Түр – түс және метафораның когнитивтік теориясы.

Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінінғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білудің де маңызы өте – мөте зор.

Лексикологияның енді бір саласы — салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің сөздік құрамын, ондағы сан алуан сөздерді бір – бірімен салыстыра отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің лексикасын салыстырып қана қоймайды, оларды тарихи даму, өзгеру тұрғысынан қарастырады.

Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгерілу жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады. Лексикологияның семасиологиямен тығыз байланысты бір саласы – ономасология деп аталады.

Ономасологияның айрықша бір саласы – ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді:

  1. Антропонимика кісі аттарын зерттейді.
  2. Топонимия географиялық атауларды зерттейді.
  1. Ономастика деген терминнің орнына кейде ономатология деген термин де қолданылады. Бұлар өзара синонимдес терминдер. Бұл термин грек тілінің опота «от атау» деген сөзінен алынған.
  2. Ономатология грек тілінің«от, есім, отау» деген мағынадағы опота деген сөзі мен “сөз, білім” деген мағынадағы Логос деген термин.
  3. Антропонимика грек тілінің «кісі, адам» деген сөзінен алынып жасалған термин.
  4. Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді.

Грамматикалық құрылыс – белгі бір тілдегі грамматикалық қатынастардың жүйесі. Грамматика бір-бірімен байланысты екі сала морфология және синтаксистен құралады.

Морфология – сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері , сөздердің түрленуі, олардың формалары және сөздердің лексика грамматикалық топтары туралы ілім.

Синтаксис — сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемде тіркесуі туралы ілім.

М.Горькийлингвистер — тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармай тұра алмайды, өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып саналады. Ал идеалистік көзқарастарға философтар мен лингвистер Гумбольт, Фосслер, Уорф т.б бұған қарама – қарсы теорияны уағыздайды. Тілді биологиялық құбылыстың қатарына жатқызатындар, мысалы, неміс лингвисі Август Шлейхер тілдің өмір сүруін екі дәуірге бөліп, оның бірі

  1. Тарихқа дейінгі дәуір.
  2. Тарих бойындағы дәуір.

Ол тілдің дамуы тарихқа дейінгі дәуірде ғана болды деп есептейді де, ол тарих бойындағы дәуірді тілдің құлау, біліну дәуірі деп санайды.

Лингвистер ХІХ ғ-ға дейін де әртүрлі тілдердің белгілі – бір ұқсастығына, бірлігіне назар аударды, бірақ олар сәйкестілік пен айырмашылықтарды салыстыра зерттеудің тәсілдері мен мақсатын көрсете алмады.