Сөйлеу тақырыбын құрастырудағы конструктивті әдіс

Педагог-музыканттың конструктивтік қызмет негізіне келесі кәсіби мазмұндық іскерліктер жатады:

  • оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау;
  • оқу-тәрбие материалын іріктеу( сабақ барысын алдын-ала жоспарлау, материалды меңгерудегі кездесетін қиыншылықтар);
  • оқуды дифференциялау;
  • оқушыларды жете білу және даралық әдісті жүзеге асыру;
  • сабақтағы іс-әрекетті педагогикалық белсенділікпен ойластыру;
  • өзінің педагогикалық тәжірибесін және басқа мұғалімдердің тәжірибелерін қорытындылау;
  • оқушылар ұжымы тәрбиесінің және жеке тұлғаларының дамуына әсер ететін арнайы жағдайларды болжау.

Тіл байлығы – сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық–ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой манерасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, оны орынды ойлы, образды жұмсай алмасақ одан не пайда? Аз сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парқын, мән-мазмұнын, стильдік болуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның творчестволық сипатымен ұштасып жатады.

Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі –тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегенге айтайын деген ойымыздың, сөзіміздің бөтен, бөгде элементтермен шұбарлануынталап етеміз.Әрине, бөтен тілден сөз алмай, таза ана тілі материалының негізінде ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды.

Сөз қолдану мәдениеті сөзді мағынасына сай дұрыс қолданумен қатар оны әсем де әсерлі, көркем, образды етіп жұмсауды да талап етеді. Сөз әсерлілігі сөзді мәнерлеп айту мен бейнелеу тәсілдеріне тікелей байланысты. Сөз мәнерлілігі сөйлеген кезде орфоэпия заңдылықтарын сақтаудан, сөздің екпінін, интонациясын дұрыс қойып айтудан көрінеді. Ал бейнелеу тәсілдері негізінен көркем әдебиет тіліне тән. Көркем шығарма тілінде сөз өзінің барлық бояу-нақышымен, сыр сипатымен, құпия астарымен, құдірет-қасиетімен көрінеді. Теңеу әсірелеу, метафора, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер–кейіпкер бейнесін сомдауда, баяндалып отырған әлеуметтік шындықтың шынайы көрінісін ашық көрсетуде жазушының негізгі қаруы.

Сөйлеу әуезділігі буын екпіні мен сөз екпіні қолайлы орналасуынан болады. Ең алдымен буын екпіндерінің арасы тым жақын келсе, не алыс келсе, әуезділігінде кемшілік пайда болады. Тым жақын болып келу өңшең қысқа сөздер бірыңғай келгенде болады да, тым алыс болыа келу өңшең ұзын сөздер бірыңғай келгенде болады.

Сөйлеу әуезділігі түрлі сөздердің үндері орайласып, ұнамды құралуынан болады. Олай құрастыру сөйлеушінің, яғни жазушының шеберлігіне байланысты. Сөздің кестесін келтіріп айту деген сөз, Абайдың «тілге жеңіл» деген сөзі–бұлардың бәрі сөйлеу әуезділігіне байланысты айтылған сөздер. Сөз кестесі келсе құлаққа жағымды болады. Құлаққа жағымды болуы әуезділік болады. Сондықтан да ондай сөздердің сөйлемдері өрнекті сөйлем деп аталады.