Араб алфавитіне негізделген жазу.

Кітап суреті, оқулық

Терминдік жүйе жазуы жолға қойылған, орфографиялық нормалары қалыптасқан тілдердің өскелең дәуіріне тән құбылыс. Шынында, жазуы жасалмаған тілдің терминологиялық жүйесі жетілмейді. Қай тілдің тарихын ақтарсаңыз да осыны дәлелдейді. Өзіндік қалыптасу, даму кезеңдерімен ерекшеленетін қазақ тілінің тарихынан да біз осындай процесті аңғарамыз. Ендеше терминология мәселесін түбегейлі қарастырмас бұрын, әуелі қазақ жазуының қалыптасу тарихын тексеріп алған жөн.

Қоғам өмірінде жазудың алатын орны ерекше. Әлеумет тіршілігіндегі барлық өрлеу, өсу, ілгерілеу, сайып келгенде, жазу өнерімен ұштасып жатады. Ал жазуы жоқ ел жарығы жоқ үй секілді. Қараңғылықтың қасіретін сан оғасыр тартқан талай ұлт, талай ел жайы тарихтан мәлім. Қазақ халқында бұрын қара танылған адамды хан көтеріп, кие тұтып қастерлеген. Осының өзінен халықтың сауаттылықты ауадай аңсап күткенін көреміз. Ал сауаттылық өлшемі – жазу. Жазу тіл да муының, сол тәрізді тілді пайдаланушы адамдар қауымының саналы әрекет нәтижесі. Тілдің заңдылықтары мен ерекшеліктері жазу арқылы таңбаланады. Ендеше тіл болмаған жерде жазу болмайды. Тілдің жүйелі көрінісі болып есептелетін жазу кенет көктен түскен олжа емес, ол қоғам өмірінің даму ерекшелігі алып келген еңбектің нәтиже сі. Өздерінің іс – әрекеттерін сан ғасыр бойы жадында сақтап келген адамдар қауымы еңбек нәтижесінде қатынасудың, өзара пікірлесу, аралас – құраластың жаңа бір жетілген түрін ойлап таба бастайды. Алғашқыда олар көрген, білгенін әр қилы таңба, белгі, сурет түрінде тасқа, ағашқа, теріге түсіреді. Сөйтіп табиғат құбылыстарының әр алуан кескіні түрінде таңбаланған белгілер біртіндеп мазмұн білдірерлік мәнге ие болады. Олай болса, тіл, жазу, еңбек бірінен – бірі туындап, бірімен – бір байланысты дамып отырады.

Ф. Энгельс тілдің пайда болуы жөнінде тұңғыш рет дәйекті пікр қозғаған. Ол тілді адамның өзі тәрізді ұжымдық еңбек нәтижесі деп қарайды. Мұның өзі өзара қарым – қатынастың дамуын және өте ұзақ мерзімді қажет ететін құбылыс екенін баса айтады. Адамның маймылдан бір жола қол үзіп шығуы үшін сан мыңдаған жылдар керек болғанын ескертеді. Ал еңбек дегеніңіз, ең алдымен, қрал – сайманды керек етеді. Себебі адамды хайуандар үйірінен ажыратып алатын нәрсе де осы. Ғылым тілімен айтқанда жазудың үш түрін білеміз:

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!