Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру жағдайында ынтымақтастық педагогика

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Ынтымақтастық педагогика жайлы ұғым.
  2. Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары, оларды оқу –

тәрбиепроцесінде қолдану

  1. Ұжымдық шығармашылық істің маңызы мен негізгі кезеңдері.

  1. Ынтымақтастық педагогика жайлы ұғым.

Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми — әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені, олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі, қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады.

Жаңашыл – экспериментшіл мұғалімдердің әр қайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке – жеке, керек десе бірін – бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.

Экспериментшіл — мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір – бірімен кездесуді, пікірлесуді, тәжірибе нәтижесін ортаға салып талқылауды ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет етті. Бұл пікірлердің мазмұны “Учительская газета” беттерінде жарияланды.Осы газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл – мұғалімдер үш жылдың ішінде төрт рет кездесті. Бірінші кездесуінде (18 қазан, 1986ж) “Ынтымақтастық педагогика”, екінші кездесуінде (17-қазан,1987ж), “Тұлғаны демократияландыру”, үшінші кездесуінде (19 –наурыз,1988ж), “Жаңарту әдістемесі”, төртінші кездесуінде (18 –қазан, 1988) “Жаңа мектепке кіреміз”, тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп, білім және тәрбие саласында көптеген жаңа үздемелі педагогикалық пікірлер ұсынды. Бұл пікірлердің біразын атап кеткен жөн. Мысалы: Балалар,мұғалімдер және ата – аналар арасындағы ынтымақтастық, ұжымдық шығармашылық тәрбие, орындаушылық және шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзін — өзі талдауға үйрету, тұлғаның дамуы тірек идеясы, жаңарту әдістемесі, озып кету идеясы, жаңа мектеп және ғылым, үздіксіз білім т.т

Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалім емес әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады.

Оқудың нәтижесі ынталылықпен қабілеттердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталылық нолге тең болса, онда барлық көбейтінді де нолге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген – олар. Мұндай педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді.

Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы айқай, қорқыту арқылы тәрбиелеуге, оқытуға болмайды — бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады.

Адамгершілік және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйренуі мектептен басталады.

Әрбір педагогикалық әсер, әрбір шешім, әрбір әрекет балалардың даму барысында тексеріліп отырылуы қажет.

Жаңашыл мұғалімдердің тұжырымдамалары бойынша ең алдымен баланың дамуын бірінші орынға қою керек. Бұл оқышының білімді іздеп табуына, игеруіне мүмкіншілік жасайды, іскерлікті дағдыны меңгереді.

Сонымен, баланы әр жақты дамыту үшін бәрінен бұрын құлық, рухани, ақыл – ой, дене тәрбиесі бірінші орында болуы қажет.

  1. Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары, оларды

оқу – тәрбие процесінде қолдану.

Тәрбие мақсатын жүзеге асыруда бастауыш, орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады, өмірге жолдама алады.

Бастауыш, орта және жоғары оқу орындарының мақсаты – жастарды әр жақты етіп дамыту, оларды жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдене ой — өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан – жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау; тұлғаның өзін — өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына, оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.