өмірінде (оған тілде кіреді) құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі — бір құрылымға түседі. Аталған құрылымды жіктеп, бөлшектеп ұсыну өте қиын, дегенмен оны процесс ретінде алып қарау арқылы белгілі бір түйіндер жасауға болады. Ондай жағдайда зерттеу жұмысының құрылымыда когнитивтік негізге сүйеніледі. Яғни зерттеу құрылысы арқылы білімнің сан – алуан типтерін жүйеге түсіретін ерекше құрылым табуға қадам жасалынады. Білімді ұйымдастырудың концептуальды (тұжырымдамалық) тәсілдерііздестіріледі (базалық білімнен не алыну керек, не нәрсе тыс қалады және ол қандай құрылыммен беріледі). Білімді ұйымдастырудың құрылымы осылайша өздігінен жүйеленетін, өздігінен басқарылатын,өздігінен қызмет ететін қондырғыға айналады.таным мен тілдің арақатысы, сайып келгенде адам проблемасын өзегі- дара тұлға тұжырымдамасымен шешіледі. Оның себебі мынада: таным сыртқы дүние заттарына бағытталған тәрізді көрінгенмен, оны жүзеге асырып отырған адам болмысы тұрғысынан бағдарласақ, айтылған процестің үнемі ішке қарай (адамның ішкі дүниесіне қарай)бағытталғанын көреміз. Таным процесі адамның ішкі дүниесіні күрделі құрылымдарының тудырады және оған сәйкес сипаты да өзгеріп отырады. Осылайша танымның жүрісін адам баласының ішкі қажеттіліктер дәрежесі белгілейді (тезаурустың қалыптасуының уәждік деңгейі). Күрделі терең қажеттіліктердіңбіріне адамның өздігінен жетілуі кіреді. Өздігінен жетілу – ерекше дара қасиет. Іште құптау, өзін -өзі өзектендіру (самоактуализация), үздіксіз ішкі қозғалыста болу, өздігінен даму- терең беймәлім себептерден туындайды. Ішкі терең қажеттіліктер ғана таным процесінің қозғаушы күші болады. Ішкі терең қажеттіліктер адам болмысының типтерін белгілейді.Адам болмысының типі тілдік модельді анықтайды.