Қазіргі мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдары. Оқушылар ұжымын қалыптастыру.

Тақырыптық жоспары

  • Жастар қозғалысының даму жолдары және мақсаты.
  • «Атамекен», «Жұлдыз» бағдарламаларының маңызы мен мазмұны.
  • Көрнекті педагогтар ұжым туралы.

Жастар қозғалысының әр түрлі тарихи кезеңдері мен даму жолдары бар.

XX ғасырдың басталу кезеңінде балалардың және жасөспірімдердің скауттық ұйымдары пайда болды. Бұл ұйымдардың негізгі идеяларын жасаған ағылшын полковнигі Р. Баден-Поуэлл (1857-1941) . оның идеялары 1847 жылы шыққан «Инструкция для скаутов» атты кітапта толық жарияланған.

Скаутизм – бұл көп таралған мектептен тыс тәрбие жүйесі, скауттық ұйымдардың негізгі әрекеті. Оның мақсаты-жас жеткіншектерді буржуазиялық қоғамның идеяларына берілгендіктен рухына тәрбиелеу.

1921 жылы мұндай ұйымдар Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция т.б. елдерде өркендей бастады. 1972 жылы скауттар ұйымы 106 елде жұмыс істеді. Ресейде скауттардың отряды алғашқы рет 1909 жылы Паша селосында ұйымдастырылды. 1914 жылы II- Николайдың Жарлығы бойынша «Русский скаут» қоғамы құрылды. Негізгі мақсаты- жастарды ұлы державалық шовинизмжәне монархиялыққұрылсықа берілгендіктен рухына тәрбиелеу.

1917 жылы Ресейде 50 мың скауттар болды. 1918-20 жылдары комсомолдардың 2,3 және 4-ші сьездерінің шешімдері бойынша скауттық топтар таратылып,олардыңорнынажаңа балалар ұйымдары құрылды.

1920-30 жылдарда бұрынғы КСРО –да және кейбір басқа мемлекеттерде жасөспірімдер мен балалар ұйымдарының өсуіне байлагнсыты, скауттық ұйымдарының ықпалының төмендеуіне әсер етт. Өйткені бұл ұйымның Заңы, анты, Ұраны буржуазиялық моральді бейнелеп келді. Демек, скаут мүшелеріннен өз басшыларына ата-аналарға мемлекетке бағынуды, ырқына көнуді, бойыКСРО-ғыжастар ұйымдары мен скуаттар ұйымдары арасында қарам-қайшылықтар орын алып келді. Ұжымжәне жеке адам проблемасықазіргі заманның ең өзекті проблемаларының бірі болғандықтан педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.