Мемлекеттік терминком және термин.

Өнеркәсіп, ауылшаруашылық және мәдениеттің барлық саласында атқарылуға тиісті мақсаттарымызды орындау үшін ғылым мен техника жетістіктерін барынша молынан пайдалану көзделіп отыр. Өмір шындығы сол ғылым мен техника жетістіктерінің жемісі. Мұның тілге де тиген әсері мол.

Ғылым мен техниканың сала – саласында орай өрбіген, әрқилы мән арқылығын ұғымдарды пішндеу әдеби тілдің арнайы саласы терминологиялық лексикамыздың жасалып, қалыптасуына әкеп соқтырды. Бірақ бұл бірден және оңай ие болатын олжа емес еді. Қаншама теориялық түйіндеулер мен қыруар практикалық шараларды іске асыру нәтижесінде ғана бірсыпыра мәселелер реттелді.

Жалпы әдеби тіл дегеніміздің ауқымы кең, шеңбері үлкен ғой. Оны оғылыми әдебиетте тілдің дамыған кезінің белгісі деп таниды. Ал дамыған кезеңге тән әдеби тілдің қасиетін танытатын басты арналарының бірі – терминологиялық лексика екенінде дау жоқ. Яғни терминдік жүйесі айқындалған және ғылыми ой – пікірлер мен техникалық тағлымды танытарлық сөз байлығы мол тіл, ол болашағы мол, нағыз дамыған әдеби тілдер қатарына жатса керек.

Осыған қарағанда әдеби тіл дамуының нәтижесі, яғни ол қоғам өміріндегі өзгерістерге орай өріс алып, дамып, соның мәдени саладағы айналасына айналып отыратынға ұқсайды. Ал қоғам өмірндегі мұндай өзгерістер әрдайым бір қалыпта бола алмайды. Белгілі бір дәуірде эволюциялық дамудан революциялық сапаға ауысып, ал кейбір кезеңде керісінше қалыпты күйге көшіп отырады. Тілде пәлендей революциялық түбірлі өзгерістер бола қоймағанмен, ол қоғамдық құбылыстардың бәрін қамтып, соған лайықты ұғым, түсініктерді сөз түрінде таңбалап береді. Барлық өзгерістер тілде көрініс бермей тұрмайды. Ал тілде болып жататын әлгіндей құбылыстар бір қарағанда, еріктеп тыс өз бетінше өрбіп жататын сияқты. Шындығында, тілде ішкі табиғи жүйеден тыс ешнәрсе жасалмайды. Бәрі тіл дамуының ғасырлар бойы қалыптасқан заңдылығына орый болады. Осы процеске бірауық зер сала қарасақ, тілдің лексикалық қабаты алуан – алуан кезеңді бастан өткізген екен. Әр кез өзінің талап тілегіне орай байырға сөздерін қайта ектеп, қайсыбіріне қосымша мағыналық жүк артып, сөз жасаудың түрлі амалдарын қарастырып, көрші елден сөз алып т.т. әрекет еткен. Сонда тілдің лексикалық қабатының бір алуаны жанданып, екіншілері көмескіленіп, неше алуан құбылып, сұрыпталып, уақыт тезінен өтіп отырғанын байқаймыз. Солардың ішінен терминологиялық лексиканы ерекше атауға болады. Терминдік даралық сипат алған сөздер мен сөз тіркестері, бейнелеп айтқанда, тарихи кезеңдер мәріндей боп таңбаланған тілдік фактілер. Бұл да қоғам дамуының заңдылығына сәйкес туған лексика болып есептеледі. Осылардың даму тарихына, қалыптасу кезеңдеріне тереңірек бойласаңыз, оның мейлінше қаулап, қанат жаюы уақыттың қабатының дамуында өзіндік ерекшелікте бар. Осыған жататын сөздік құрамға енген қолданыста активтілік танытып жүрген термин сөздердің бәрі дерлік саналы әрекет нәтижесі деп айтуға болады. Сол даңылды дәуірдің алғашқы сәтінен бастап-ақ, барлық аймақта (әсіресе Қазақстан сияқты елде) сауаттылық ұраны көтеріліп, оқу — өнер, ғылым – білімге талап күшейді. Осының салдарынан қазақтың көптеген байырға сөздерінің мағынасы кеңейіп, жаңаша өріс алды. Тпті керек десеңіз, өнімділік нышанын таныта бермейтін кейбір жалғау, жұрнақтардың өзі жанданып, жаңаша қызметке көшіп, сөз жасаудың актив түрін айналып кететіні бар.