“Протест”, “Отарба” сөздернің қолданылуы.

Протест сөзінің мағыналық ерекшеліктерін толық қамту мақсатында қатты қағаз деген тіркес алынған. Бірақ бұл тіркестің терминдік мәні солғын болғандықтан, тіркеске түскен екі сөздің мағыналық үйлесімділігі мен олардың беретін мағыналары толық ескері лмегендіктен, тіркес бұл тұлғасымен жазба әдеби тілге сіңбей қалды.

Қатты қағаз деген тіркес өзінің тура мағынасында (қағаздың өз сапасы) қолданылатындықтан, протесті толық бейнелеп бере алмады. Ал жер министрі үлгідегі тіркес кейінгі кезеңдерде кең өріс алды. Жаңа атаулардың келуімен байланысты осы үлгіде терминдік мағынада көптеген жаңа тіркес туды. Қара металлургия министрлігі, оқу – ағарту министрлігі т.б.

От арба, от кеме, электр арба тіркестері орыс тіліндегі поезд, параход, трамвай терминдерін беру үшін қолданылған. Бұлардың кейбіреуі бұдан бұрынеғы емес, әр тұлғада кездеседі. Орыс зазеттерінде Ташкентке темір арба жүруге қайсыбір жол жақсы болар (ТУГ, 1876, 17 июнь).Орыс газеттерінде айтылыпты. Орынбордан Түркістан жағына жүретұғын от арбасын шақырыпты. (ТУГ, 01880, 17 апрель).

Ең алдымен қазақ тілінде поезд дегенді беру үшін от арба сөзі қолданылады. Кейін осының үлгісімен от кеме, ал “Айқап” бетінде электр арба сөздері туды. Бұлардың кей біреулері 1920 жылдағы мерзімді баспа сөз тілінде, сондай-ақ жалпы жазба әдеби тіліне енбей қалды.

Кейін орыс және орыс тіліне енген сөздердің өзін алу үлгісінде болды (поезд, пароход, трамвай). “Айқап” тілінде туған я бұрын да ептеп қолданылып келген бұл сияқты атаулық тіркестер орыс тілінде бір ұғымды заттың атын білдіретін жеке сөздің я біріккен сөздің орнына алынды.

Бұндай принцип кейінгі кезеңдердегі мерзімді баспасөздерде кеңінен пайдаланыла бастады. Соның нәтижесінде қазіргі жазба әдеби тілімздің қажетін өтеп, кәдеге асқан көптеген жаңа атаулық терминологиялық тіркес пен біріккен сөздер пайда болды.

ХХ ғасырдың бас кезіндегі мерзімді баспасөз беттерінде ауызекі сөйлеу тілінің, сондай-ақ әберлікті сөйлеу тілінің (диалектизмдер) элементтері де кездесіп отырады. Сөйлеу тілі элементтерінің сипаты күрделі болып келеді. Бірде жазба тілде қолдануға болатын сөз қайталаулар немесе тек ауызекі сөйлескенде кездесетін қыстырма сөздер болса, бірде сөйлем құрамы өзгеріп кетеді.

ХХ ғасырдың бас кезінде мерзімді баспасөз тек қазақ тілінің ішкі мүмкіндіктерін сарқа пайдаланумен ғана шектеліп қалған жоқ, сонымен бірге жаңа ұғымдағы бейнелеуде бөтен тілден сөз алу процесін де мықтап дамытты.