Майыр”, “Жеңсік” сөздерінің қолданылуы

Кескі, Майыр, Жеңсік сөздері қазіргі жазба әдебиетте қолданылмай ұмыт – қалып келе жатқан сөздер деуге болады. Кескі сөзі қазіргі қолданылып жүрген үкім дегенмен синонимдес, бірақ екеуінің айырмашылығы да жоқ емес. Бұл екі сөзщ екі дәуір құрылысына байланысты. Кескі – көне заман төрелігіне байланысты болса, үкім – жаңа заманның заң, құқық оргардарының ісімен байланысты. Бірақ осыған қарап, кескі, сүргі әдеби тілде қолданудың ешбір қажеті жоқ деген пікір тумасқа керек. Өйткені бұл екі сөздің мағыналық жағынан өзгешеліктері жоқ емес. Үкім сөзі айыптап та, арашалап тақабылданған шешім болса, кескі айыптан қабылданған шешім. Бұл – қазақтың төл сөзінен жасалған етене лексема. Кес деген етістік түбірге зат есім тудыратын – ік жұрнағы жалғанып, оның үстіне қатыстық сын тудыратын – і жұрнағы үстеліп барып жасалған. Кейде ол соңғы – і жұрнағынсыз да қолданыла береді. Мұндай сұмдыққа қазақ айтқан жол жоқ. Кесігін де айтпапты, — деді… Жаңағыдан әрі жазылған жоқ. “Пәлен етем” деп кесікті байлауын да айтпады (М. Әуезов. “Абай жолы”, 1 том, 25-бет).

Көркем сөз шебері, тіл білімпазы, нәзік талғамды М. Әуезов кескі (кесік) сөзін кәдеге жаратып, құбылтып қолданған. Бұл сөзді тек атау күйінде терминік мәнде ғана емес, одан сын есім де туғызып, жаңа тіркес құрамында да жұмсаған.

Майыр сөзі о баста араб тілінен енгенімен де кейін әдеби тілден орын алған, ұста, шебер, өнерлі мағыналарында қолданылып жүреді. Бір өкініштісі осылардың бірде – бірі “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне” енбей қалған.

Жеңсік сөзі де сирек қолданылатын сөздің бірі болып саналады. Құмарлық, сүйген іс мағынасында қазіргі жазба әдебиетте де кездесіп қалып отырады. Бір қызынғы бұл сөз жазба әдебиет, баспасөз тілінде қолданылуының арқасында жаңа тіркестер құрамында қолданылыпе, тіркесімділігі орта түсті.

Сол сияқты көне тіл элементтерін қайта жанңғырту тенденциясы да байқалады. Қазіргі жазба әдеби тілде кездеспейтін немесе басқа формада жұмсалатын сөздердің “Айқап” тілінде қолданылуы да жиі ұшырасып отырады. Оның белгілі бір негзі де жоқ емес. Жалпы “Айқап” журналы тіл туралы жарияланған кейбір мақалаларында болсын, практикалық ісінде болсын, түркі тілдерінің бір – біріне сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы жағынан да алшақтап кетпей, қайта жақындата түсу бағыиында болды. Бұл позиция журналдың орфограммасынан да анық байқалады. Көптеген қосымшаның қажет деген жерде – қатаң, кейде ұяң варианттары жазылмай, тек сонар (ұяң) дыбыстан басталатын түрлерінің қолданылуы осыны көрсетеді: Қарттар емес – халығғе; бастырушы емес – бастырушы, облста емес – облусда, білікті емес – біліклі т.б. Басқаша сөзбен айтқанда, “Айқап” журналы сөздің жазылуында ортағыслық түркі әдеби тілі дәстүрлерін сақтауға тырысқан. Бұл жеке лексемалардың қолдануынан да байқалады.

Аң сөзі осы түбір тұлғасында көне түркі жазба нұсқаларының көбінде – ақ ой — өрісі білім, сана, ақыл мағынасында жұмсалған.