Абай поэзиясының өрнек – үлгісін қалыптастыру

  1. Абай шығармаларының ақын қолынан шыққан бастапқы түпнұсқасы сақталмай, оның орнын толтырар бірден-бір түпнұсқа қолжазбалар – Мүрсейіт көшірмелері арқылы жетуі – Абай өлең құрылысындағы бастапқы табиғи қалпы жайлы мәселені де яғни өлең өрнегіндегі өзіндік ерекшелікті де текстологиялық тұрғыдан зерттеп, бастапқы қалпына келтіру қажеттігін көрсетті. Абай өлең құрлысының бастапқы табиғи қалпы Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы жинақта біршама сақталған. Мүрсейіт қолжазбасында, әсіресе, 1909ж. жинақта өлең жолдарын рет-ретімен, өз табиғи орнымен түпнұсқа өрнегімен берілмей, ара-жігі ажыратылмай жолма жол жалғастырылып беріледі. Өлең жолдарының жігі тек (=) белгімен ғана берілуі себепті, оқырманға ақын өлең өрнегін танып білуіне елеулі қиындық келтіреді.

Абай өлең өрнегіндегі ерекшеліктібастапқа табиғи қалпына келтіре отырып, оқушығы ұсыну міндетті де осы тұста көтеріледі. Қазақ өлең құрылысына ұлы өзгерістер ендіріп, түр жағынан барынша жетілдіріп, соны өрнектермен мейлінше молыға түскен ақын поэзиясындағы өлең өрнегінің көрінісі Абай қаламынан туған бастапқы табиғи қалпында берілмей келді.

Тұңғыш толық жинаққа дейінгі Абай басылымдары менкөшірме қолжазбаларда ақын өлең құрылысындағы өзіндік ерекшеліктер, жаңа түрлер бұрын-соңды қазақ әдебиетінде байқалмағансоны өлең өрнектері бір ізділік сақтай бермеді. Мәселен Мүрсейіт қолжазбасы мен 1909 жылғы жинақта берілген “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” өлең 6 жолды, бір шумақты болып келетін табиғи қалпын сақтай бермеген.

  1. Өлең өрнегіндегі ауытқуларды былай қойғанда, тіпті өз алдына екі бөлек шығармалар араласып кетіп, бір өлең ретінде берілетін жерлер де ұшырасып отырады. Мысалы, 1909 жылғы жинақтың өзінде “Әуелде бір суық мұз ақыл зерек” өлеңі мен “Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол” бір боп тұтасып кетсе, “Алланың өзі де рас, сөзі де растың” ішінде “Жүректегі қызықтың бәрі асыл тас” өлеңі араласып жүр. Немесе “Интернатта оқып жүр” мен “Ғылым таппай мақтанба” өлеңі кітаптың2-8 бөлімдеріндебір шығарма ретінде ұласып берілгенін көреміз.

Абайдағы өлең өрнегіқазақ поэзиясын сапалық өзгеріске түсірген аса күрделі жаңалық болып табылатын. Ақынның өлең өрнегі сонылық белгілі бір өлшеммен жазылғанын ұлы ақын “Уәзінге өлшеп тізілген”, — деп ескертетіні де бар. Осындай тамыры терең тартар дәстүрлерді творчестволықпен пайдалану, үлкен теориялық даярлықпен 7 өлеңнің ұлттық топырағынан нәр алған өлең түріндегі жаңалық көздерін бірден танып келтірудің өзі де зерттеушіге оңай болмаған. Осы ерекшеліктен болса керек, Абай мұрасының бірегей білгірі деп танылған М. Әуезовтің өзі де Абай өлең құрылысындағы табиғи қалпын түгелдей, бірден бастапқы түпнұсқа қалпында бере алмаған. Мысалы, “Қор болды жаным”, “Қатыны мен Масақбай” тәрізді ерекшелігі мол өлеңдер тұңғыш толық жинақта бастапқа табиғи қалпын сақтай бермеген. Бұл тәрізді өлең өрнегіндегі табиғи ерекшеліктер 1939-1940 жылдардағы екінші толық жинақта ғана өз қалпына түскен.

Міне, Абай өлең кестесіндегі өзгеріс табиғатын терең танып, оны асыл түпнұсқа қалпына келтіру жолы – ұзақ жылдар бойында М. Әуезов атқарған қажырлы еңбектің нәтижесінде текстологиялық күрделі жұмыстардың бір саласы боп қалыптасты.

Өлең жолындағы сөз өзгерістерін анықтау.

М. Әуезов атқарған текстологиялық жұмыстардың бір желісі – Абай өлеңдерінде түпнұсқа қалпынан ауытқыған сөздер мен кейбір өлең жолдарындағы өзгерістердібастапқы қалпына келтіру жолындағы жемісті еңбегінде жатыр.