Топтар арасындағы қарым – қатынас

Жоспары.

  1. Мұғаліммен оқушылар арасындағы қарым – қатынас.Қарым – қатынасты әлеуметтік тұрғыдан түсіну,қарым – қатынастың әлеуметтік, психологиялық заңдылықтары.

2.Ұжымдағы негізгі қарым — қатынас.

3.Топтық іс — әрекет. Топтың түрлері.

  1. Мұғалімнің оқушыға деген қарым – қатынасы және тәлім – тәрбие жұмысында жетекшіліктің ролі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Негізгі:

  1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573

2.Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367

Қосымша:

3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.

4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994

5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983

6.История зарубежной психологии МГУ1986

7.История советской психологии труда МГУ 1983

8.Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985

9.Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999

10.Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984

Лекция мәтіні.

Кіші топ дегеніміз – тікелей әсерлесу арқылы адамның кішігірім бірлестігі оны сапалық белгілері тұтастық пен байланыстылық т.б.

Көптеген мамандардың пікірінше кіші топтың ең төменгі шегі екі адам (диада), ал ең жоғарғы жиырма адамнан тұрады.

Байланыстылығы орай – топтар алғашқы және кейінгі болып бөлінеді. Кіші топ әлеуметтік ұйымдағы лаборторияның негізгі эксперименталды болғандықтан топтарды жасанды және табиғи деп бөлінеді.

Формальды топ – бұл арнайы формальды келісім шарт пен белгіленген қарым – қатынас сипатындағы топ ( әлеуметтік ұйымдар мен индустриялар)

Формальды емес топ – адамның қарым – қатынасын түсіну, ұнату мен махаббат секілді ішкі қажеттіліктер негізінде пайда болады адамдардың бірігуі.

Адамдар топтық құндылықтардың нормамен бағалардың маңыздылығын топтық референттігі деп атайды. Референтті топтық негізгі қызметтері салыстырмалы және нормативті болып келеді.

Өмір сүру уақытына байланысты топтар уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Индивидтің белгілі бір топқа кіру не кірмеу деңгейіне байланысты топтар ашық және жабық болып бөлінеді.

Тәжірибелік тұрғыдан алып қарағанда ерекше назар аударатын әлеуметтік психологиялық тренинг және психокорекциялық топтар.

Кіші топтың құрылымы бұл адамдар арасында қалыптасқан байланыстың жиынтығы. Топтағы адамның негізгі белсенділігі іс — әрекетпен қарым – қатынас болғандықтан кіші топтарда зерттеу барысында біріккен іс — әрекет нәтижесінде пайда болған байланыспен қарым – қатынас құрылысын ( функционалды ұйымдасқан басқарушылық) және психолгиялық қарым – қатынас сөйлеу барысында пайда болады.

Кіші топтың рөльдік құрылымында топтық рольдердегі бөлудің ерекше мәні бар. Мысалы “топтық мәселені шешу”, “идеялардың генераторы”, “сыншы”, “әрекетке итермелеуші”, “біріктіруші”, “ұйымдастырушы” т.б.

Кіші топтағы лидерлік бұл топтық не оның жеке мүшелерінің құлқынан пікірінен бағасына қарым – қатынасына бір индивидтің әсер етуі. Лидерліктің негізгі белгілері:

  1. Топтық мәселелерді шешудегі жоғарғы белсенділігі мен инициативасы.
  2. Мәселе туралы топ мүшелері және жалпы жағдай туралы ақпараттылығының жоғарылығы.
  3. Топ мүшелеріне ықпал ете алу.
  4. Топтағы әлеуметтік тоқтамдар құндылықтар мен нормаларға мұқтаж қажеттіліктерінің сай келуі.

Жеке қасиеттерінің жоғарғы болуы.