Мектептің жұмысын жоспарлау

Жоспар:

  1. Мектептегі әдістемелік жұмыс
  2. Мектеп ісінің басқару жүйесі

Жоспарлау жасау дегеніміз- оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптегеншараларды белгілеу,басқару жүйесінде маңызды орын беріледі.

Дәлелденген нақты жоспар жоспарлау – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығынкөрсетеді. Жоспар қысқа, нақты және айқын болу керек. Формасы бойынша жоспармәтіндік, графикалық және аралас болып бөлінеді.

Күнтізбелік жоспарда барлық жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай, апта, жеке күндербойынша орналастырылады.

Жоспардың түрлері:

  • Мектептің 3-5 жылға арналған перспективалық жоспары
  • Мектептің оқу -тәрбие жұмысының жоспары
  • әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстардытоқсандық жоспары
  • қоғамдық ұйымдардың жоспары

Перспективалықжоспар аудандық (қалалық) оқу бөлімдеріменкелісіледі.

Жылдық жоспарлармамыр – маусым айларында жасалып, тамыз айындағы педагогикалық кеңесте бекітіледі.

Мектептідамытудың перспективалық жоспары. Бұл жоспар аудандық үкіметоргандырының жұмысын ескере отырып жасалады. Міндетті мектепті белгілі бір кезеңге дейін дамытатын басты жұмыстарды белгілеу.

Перспектикалық жоспарда болатындар:

  • оқушылардың сыныптың саны, шамамен бөлінетін қаржы.
  • Түрлі пәндер бойынша керекті мұғалімдер
  • Мұғалімдерің біліктілігін көтеру кестесі
  • Құрылыс – жөндеу жұмыстары, кабинеттерді жабдықтау, кітаптар сатып алу т.б.
  • Қаржы, сауда қызметі

Перспективалық жоспарда мұғалімдердің біліктілігін көтеруге ерекше орын беріледі.