Бекітілген атаулар.

Тіл қоғамға, қоғам мүшелерінің бәріне бірдей қызмет ететін болғандықтан, сол қоғам мүшелерінің өзі бұл процесті үздіксіз қадағалап, тілді бөгде сөздерден қорғаштап, жаңаларын сұрыптап, қолданыс мұқтаждығына орай икемдеп отыратыны да бар. Сөз болып отырған лексикалық қабаттың уақытында әдеби нормаға сай қалыптаса қоюы оңай болмады. Неше алуан талас – тартыс нысанына айналып, сан алуан сарапқа түскені белгілі. Мұның бәрі тіл дамуының белгілі кезеңдеріне тән заңды құбылыстар. Сол бір тарихи кезеңдер щеңберінде тіл дамуына әсер еткен мәселелерді саралап, ғылыми тұрғыдан талдап алмай тұрып, терминология жайлы жүйелі сөз қозғау қиын. Сондықтан термин жасау мен қалыптастыру ісінде айтарлықтай із қалдырған сәттерді, кейбір деректерді сөз ете тұруға тура келді. Мұнда қазақ терминологиясы түгілі, бүкіл ұлттық мәдениетіміздің қаулап қанат жаюына ықпал жасаған шаралардың 20-30 жылдарда тіпті белең алғанын айту ләзім. Неге десеңіз, сауат ашудың жарқын бір беттері осы кезеңге тап келеді.

Жер – жерде сауат ашу мектептері, театр, газет, журналдар ашылып, баспаханалар жұмыс істеп бастаған. Соның нәтижесінде бұрын қағазға түскен өз сөзін сирек көретін қазақ қауымы еңбекші бұқара, енді жазу – сызуға өзі тікелей араласып, белсенді іске көше бастады. Байырғы қазақ сөзінің енді қоғамдағы қызметі кеңейіп, ол баспасөздің, радионың, көркем әдебиет пен түрлі шаруашылық, саяси кітаптар тіліне айналды.

Оның осылайша қызмет аясы кеңеюімен бірге лексикалық байлығымыздың қолданыстағы пішіні өзгере бастады. Қайсыбір сөздер арнайы қолданыстағы болмысына орай нақтыланып, терминдік сапаға көшті. Сөйтіп, тіліміздің әдебилену дәрежесі айқындалды. Бірақ мұның бәрі өзінен — өзі іске асып, жасалып жатқан нәрсе емес.

Жоғарыда сөз болғандай, адамдардың саналы әрекетінің жемсі. Сонымен, отандық ғылымның содан бергі өткен жолын бір сәтке көзге елестетсек, терминологияға байланысты қыруар жұмыс істелген екен. Екі тілді қаншама сөздіктер жарық көріп, қалың көпшіліктің игілігіне айналды. Қаншама сөздер терминдік мәнде қайта жаңғырып, әдеби тіл қорына келіп қосылды.

Бұл тұста, ең алдымен, есте тұтатып жайт мынау: әдеби тіл дегенімізді тек көркем әдебиетке теліп, соған ғана қатысты деп қарауға болмайды. Қоғам өмірінде атқарып отырған қызметіне қарап, біз оны өте кең мағынада түсінеміз. Оның жалпы сипатын айқындайтын бірнеше белгілері бар. Біздің түсінігімізше, әдеби тіл, ең алдымен, қоғамға, қоғам мүшелерне қызмет ететін қарым – қатынас құралы, жалпы жұртшылыққа өмірдің алуан түрлі сырларынан, оқиғаларынан, құбылыстарынан кең мағлумат беретін хабар тілі, халқымыздың ғасырдан ғасырға ұғысып, сақталып келе жатқан сөз байлығын сақтаушы, мәдени мұрамызды жинақтаушы қазына, тыңдаушы мен оқушысын өлшеусіз әсерлендіріп, нәр беретін сан – сапалы қызметі бар, стильдк тармақтары қандай жайған тең деп жоқ әлеуметтік құрал болып табылады.

Стиль дегенде, солардың ішінде, бүгінгі дәуірде ерекше бой түзеп, қатпарлана дамып келе жатқан саласының бірі ғылыми стиль, яғни ғылым тілін айрықша қарау керек. Ғылыми техникалық прогреске орай туып, өміріміздің алға бастар өзекті проблемасына айналған ғылымның бұл саласында анықталғанынан гөрі зерттелуге тиісті жайлары көбірек. Өйткені, қазіргі қазақ тілінің бай лексикалық қорының, шамалап айтқанда, үштен екісін жекелеген ғылым салаларын алсақ, бұдан да көп термин сөздер жүйесін құрайды екен. Бұл ана тіліміздің даму тарихында бүгінгі заман болмысына лайықты, соның кейбір ірілі уақыты белгілі – нышандарын білдіре аларлық сөзжасамсыздық құбылыс жүріп жатқандығын жатқандығын білдіреді.