Мұғалім, сынып жетекшісі

  • Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері
  • Оның тәрбиелік қызметі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруы
  • Тәрбие жұмысын жоспарлау.

ҚазақстанРеспубликасында сынып жетекшісі — сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.

Бүгінгі күні сынып жетекшісі — кәсіби – педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:

  • Жалпы адамзаттық мәдениеттімеңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
  • Сынып ұжымының алуан түрлібірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастыққарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
  • Оқушы тұлғасыныңқалыптасуынақолайлы жағдай жасау мақсатында олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
  • Оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда,кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық саяси ерекшеліктерінтүсінуде көмекші, кеңесші;
  • Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерінескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдаржасаушы;
  • Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

Тәрбиеші – педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші обьект — тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы міндет. Себебә, ұйымдастыру қызметі болмаған жердетәрбие де болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.

Ұжымды ұйымдастыружәнедамыту — сынып жетекшісінің назарындағы екінші обьектісі мен міндеті. Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті.

Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым — қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен;

Бірінші топ міндеттері. Оларды әлеуметтік міндеттер деуге болады. Бұл- баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен және басқа да тәрбие институттарымен қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.

Екінші топ міндеттерді диагностикалық әдептік – этикалық деуге болады. Сыныппентәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерінбілуі керек.

Үшінші топ міндеттерді адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажыратаалуына бағытталған,белгілі жағдайяттардаоқушының адамгершілікшешімдер қабылдайалуынамүмкіндік береді.

Төртінші топ міндеттерді жеке- дара практикалық сипаттағы міндеттер. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастыруғатиімдіпедагогикалық құралдардытаңдап алдуы, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетудіжәне педагогикалық рефлексияны жатқызуға болады.

Осы бастапқы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісініңнегізгі қызметтері айқындалады; диагностикалық, коммунативтік,тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық- әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық- қамқоршылық, түзетушілік.