Болашақ музыка мамандарының монологтық, диологтық сөйлеу шартына сай кәсіптік тіл қатынасына ерекшеліктері

Болашақ музыка маманы ауызша сөйлеу кезінде тілдің ішкі заңдылықтарын сақтаумен қатар, сөйлеу техникасын да меңгеру қажет. Тақырыптың мазмұнына қарай музыкамұғаліміөзінің ішкі тебіренісі мен толқынысын көзқарасындауыстардың ырғағы, күші, қимыл-қозғалыс арқылы да жеткізіп отырады.

Ым-ишара сабақта екі жақты қызмет атқарады. 1-ден ойды үнемдеп, әсерлі жеткізудің көмекші құралы ретінде пайдаланылса, 2-ден орынсыз жиі қолданылғанқимыл- қозғалыс оқушыларға кері әсер етеді. Оқушылар сабақтың мазмұнынангөрі мұғалімдердіңқимыл-қозғалысына еріп кетеді. Сол себепті де ым-ишара, қимыл-қозғалыс тақырыптарының мазмұнымен астарласып, соның мақсатын ашатындай қызмет атқарғаны дұрыс.

Мәнерлі сөйлеу мәдениеті мұғалімнің дауыс ырғағына, интонациясына да байланысты. Өйткені сөйлеу кезіндегі дауыстардың сан түрлі құбылуы адамдардың сол өзі баяндап тұрған мәселесіне қатысын, эмоциясын, сезімін білдіреді. Интонация мұғалімдердің әр сөйлеміне жан беріп қана қоймайды, оның эмоциональдық болуын күшейтеді.

Оқушылардыңалдында ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеу темпімен де байланысты. Мұғалімге тым тез сөйлеуге де тым баяу сөйлеуге де болмайды. Мұғалімнің айтпақ ойының мақсатына, мазмұнына қарай сөз бірде баяу, бірде жылдам, бірде көтеріңкіайтылуы тиіс.

Сөз қолдану мәдениеті ең алдымен сөздің емле ережесіне сай жазылуымен байланысты. Дұрыс жазуталабы – ресми түрде қаблылданған жалпыға ортақ емле ережесін сақтау. Орфографиялық нормадан ауытқуға, оны өзгертіп жазуға болады.Себебі емле ережелері заңды түрде бекітіледі, жалпыға ортақ, міндетті. 1940 жылғы орыс графикасына негізделген жаңа алфавиткекөшкенненбері деемле ережесіне біраз өзгерістер енгізілген. 1983 жылғы 25 августа Қаз ССР жоғары Советінің Презендумы бекіткен қазақ тілі орфографиялықережелерінеенгізілген өзгерістер мен толықтырулардың орфографиялықнормалардың бір жүйеге түсуіндемаңызы өте зор. Өйткені бұл өзгерістер қазіргі жазуымыздақиындық туғызып отырған ең бір актуальды мәселеге сөздердің (терминдік мәні бар сөздік) бірге не бөлек жазылуы мен орыс шет тілінен енген сөздергеқосымшалардың қосылу заңдылығынаарналып отыр. Мысалы: терминдердің жазылуы туралы: екі, кейде үш түбірден құралып, терминдік мәнге ие болған атаулар мен ақ-құс, жан-жануар, өсімдікатаулары, шаруашылық тұрмыс, мәдениет, өнер спорт салаларына қатысты құрал-жабдық, ұғым атаулары мамандық, кәсіп атаулары сол сияқтыекінші сыңары аралық, тану,сымақ сөздерімен келген атаулары бірге жазыладыделінген. Осыған орай баспасөзбетінде бірде бірге, бірде бөлек ала құла жазылып келген терминдік мәні бар біраз сөздер: бесжылдық, көзқарас, сутегі, сүтқоректілер, түйеқыран, ауданаралық, қоғамтану т.б. бірге жазылып бір жүйеге түсті. Сол сияқтыорыс – шет тілінен енген сөздерге де қосымша негізінен жіңішке вариантқа жалғанып қолданылуда (педагогтік, паркке, офиске т.б.)

Сөз қолдану мәдениеті сөздің мағынасына сай, дәл, сәйкес жұмсауымен тығыз байланысты. Айқын ойлап, дәл айту үшін сол айтылуға тиісті зат пен оның санамыздағы көрінісі-сөздіңарасындағы байланысты, қатынасты жақсы білуіміз керек. Ол айқындылығы, мағына дәлдігі логикалық дәлдікпен ұштасады. Сөз бен оның білдіретін мағынасының арасында қарама-қайшылық, бірін-бірі жоққа шығарушылық немесе байланыссыздықтың болмауы тиіс.

Сөздер мағынасына қарай бір – бірімен көп мағыналы, омонимдес, мәндес те болып келеді. Мағыналас сөздерді қолдану арқылы сөздік қорымызды молайтатүсуге болады. Мысалы: биік және жоғары; биік жартас, жоғары жартас т.б.