Абайдың жәуанмәртлікке қатынасы

  1. Абай мұрасы қаншалықты мол зерттеледі десек те, ұлы ақын замандастары мен болашақ ұрпақтарына арнап “мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла”деп ескерткен терең мәнді сөзіне үнемі ой көзімен қарау қажеттілігі күн өткен сайын сезілуде. Ақыннан қалған философиялық терең ойға толы шығармаларын оқыған сайын мағынасы алыс беймәлім, төркінін іздесең, сан қилы көне рухани соқпақтарға бастайтын көптеген күрделі ұғымдар әлі де болса біршама ұшырасып жатады.

Жәуанмәртлік сөзі Абайдағы 38- сөзде бір — ақ рет қолданыс тапса да, ақын ол жайлы кең түсінік беріп өз ойының желісін сол жанама дерек ретінде берілген ұғым арқылы таратқан.

  1. Жәуанмәрт сөзінің түп төркіні Л. З. Будаговтың 1868 жылы шыққан сөздігіне сүйеніп,парсы тіліндегі жувонмард деген сөзден алынған деп жүр. Парсы тіліндегі “жувон” сөзінің мағынасы бозбала, жас жігіт деген ұғымды білдірсе, “мард” сөзінің мағынасы “жомарт, мырза, шапағатты” деген ұғымға орайлас.

Жәуанмәртлік ұғымының бастапқы белгілері қазақ халқының ой санасында ертеректе – ақ орын алып, айырғы тума ұғымдардың біріне айналып кеткені байқалады. Мұны қазақ арасында сонау көне заманнан бері қарай қолданып келе жатқан жомарт сөзініңөзі – ақ айқындайды.

Қазақ ауыз әдебиетінде жиі ұшырасатын Атымтай жомарт (арғы төркіні арабта жатқан) немесе Қорқыт жайлы деректер мен Ыбырай Алтынсаринхрестоматиясындағы “жомарт” әңгімесінде сөз болатын мырзалық, әділеттілік, қанағат, ізгілік, ақылдылық сияқты адамгершілікке тән ұғымдардың шығар көзі де жәуанмәртлікпен сабақтас, үндес.

Абай өз дүнетанымын біршама аңғартатын адамның мінезі мен адамшылығының негіздері (“толық адам”, “толық инсаният”, “нсанияттың кәмәләттігі”, “бенделіктің кәмәләттігі” т.б.) жөнінідегі сан жылғы ойларының түпкі нанымын 38- сөзінде молырақ таратуды мақсат еткенін: “Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғлының мінездері туралы біраз сөз жазып, ядкар қалдырайы. Ықыласпен оқып, ұғып алыңдар”, — деп оқырманға өтініш етіп, әдейі ескертуінен де көрініп тұр.

  1. Абайдың мағынасы аса терең, оқып танудың, мәнін түсінудің өзі қиынға соғатын шығармаларының бірі 38 – сөзінде (“Ғақылият тасдиғат”) мағынасын тереңірек ашуды талап ететін ұғымдар көп – ақ. Осындай күрделі ұғымнның біріне Абайдағы жәуанмәртлік мәселесі жатады. Абай сүйеніп арнайы таратудағыұмтылған үш сипатты (ақыл, әділет, рақымды) қамтитын жәуанмәртлік төңірегінде ғана пікір қозғау – М. Әуезов жасағаной байламынының түп-төркінін, сүйенген негізін аша түсетін деректер көзіне әкеледі.

Абай 38- сөзінде алланың бойындағы сифатияға тоқталғанда оларды бас-басынан: хаят, ғылым, құдірет, көру (басар), есіту (сәмиг), қалау (ирада), сөз (кәлам), болдыру (тәкиин) деп атап өтеді. Алланың бойындағы осы сипаттар зәрредей болса да оның пенделерініңбойындаболмақ.

Осы сегіз сипатқа Абай өз тарапынан нақылия, ғақылия дәлелдер арқылы екі сипатты (әділет, рақым) қосады. Ғылым мен құдірет сияқты екі сипатты біріктіріп, олардың баламасы ретінде ақылды (ғақыл) алады. Абай осы он сипаттың ішінен үшеуімен: ақыл, әділет, рахымның ойын еңбексіз, әрекетсіз, ізденусіз дарымайтынын ескертеді. Осы үш қажетті яғни кәсіби құбылысты ойын ұялатқандар ғана толық адам атына ие болады деген байламға келеді. Жәуанмәртлік жөнінде біршама мәлімет беретін деректермен таныссақ та біз солардың ішінен Абай ақынтанысқан олар деген еңбектердің бірі ретінде “Құтадғу білік” (ХІ ғ.) пен “Кабус — намені” нақтылы атап өтуді мақұл көрдік. “Құтадғу біліктегі” басты кейіпкерлердің аты әділет (Күнтуды), дәулет, бақыт (Айтолды), қанағат – рақым (Узғырмыш), ақыл (Ұғдұлмыш) деген ұғымдарға балама мән берілуінде терең мән бар. Дастандағы бүкілоқиға желісімен айтылар ойлардың негізі осы кейіпкерлер пікірі арқылы беріліп, ерсигті (жәуанмәртлікті) мадақтауы Қараханидтер тұсындағы танымның деректі көздерінен алынған сияқты.

Жалпы жәуанмәртлік ерте замандарда жұрт таныған негізгі үш сипаттан тұратыны “Кабус — намеде” (46- тарау) атап көрсетілген: “адамның сипатын білдіретін үш нәрсе бар. Бұл үш нәрсенің бірі – ақыл, бірі — әділеттік, бірі – жәуанміртлік” – деп көрстеліген.

М. Әуезов осы айтылған айғақты деректер негізінде Абайдың исламиятқа қатысын, дін жайлы танымын терең білуі себепті, Абай діні адамгершіліктің дініне айналған. Астарында саралап ашып берген