Когнитизм және когнитология.

Когнитология теориясы бойынша атау жасауда қабылдау іске түсіріп қайта қолдану адамның жалпы және әрбір сәттегі ойлау, сезіну қалыбымен, ауқымымен байланыстылығына негізделеді.

Когнитология жеке адамның және ұлттық ойлаудың сипатын көрсетеді.Жеке адамның ойлау қабілеті, ой ісінің өнімділігі оның тілідк билігіне тәуелді болса, ұлттық ойлау ұлттық тіл негізінде жүзеге асып, соның мүмкіндігімен анықталады.

Тіл мен ойлаудың когнитивті лингвистикадағы көрінісі.

ХХ ғасырдың ширегінен бастап адамзаттың танымдық іс — әректі мен қызметін жан – жақты зерттеу көптеген ғылымды жан – жақты зерттеу көптеген ғылымның өзекті мәселесіне айналып, кең өріс алды. Когнитивтік ғылымның шеңбері — адамзаттың зердесіне қалыптасқан символдық процестердің табиғатын ұғыну негізгі міндеті болып саналатын ғылыми білім. Когнитивтік ғылым — бұл кешенді ғылым. Негізгі ортақ мәселе – когнитивтік қабілеттілік: қабылдау, меңгеру, жоспарлау, мәселені шеше білу, ойлау, біліп алу, елестету, тапқырлық, білімін қажетті жерде қолдана білу процестерінің туындауы және олардың көріну сипатын анықтау.Бұндай адамға тән қабілеттердің жүзеге асуы үшінжәне басқа да когнитивтік мүмкіндіктердің мәнін түсіну үшін тіл маңызды қызмет атқарады.

Жалпы когнитивтік лингвистика –тілдік білімнің табиғатын және оны қалай қолдану керектігін меңгертетін ғылым.

Тіл білімінің салалары бұл ғылымның да өзіндік зерттеу обьектісі, мақсат -міндеттері, түрлері зерттеу әдісі, құрамы, жүйесі, құрылымы, моделі, бірліктері болады. Бірақ когнитивтіклингвистиканың бұл мәселелері когнитивтік модель арқылы айқындалады. Г.Гиздатовтың тұжырымынша: «Когитивтік модель құрылымы прототип пен бейнелі түсініктің (ұғымның) бірігуі арқылы қалыптасқан концептіден құралады. Когнитвтік модель сөздің лексикалық мағынасының кодталған ақпаратын бұл модел білімнің танылуы мен сақталу формасы,» — деп түсініледі.

Қорыта келгенде, когнитивтік лингвистиканың негізгі мақсаты — тіл мен ойлау арақатынасынан туындайтын адамның танымдық, біліми, ғылыми тәжірибесін танытатын концепт, концептуалдық құрылым қалыптастыру.

Когнитіивтік лингвистика — әр алуан ғылым салаларында қолданылатын тілдік бірлік семантикасын танытып, қолданылу аясын кеңейту, тілдік қатынастардың орны мен қызметін жүйелеу, санадағы ойды жеткізуде тіл арқылы ұтымды әрі нақты таңбалау, ой мен тіл аралығында қалыптасатын ұғымды тудыруда адамзаттың біліми, ғылыми, мәдени, танымдық тәжірибесін орынды жүйелі қолдана білу.