Педагогика пәні, зерттеу әдістері

  • Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары
  • Педагогиканың шығуы және дамуы
  • Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
  • Педагогиканың методолгиялық негізгі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері.

Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, дәлме-дәл айтқанда, ол балаларды ертіп жүруші, баланы жетектеп мектепке апарушы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, «Педагогика» термині гректің екі сөзінен: «пайс»- бабалар және «әгейн» -баланы басқару тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан.

Адам бүкіл өзінің өмірі бойындатәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика бала жайында ғылым,олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағыүнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан педагогика ілімі үнемі жаңарып өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиеніңықпал жасау өрісікеңейе түсуде. Сондықтан педагогика бала тәрбиесі жайындағығылым деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылымитаным саласы –тәрбие. Педагогикақоғамдық өмірдегітәрбие мен мәні мен рөлін анықтайды. Педагогикажалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие жастарды әлеуметтікөмірге жәнееңбекке даярлау оларға қоғамдық тарихи тәрбиені үйрету процесі. Педагогикапәнін оны зерттейтін салаларын толық түсіну үшінең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды (категорияларды) қарастырайық.

Әрбір ғылымыныңөзіне тән зерттейтінсаласы және ғылыми ұғымдары бар.Мысалы, философиядағыұғымдарға «болмыс», «материя», «қозғалыс»; саяси экономияда – «қоғамның өндіргішкүштері мен өндірістік қатынастары», ал педагогикада – «тәрбие», «білім беру», «оқыту» жатады.

Ұғымдар (категориялар) – обьективтік құбылыстарды, қаситеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Сонымен бірге ұғымдар- біздің санамаыздың сатылары. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.

Педагогикалықұғымдардың бірі –тәрбие.

«Тәрбие» – дегеніміз адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық – тарихи тәжірибеніберу процесі болып табылады.

Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік құбылысретінде барлық тәрбие салаларынқамтиды; отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу- тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындары. Біздің мемлекетте бұл салалар ортақ қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа бағытталған.

Тәрбие – аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық- тарихи тәжірибені беру процесі. Жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындауарқылықоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.

Білім беру деп табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесінжеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуді айтады.

Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.

Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты бір текті процесс. 1. Оқытушыоқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді. 2. Оқушытаным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және олардыөмірде қолданады.

Ал адамның білім алу тек оқыту процесінің нәтижесі емес оның білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар т.б. ықпал жасайды.

Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретінжәне жеке бастың дамуына ықпал жасайтынпроцесс.

Сонымен бірге адамның «жетілуі», «даму», «өзін-өзі тәрбиелеу» ұғымдарымен бүгінгі педагогика өзінің зерттейтінпроблемалары шеңберін толықтырады.