Оқыту теориясы. Дидактика.

Тақырыптың жоспары.

  • Дидактика туралы ұғым.
  • Дидактика және жеке әдістемелер.
  • Оқыту процесінің қозғаушы күштері.
  • Білім, іскерлік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары.
  • Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері.
  • Оқушылардың білімді ұғыну сатылары.
  • Оқытудың түрлері.

«Дидактика»-бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko-оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Білім беру деп- табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірдетиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті- білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Дидактика «нені оқыту керек», «қалай оқыту керек» деген екі үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар да туындайды. «Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?», «Кімдерді оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?» және«қайда оқыту керек?».

Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика озат педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің практикасына енгізумен айналысады.

Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің алдында тұрған ірі практикалық міндеттерді теориялық білімсізшешу мүмкін емес.

Дидактиканың пайда болып дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар: Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т. Песталоции, К.Д. Ушинский, В.Сухомлинский; А.С. Макаренко т.б. қосқан үлесі.

Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Я.А. Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат-адамшылық, оған жету жолы-білім беру және оқыту деп санады.

Дидактика және жеке әдістемелер. Қазақстанда дидкатика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар.

Ы. Алтынсарин (1841-1889) орыс тілін қазақтарға үйретукурсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы.

Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесіндекөрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы. Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілін қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда қазақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген.

1879 жылы оқу құралы «Қырғыз хрестоматиясы» шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.

А. Байтұрсынов (1873-1937) қазақша оқытуәдістемесінің негізін салушы. «Оқу ана тілінде жүргізілсін» – деген талаптыбастаушы.

1912 жылы тұңғыш рет әліппе жазды, ол халықтысауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, әрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл әліппенің жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқыныңсауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларғаереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорытутәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиетсабағын оқытқандаәсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін «Қай әдіс жақсы» (1928ж) деген мақаласында айқын баяндайды. Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың)ана тіліндегіжазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге А.Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықтынадандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы «Қазақша оқу жайынан» дегенмақаласында «бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымыды жақсы білу керк»,- дейді.

Ж. Аймауытов (1890-1931ж) «Тәрбиеге жетекші» деген еңбегінде (1924) баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі «дидактика» деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.

Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбилеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт- санасын, әдет- ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.

М. Жұмабаев (1893-1938). Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:

  • мұғалімнің қатты сөйлеуі
  • суреттердің бояуының ашықтығы
  • әсердің күштілігі
  • затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату. Баланыңабайын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқау, не көзге түскісікелу сияқты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М. Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсердіжаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды- 5-10 минут оқытуды, жаңа білім мен ескібілімдерді байланыстыруды, жақыннан алысқа, таныстан бөтенгеқарай оқытуды ұсынды.

Сонымен дидактика бойынша көптеген зерттеу жұмыстарыжүргізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдындакөптеген міндеттер тұр. Олар:

  • I-XI класстарғаарналғанжаңа оқулықтарды, жазуды бітіріп, оларды мектепке енгізу.
  • Шағын жинақталған мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесін жетілдіру.
  • Білімдік процеске жаңа технологиялар енгізу
  • Мектептерді комьпютерлендіруді 2002 жылы аяқтау;
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең-кезеңімен мектептерге енгізуі;
  • Ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларынғылыми негіздеу;
  • Білім берудіізгілендірудіңғылыми әдістерін жасау.