Когнитивті лингвистика және терминология.

Жеке адамның ойлау қабілеті ой ісінің өнімділігі оның тілдікбелгіге тәуелді ұлттық ойлау, ұлттық тіл негізінде жүзеге асып соның мүмкіндігімен анықталады.

Мысалы: А. Байтұрсынұлы қалыптастырған жүздеген термин белгілі. Мемлекттік тіл мәртебесіне сәйкес бүгінде қазақ тілінің қоғамдық қызметін жан – жақты жетілдіру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осыған байланысты ұлттық тілдегі терминдік жүйесінің қоғам алдындағы бұл салада көптеген міндеттерді жаңаша шешуді көздейді. Атап айтқанда, ол мемлекеттік тілдің жан – жақты қоғамдық қызметіне “жан беретін” терминдертабиғатын тану мен байланысты. Осыған орай термин табиғатты түсіндіруді оның қалыптасу, дамуын жалпы тілдік жүйеден, сол тілде сөйлеуші ұлт нанымынан тыс қарамау көп мәселелердің шешіміне тиімді әсер етпек. А.Байтұрсынұлы қалыптастырған көсемше термині. Көсем сөзінің қазақ танымындағы мәні белгілі. Ал оның лингвистикалық, грамматикалық қызметіне сай мәндік сабақтастығы дәлдігі дау тудырмайды.

Демек мағыналық дамудың нәтижесінде терминдегі сөздердің табиғатын талқылау және қабылдау танымға қатысты кейбір маңызды мәселелерге тоқталуды қажет етеді. Яғни осымен байланысты психолингвистикалық, философия, логика, лингвистикамен т.б. Шындықтың бейнелеу нәтижесі іспетті терминдердің қалыптасуы олардың көбірек немесе азырақ нақты ұйымдастырылған топтарына, категорияларына

бөлу арқылы тәртіптеледі, ал қабылданатынмәнді әдепті топтарға жатқызу процесі арқылы ұғынуда осы жаңа мәнде жазылатын мүшелердің сипаттамасы ұғымның әр түрлі деңгейінде білімнің қорытындысы ретінде ескеріледі. Бұл процесс когнитивтік лингвистикада категоризация деп аталады. Психолингвистикалық тұрғыдан жоғарыда айтылған процестердің кез – келгені тілдік сөйлеу механизмдерінің ерекше қызметті тұрғысынан қарастырылуы тиіс. Олай болса сөз мағынасының өзектелуі мағына аспектісінің дәл осы сәттегі ең өзекті тұсынан санада бейнелеу мүмкіндігін көрсетеді. Осы кезде қалғандарының бәрі сол немесе басқа жағдайда оны қажет түсінусіз – ақ ескерімді немесе еленбейді.

Терминолог ғылымдардың пікірі бойынша, кейбір терминдерді орыс тілінің үлгісі мен жасаған деген сылтаумен қолданыстан шығарып тастауға, не ауыстыруға әрекеттерде болған. Бұл келтірілген фактіден біз екі түрлі қорытынды шығара аламыз. Біріншіден, қоры және халықаралық ғылыми тенрминдерді түркі тілдер негізіндеде қалыптастыруға болатынгдығы, екіншіден, мұндай терминдер негізінде де қалыптастыруға болады. Енді осыдан келіп «Әрбір ұлт тіл термин жасауда өзінің ішкі мүмкіншіліктерін сарқа пйдалануы керек» деген қағиданың шын мәнісінде іске асырылуы. Қазақ тілінде термин жасаудың, оны іс жүзінде қалыптастырудың және жүйелі қолданудың нақтылы ғылыми – практикалық шығармалары 20 – жылдардан басталады. Терминология мәселесі ресми түрде бірінші рет

1924 ж Орынбор қаласында өткен Қазақстандық мәдениет және ғылым қайраткерлерінің бірі сьезінің күн тәтібінде қаралған екен. 1926 ж Баку қаласында өткен Қазақстандық терминологтардың бүкілодақтық І сьезде түркі тілдерінің терминология мәселелеріне ерекше мән берді. Қазақ тілі бойынша жасалған 5 – баяндаманың бесеуі де терминология, алфавит және орфография мәселелеріне арналған болатын. 1930ж Москва қаласында халық ағарту ісін арнайы қараған Бүкілодақтың мәжілісте КСРО халықтары тілі термин жасаудың ғылыми принцптерін қарастырады.

Ал Қазақстан жағдайында, қазақ тілінде термин жасау мәселесіне келсек оған 1925ж мен 1933жаралығындаҚазақ ССР Оқу – ағарту халық комисариаты жанындағы әдістемелік жетекшілік жасап келді.

Термин жасаудың когнитивтеу негізі біріншіден фондық мәліметтерге, тіл туралы білім аясына тәуелдігі түрінде көрінеді. Себебі тіл — адамның сөйлеу қабылдау кезіндегі когнитивті жүйесінің көрінісі. Яғни когнетивтік көзқарас жаңа сөз жасау қолдану мәселелерін басқа қарқындап жаңаша бағалауға мүмкіндік береді.

Терминдеп танылған қабылданған сөздің бір – ақ мағынасы болуы керек, екі ұшты мағына беретін сөз термин болып жаратпайды. Сондай – ақ термин сөз, әрине кейде әр түрлі ғылым саласында қолданылуы мүмкін.

Мысалы: «реакция»химияда, физиологияда қоғамдық ғылымдарда бірдей қолданылады. 1959ж мен 1962ж аралығында ғана 24-терминология сөздіктер жасаушы бүгінге дейін Мемтерминкомныңбірінші жәрдемшісі болып келеді. Кейінгі 10 жылда Терминком мен оның секретариаты

3 мыңнан астам термин, терминдік тіркес және номенклотуралық атауларды қарап заңдастырады, сондай- ақ 1976ж және 1979ж “Бекітілген терминдер мен атаулар”жинағын екі рет шығарды және үшінші рет баспаға дайындалуда. Термин жасаудың, термин қабылдаудың нақтылық ғылыми принцптерібелгіленіп 30-шы тіпті 40-50 жылдарға дейін алақұла, екі ұдай қолданылып келегн терминдердің тіл практикасында біркелкі жұмсалып, қалыптасуына арнайы жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстар мен мемтерминкомның өзі зор ықпал жасады.