Когнитивті лингвистика және тіл білімінің салалары.

Когнитивті лингвистика тілді жаңа қырынан жан – жақы оқып тануға мүмкіндік береді. Бұл пән оқу барысында болашақ маман тіл туралы білімін кеңейтеді. Дүниетанымен ой өрісін дамытады. өз атын тұжырымдап ғылыми негізде дәлелдеп айтуға үйренеді. Лингвистика ғылымы соңғы жылдары көптеген жаңа бағыттарды қамтып, ғылыми, теориялық және практикалық жағынан кең өріс алып, дамып келеді.

Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны адамзат қасиеттерін қоғамдық құбылыстармен жаратылысты танып білудің ғылыми теориялық негіздерінқарастырады. Сондықтан когнитивті лингвистика тіл білімінің танымдық бағыттарымен және адамдықтаным процесіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады. Когнитивті лингвистика пәнінің мақсаты: тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру оның басты тұжырымдары мен негізгі мақсатын жүзеге асуы үшін орындалатын міндеттері:

— тіл білімі мен когнитивті лингвистиканың бір – бірімен байланысын көресете білу.

— тіл біліміне қатысты таным теориясының негізгі қағидаларын игеріп, оны қоғамтану мен өміртану да дұрыс қолдана білу.

  • когнитивті лингвистиканың бағыт – бағдарын айқындай келіп, оның басқа салаларымен байланысын зерделеу.

Тіл білімі және оның салалары.

Тіл білімі немесе лингвистика — тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл – қоғамдағы адамдардың өзара пікір алмасу, бір – бірімен қарым – қатынас жасау құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және граматикалық құрылыс болады. Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында қарастырылады. Тіл білімінің осы аталған салаларының әрқайсысы өз ішінде бірнеше салаға немесе бөлімге мысалы фонетика саласы сипаттама фонетика, салыстырмалы – тарихи фонетика, экспериментальды фонетика және т.б. болып бөлінеді.

Бүтіндей тіл және оның әр түрлі саллары дамуға біртіндеп жетілу үстінде болады. Тілдің әр түрлі салаларының даму сипаты мен қаңыны түрліше болуы мүмкін. Бүтіндей тіл және оның әр түрлі аладағы тілдің ішкі даму заңдары барынша дамиды. Тіл білімі немесе лингвистика тілдің әр түрлі жақтарымен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді. Тілдің әр түрлі жақтары бір – бірімен өзара тығыз байланысты болатын сияқты, тіл білімінің оларды зерттейтін салалары да бір – бірімен өзара тығыз байланыста болады.

Тілдің белгілі бір деуірде өмір сүріп тұрған қалып тұрғысынан қарастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, оны шығу мен тарих бойында дамуы тұрғысынан зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғы сипатама тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі деп аталады.

Семантика (грек Semontikos — белгілеуші) – 1) тіл немесе оның бірлігі сөз, сөздің граматикалық тұлғасы, өз тіркесі сөйлем) арқылы берілетін мағына хабар; 2 ) Осы мағынаны, хабарды зерттейтін тіл білімінің саласы; 3) семантиканың негізгі тарауларының бірі. Лингвистикалық талдаулардың арқасында сөз топтарының сепонтикасын анықтауға болады. Нағыз мағыналы сөздаердің морфемалары – түбір мен аффикстер мағынаның екі түріне ие болады. Түбірлер заттың мағынаға ие болады.

Семантикада семонтикалық қатынастарға әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Оппозиция негізінде топтасқан сөздер парадигматикаға жатады. Өрістердің екі негізіг түрі бар:

  1. Бір заттқа қатысты топтастырылған заттың не деноттық өрістер. Мыс: түсті белгілеу, өсімдіктер мен жануарлардың атауы.
  2. Бір ұғымға қатысты топтастырылған заттың ұғымдық не сигнификативтік өрістер, мыс: рухтық жағдайда (қуаныш, қайғы) ойлау, қабылдау процестерін қажеттілік пен мүмкіндікті белгілеу.

Лексканың негізгі семалары граматикадағы патеррайлдық граматикалық мағынамен сәйкес болады.

Табиғи тілдің семантикасы нақтылы байланысты тану мен бейнелеу нәтижелерін тұрақтандырады. Мысалы: “болу”, “ие болу”, “уақыт”, “өткен”, т.б. кез келген тілде болатын ұғымдар.

Ғылым ретінде семантика ХІХ ғ ІІ – жартысынан бастап В. Фон Пулетьдт идеяларынан кейін дами бастайды.

Бұл кезеңде мәдениетке эволюциялық көзқарас қалыптасқан еді. Тіл семонтикасы халық психологиясымен тығыз байланыста қарастырылды. Семантиканың ортақ болуы – бүкіл адамзатқа тән психологиялық заңдылықтармен, ал ерекшеліктері – халықтардың “психологиялық – ерекшеліктерімен” түсіндірілді.

Келесі кезеңде (ХІХ ғ 20 жж) Семантика логика және философия пәндерімен жақындасып, синтаксиске бет бұрады. Сондықтан бұл кезеңді синтаксистік семонтикалық немесе логика – семантикалық дап атауа болады.

Грамматика (грек grammation , gramma — әріп, жазу)

1) тілдің құрылымы, яғни морфологиялық категориялар мен тұлғалар, синтаксистік категориялар мен құрылымдар, сөз жасам тәсілдерінің жүйесі. Тілдің негізгі үш жүйесі: дыбыстық, лексикалық, фразалогиялық формалды категориялар, формальдық әр құрылымдық деңгейді қамтиды.

Грамматика тілдің дыбыстық және лексикалық құрылысынан басқа құрылымдар кіреді. Ондай құрылымдар бір – бірімен өте тығыз байланыста болады. Сөз – граматиканың негізгі бірлігі.

Жалпы және жеке грамматикалық мағынадан басқа сөздің өзіндік актив потенциалы болады, ол оның синтаксистік және лексика семантикалық үйлесуіне көрініс табады.

Граматикада сөздің рөлі әртүрлі түсіндіріліп келеді. орыстың дәстүрлі граматикалық мектебі сөзге үлкен мән береді. Басқа бағыттарға гараматикалық құрылыс абстрактылы түрде қабылданғандықтан, морфема мен сөйлемге қарағанда, сөздің рөліне аса көп мән берілмеді.

Граматикалық құбылыстың бір негізгі бірлігі, хабарлау бірлігі – сөйлем.

Бұл кезеңде мәдениетке эволюциялық көзқарас қалыптасқан еді. Тіл семонтикасы халық психологиясымен тығыз байланыста қарастырылды. Семантиканың ортақ болуы – бүкіл адамзатқа тән психологиялық заңдылықтармен, ал ерекшеліктері – халықтардың “психологиялық – ерекшеліктерімен” түсіндірілді.

Келесі кезеңде (ХІХ ғ 20 жж) Семантика логика және философия пәндерімен жақындасып, синтаксиске бет бұрады. Сондықтан бұл кезеңді синтаксистік семонтикалық немесе логика – семантикалық дап атауа болады.

Грамматика (грек grammation , gramma — әріп, жазу)

1) тілдің құрылымы, яғни морфологиялық категориялар мен тұлғалар, синтаксистік категориялар мен құрылымдар, сөз жасам тәсілдерінің жүйесі. Тілдің негізгі үш жүйесі: дыбыстық, лексикалық, фразалогиялық формалды категориялар, формальдық әр құрылымдық деңгейді қамтиды.

Грамматика тілдің дыбыстық және лексикалық құрылысынан басқа құрылымдар кіреді. Ондай құрылымдар бір – бірімен өте тығыз байланыста болады. Сөз – граматиканың негізгі бірлігі.

Жалпы және жеке грамматикалық мағынадан басқа сөздің өзіндік актив потенциалы болады, ол оның синтаксистік және лексика семантикалық үйлесуіне көрініс табады.

Грамматикада сөздің рөлі әртүрлі түсіндіріліп келеді. орыстың дәстүрлі грамматикалық мектебі сөзге үлкен мән береді. Басқа бағыттарға гарамматикалық құрылыс абстрактылы түрде қабылданғандықтан, морфема мен сөйлемге қарағанда, сөздің рөліне аса көп мән берілмеді.

Грамматикалық құбылыстың бір негізгі бірлігі, хабарлау бірлігі – сөйлем.