Аударма жәнек терминология.

Қазақтың мәдени өміріне ХХ ғасырдың бас кезінде алуан түрлі өзгерістер енді. Ол өзгеріс тер әуелге Қазақстанның Россияға қосылу нәтижесінде орыс халқымен қазақ халқының алдыңғы қатарлы көзі ашық оқыған азаматтары арасында болып келген жан – жанқы қарым – қатынастармен байланыстардан басталған болатын. Ал соңғы ХІХ ғасыр аяғымен ХХ ғасырдың басында орыс қоғамында болып жатқан саяси әлеуметтік, экономикалық жаңалықтар мұны өркендете түсті.

Әсіресе енді ауыр жағдайы, қазақ оқығандарының орыс қауымымен қоян – қодық араласа түсуі, мәдениеті мен ғылымның таралуы қазақ қауымының оянуына қамшы болғандай еді. Көптеген зерттеушілердің айтуына қарағанда ХХ ғасырдың басында (1917 жылы дейінгі мерзімішінде) қазақ тілінде 200 аса әр түрлі кітап шығарылды.

Сонғы жылдары, атап айтқанда 1985 жылы жұртшылыққа жария болған қайсы бір деректерге қарағанда революцияға дейін қазақ тілінде 509 кітап басылғаны мәлім болып отыр. Қазақ халқына, оның тіліне тікелей қатысы бар бұл қазынаны алғаш тиянақтап зерттеушінің бірі тарадың ғалым жазушысы Абдар Харамуллин. Оның дәлелдеуінше 509 кітаптың 432-сі Қазақда басылған екен. Сөйтіп революцияға дейінгі мерзімде кітап бастыру жөнінде қазақта түркі халықтары арасынан татарлардан кейінгі азербайжандармен қатар 2 орында тұратыны анықталды. Осы басылған кітаптардың жалпы тиражы – екі миллион 201 мың 105 дана. Бұл кітаптар тақырыбы жағынан да, алға қойған мәселелері жағынан да санаулы. Бұл кезеңде жарық көрген қазақ тіліндегі кітаптардың басым көпшілігі хисса – дастандар, поэмалар, әр түрлі мазмұндағы өлең – жинақтары болып келді. Көбіне араб, парсы хикаяларын, ертегі аңыздардың бұрынғы шығыс әдебиетіндегі кейбір сюжеттерді пайдаланып жазған хисса, дастандардың тілінде араб, парсы сөздері, сол тілдердің кейбір үлгілері діни ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері көптеп қолданылып отырды. Әсіресе Жүсіпбек Шайхулисламов атымен баспадан шыққан хиссалар көп.

Бұларда кейде араб, парсы тілдерінің элементтері араласып келгенмен уақиға сюжеттері қиял, ертегі іспеттес болғанымен, көркемдік сапасы төмен болуына қарамастан осы сияқты баспа бетін көрген хисса, дастандар қазақтың жазба әдеби тілі тарихынан белгілі орын алды. Сондықтан да қазақты жалпы тіл тарихы болсын, жазба әдеби тілі тарихы болсын, оның терминдік жүйесі болсын, сөз етілгенде ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың бас кезінде жарық көрген осы хисса, дастандар атаумай өтуге тіктіде болмайды. Бұл шығармалардың көбі кейбір зерттеушілер тарапынан ауыз әдебиеті, фольклор үлгілері қатарына жатқызылып жүргенімен оларды жазба әдебиет тарихынан мүлде шығарып тастауға болмайды. Әрине, бұл шығармалардың ауыз әдебиет үлгілеріне белгілі бір дәрежеде үндес, ұқсас келетінін мойындай отырып, жазба әдебетіміздің де санатынан қалмайтынын ескерген жөн. Қазақтың жазба әдеби тілін қалыптастырып, әрі қарай дамыта түсуде бұл тәрізді шығармалардың белгілі дәрежеде мәні, маңызы болғандығын атап өту керек. Сонымен бірге бұларда белгі бір дәрежеде терминдік сөз қолданыстың да қалыптаса бастағанын, терминдік мән жүктелгенін сөздердің алғашқы түрлерін кездестіруге болатынын да ескеруге тиіспіз.